Разработка урока "Мектеп ғимараты"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Куйкалакова Шахарезада Касеновна
|
Сабақтың тақырыбы: Мектеп ғимараты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:тақырып бойынша алған білімдерін толықтыра отырып, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;жекелей, топпен жұмыс істей білу дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.
Дамытушылық:ой-өрісін кеңейту; ауызша және жазбаша тілді дамыту қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік:мектепті, яғни білім ордасын құрметтеп, сыйластыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқытудың әдістері: әңгімелеу , сұрақ –жауап, талдау, тыңдалым, сөйлесу, айтылу, жазылу, тілдесу.
Күтілетін нәтиже: мектеп ғимараты жөнінде өз пікірін айта білу.
Түйінді идеялары: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер әр түрлі деңгейдегі балалардың диалогтік әңгіме, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы қол жеткізетін білім, білік, дағдыларының дамуын көздейді. Берілген жұмыс формалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына, өздерін бағалай білу, реттеу қабілеттерінің дамуына, оқуға деген ынталарының артуына ықпалын тигізеді.
Сабақтың көрнекілігі: сұрақтар, карточкалар
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі
Сабақтың кезеңдері :
І .Ұйымдастыру кезеңі: 1.1.Оқушыларды түгендеу,сабаққа көңіл аударту.
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта мен кезекшімін. Сыныпта кім жоқ? – Сыныпта ... жоқ.
/сұрақ-жауап,кіріспе сөйлесу/
1.Қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар, бүгін сабақта сендер екі топқа бөлініп отырсыңдар.Бірінші топ – «Білімпаздар»тобы; екінші«Тапқырлар» тобы. Топ ішінде сендер өздеріңді бағалай отырып, соңында қорытынды баға шығарасыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 2.1. Оқулық: 26-бет, 5-тапсырма. Кесте бойынша «Мектеп» тақырыбына әңгіме құрастыру.
2.2.Мектеп туралы видео-ролик.
«Мектеп» тақырыбына диалог құрастыру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /тыңдалым, ой қорыту/ Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
3.1.Сөздік жұмыс:
Ғимарат – здание;
Білім ордасы – центр знания;
ұғым –понятие;
ереже – правило;
белсенді – активный;
сауатты – образованный;
мәдениетті – культурный;
міндет – обязанность;
мекеме – учреждение.
1.Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп , аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Сөз тіркестерін құру.
ғимарат
білім ордасы
ұғым
ереже
белсенді
сауатты
мәдениетті
міндет
мекеме
адам
әдемі
басты
көп қабатты
мұғалім
мектеп
үлкен
жақсы
оқушы
Сергіту сәті : Ұлытау Жұмыр қылыш.
3.2. Тыңдалым. Мәтінмен жұмыс. «Мектеп ғимараты» - түсініп оқу, мазмұнын айту.
1) Мұғалімнің оқуы; 2) Әрбір оқушы 1 сөйлемнен оқиды; 3) 1 оқушы толық оқиды;
3.4. Мәтінді пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру:
ІV. Грамматикалық бөлім. Дәптерлеріне бүгінгі күнді жазу:
Наурыздың он алтысы, дүйсенбі
Сынып жұмысы.
Мектеп ғимараты.
4.1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
I-деңгей 1. «Мектеп», «Білім» сөзін септеу
ІІ- деңгей 1. «Мектеп», «Мекеме» сөзін тәуелдеу
III –деңгей 1.Мына сөздердіжіктеңдер: білімді бол, жақсы оқы
І- жақ Мен білімді боламын
ІІ- жақ Сен білімді боласың
Сіз білімді боласыз
ІІІ- жақ Ол білімді болады
І- жақ Мен жақсы оқимын
ІІ- жақ Сен жақсы оқисың
Сіз жақсы оқисыз
2. Ұстаз-...жүрегі.
VІ.Сабақты қорытындылау.
6.1. Өз мектебімізге деген сүйіспеншіліктерін білдіру.
6.2. Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: 7.1. Жаңа сөздерді жаттау. 7.2.Берілген мәтіннің мазмұнын айт
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 41.33 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |