Разработка урока по истории на тему:"Есімдері ерлікпенен жазылған"

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты:

 - оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, париоттық тәрбие беру;

- оқушыларды соғыс туралы мағлұматпен жұмыс жасауға үйрете отырып, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыра отырып, ой-өрісін дамыту;

- оқушыларды  үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге  тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: электронды видео роликтер «Жеңіс», «Хиуаз Доспанова», ҰОС туралы карта, презентациялар «Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы»,  «Қазақтың қос  шынары», «Бауыржан Момышұлы», және т.б. , кітап көрмесі

Қатысушы: 5, 7,9 сынып оқушылары

Барысы:

Жүргізуші: - «Соғыс» деген  сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс (ірісі мен майдасын қосқанда) өткен екен. 4 млрд адам қаза тапқан 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан, екінші дүниежүзілік соғыс. 110 млн адам қолына қару алып, қанды шайқасқа кірген. Қазақстаннан аттанған 1 млн 500 мың адамның 700 мыңы ғана елімізге аман есен оралған.  Бұл соғыс халқымызға төнген ауыр күндер болды. Төрт жыл (1418 күн мен түн) бойы сұрапыл соғыс жүріп жатты.  Сол бір жылдары 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ «Кеңес Одағының батыры» атағын алды.

-          Батыр ұл есімдері сақталады

Жыр болып жүректерде жатталады

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады, - дегендей, Әлия, Мәншүк, Хиуаз, Бауыржан, Қасым сынды батырлардың ерлігіне тағзым ете отырып,  бір сәтке еске алайық. 1 минут тыныштық .

-          Кеңес Одағындағы ҰОС тарихына шолу жасайық. 7 сынып оқушысы Гусманов Нұржан

-          1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер «Барборосса» жоспарына қол қойды. Гитлершілдер КСРО-ға қарсы «Қауырт соғыс» ашып ол 8-10 апта ішінде, қыс түскенге дейін аяқтауға тиіс деп жоспарлады. 1941 жылдың 22 маусымында таңға жуық фашист әскерлері КСРО аумағына соғыс жарияламастан баса көктеп кірді. Германия жағында соғысқа Румыния, Венгрия, Финляндия,  Италия, Славакия, Хорватия әскерлері қатысты. Испания өкіметі кенес – герман майданына еріктілерден құралған дивизия жіберді. Кеңес Одағына қарсы 190 дивизия, оның ішінде 153 неміс дивизиясы жалпы герман қарулы күштерінің 80 пайызы қатысты. Шығыс майданы Е.Д.С. шешуші майданына айналды. Германияның шабуылы Кеңес Одағына өте ауыр тиді. КСРО-ның батыс шекаралық аймақтарында 170 дивизия шоғырланған. Соғыс қарсағында 40 мыңнан астам командир мен саясти қызметкерді қуғын – сүргінге ұшырату Қызыл армияның басшылық құрамын қатты әлсіреткенді. 1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық  жағалауын, Молдавияны, Украинаны, Белоруссияны басып алып, Ленинградты қоршады, Мәскеуге жақындады. Бірақ герман армиясы Мәскеу түбінде тоқтатылды. Осылайша «Қауырт соғыс» жспары іске аспады. 1942 жылдың жазында неміс әскерлері Шығыс майданындағы шабуылын жаңғыртты. Олар Курск, Харьков түбінде кеңес қорғанысын бұзып, Сталиград пен Кавказ өңіріне жақындады. Осы аймақтағы қанды шайқастардың барыснада немістердің үздіксіз шабуылдауға шамасы жетпеді. Сталинград түбінде 1942 жылдың күзі мен қысындағы шайқастың және кеңес армиясының шабуылы нәтижесінде 100-ден астам неміс дивизиясы талқандалды. Германияның одақтастары да ауыр шығынға ұшырады. Сталинград түбіндегі  жеңіс және 1943 жығы жаздағы Курск хтүбіндегі шайқас соғыстың түбірлі өзгерістерін айқындады.

Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті. 1941 жылы қыркүйек айында фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, оны бірден басып алмақшы болды. Алайда кеңес әскерлері жаудың бұл әрекетіне тойтарыс берді. Жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, онымен барлық байланысты үзіп тастады.

Фашистер аштықтан, суықтан қалжыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық пен жзылу, су жүйесін бүлдірді. Қалада азық – түлік жетіспей, аштық басталды. Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ол орталықпен тек қана бір жол арқылы ғана байланыс жасады, жау мұны күтпген еді. Бұл Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды Ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атады. Себебі бұл жолмен қалаға жүк машиналарымен азық – түлік, оқ-дәрі тасылды. Қайтар жолда олар қарттар мен балаларды алып қайтатын. Жол күні – түні күзетіліп жауға берілмеді. 1944 жылы ғана жау қоршауы бұзылып, фашист әскерлері қаладан қуып тасталды.

 

1945 жылы 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтірді. 7 мамырда одақтас әскерлердің бас қолбасшысы генерал Эйзенхауер Реймсте Германияның тізе бүгуінің алғашқы шарттарына, ал 8 мамырда Берлинде маршал Г.Жуковтың төрағалығымен фашистік Германияның тізе бүгуі туралы актісініне қол қойылды. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.84 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 94

Похожие материалы