Развличение праздника на тему "Сиқырлы шарлар"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Шахметова Анар Ералиевна
|
Сиқырлы шарлар
Түрлі-түсті шарлармен жазғы көңілді мереке
Жүргізуші: Түрлі-түсті шарлармен безендірілген, әсем алаңға қош келдіңіздер!
Балалар, қолдарындағы шарларын қандай әдемі.
Олай болса бүгін біз осы шарларға арнап «сиқырлы шарлар» атты мерекемізді бастайық!
Терезеден қағып Карлсон қонаққа ұшып келеді. Оның қолында түрлі-түсті шарлардан жасалған әдемі гүл.
Карлсон: Тоқтаңдар! Мені ұмытпаңдар, мерекені меңсіз бастамаңдар!
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа шатырда тұратын Карлсон ұшып келді.
Карлсон: Сендердің әсем кештеріңде бірге болғым келеді.
Жүргізуші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, Карлсон бізбен бірге мерекені тойласын ба?
Балалар: Иә! (қуана келіседі)
Жүргізуші: Сен Карлсон олай болса тентек болма, әйтпесе ойыннан шығарып жібереміз.
Карлсон: Жоқ, жоқ, жоқ! Олай емес, мен өте көңілдімін, өлең айта аламын, көңілді ойындар білемін, ал сендер ән айту білесіңдер ме?
Жүргізуші: Әрине!
Карлсон: Ендеше маған сендердің балабақша туралы ән айтып беріңдерші.
Ән «Қалқамай»
(Балалардың орындауыңда)
Спанч Боб кіреді: Мына не сұмдық. неге шулап кетті бүкіл балабақша, мені ұйқыдан тұрғызып жібердіңдер ғой (зевает)
Карлсон: Бүл кім тағы келген, сен кімсің? Мен осы балабақшаның шатырында тұрамын, ал сен қайдан келдің?
Спанч Боб: Ал мен осы балалардың досымын.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Спанч Боб, сен бізді кешір, жүр бізбен қоса қуанып демал.
Спанч Боб: Жарайды, ал енді айтыңдар бұл қандай мереке
Жүргізуші: Карлсон, Спанч Боб бүгінгі мерекеміз «Сыйқырлы шарларға» арналған. Бүгін біз сыйқырлы шарлармен қызықты ойындар ойнаймыз, ал сендер қандай ойындар білесіңдер?
Карлсон: Мен көптеген ойындар білемін. Бұл біздің кішкентай балаларымызға арналған ойын. (Оң қолын көтеріп, қолындағы шарларын көрсетеді)
Балалар, мына түрлі-түсті шарлар нағыз шарлар емес, бұл шарларды мен өзім жасағанмын (қағаздан жасалған шарлар) Осы шарлардың түстерін атап беріңдер.
Балалар: қызыл, жасыл, сары.
Карлсон: Ал сол қолымдағы (фланелеграф көрсетіп) жасалған бұл шарлардың жіптері, олар шарлардан ажырап қалған. Шарлардың жіптерін түстеріне сәйкес етіп байлау керек. Мысалы: қызыл шарға қызыл жіп т. б.
Балалар ойынды ойнайды. (Спанч Боб кедергі жасайды, шатастырып).
Спанч Боб: Ал енді мен ойынды көрсетейін! Екі командаға бөлініп балалар тұрады, біреуі сенің Карлсон командасы шарды, ал екіншісі менің командам, кім тез шарды бір біріне береді
Карлсон: Ендеше менің командам шарды қолдарын созып береді, үйткені мен шатырда тұрамын, ал сендер астынан жіберіңдер
Спанч Боб: Бұл неге солай?
Жүргізуші: Сендер ұрыспаңдар, сосын ауысасыңдар
Балалар ойынды ойнайды, (бір команда жеңілгенде екеіншісі төбелес шығарады )
Жүргізуші:Біздің балалар тату болып жүреді, ал сендер неге төбелесесіңдер? Қанекей татуласыңдар. (Екеуі бір бірімен құшақтап, күледі)
Карлсон:Ал, енді нағыз шарлармен ойнаймыз. Бәріміз шеңберге тұрып музыка ырғағымен шарды бір біріне береміз, әуен тоқтаған уақытта, шарды ұстаған бала ән айтып, би билейді, ал басқа балалар қол соғады.
Ойын: «Шарды маған бер»
Ойыннан кейін балалар орындарына отырады, ал Карлсон болса жерге отырып тосапты ауызына салып жей бастайды.
Жүргізуші: Карлсон, сен мына жерде отырып неге тосап жеп отырсын?
Карлсон: Мен көп ойнадым, және көп күшімді жібердім, мен шаршап қалдым.
Жүргізуші: Ал сен осылай әр бес минут сайын жеп отырсаң, ауруға шалдығасың.
Карлсон: Мен тәттісіз өмір сүре алмаймын. Көп тамақ жеуді жақсы көремін. (қарнын сипайды)
Жүргізуші: Тамақсыз да көңіл көтеруге болады. Отырып екеуін демалыңдар
Карлсон: Орындықта отыруға қызықсыз.
Спанч Боб: Ия маған да қызықсыз
Жүргізуші: Сендер бізбен бірге отырып биімізді қайталаңдар. Сендерге ұнайды. Балалар отырып би қимылдарын жасайды. («Балапандар» биін орындайды)
Жүргізуші: Демалдыңдар ма?
Карлсон мен Спанч Боб: Ооо, көп демалдық. Енді көңілімізді көтерейік. Ойын ойнағымыз келіп тұр.
Ойын: «Шар жарылды»
Балалар музыка әуенімен шарларға отырып секіреді (жарылғанша. )
Карлсон: Алақай, алақай қандай көңілді ойын!
Жүргізуші: Карлсон, сен түрлі-түсті шарлардан жасалған әдемі гүл әкелдің ғой!
Карлсон: Ия, мына менің әкелген әр шарым сыйқырлы. (шардан жасалған гүлді перденің артына апарады)
Балалар бірге айтайық: көп сыйлыққа айнал (балалар айтады)
Перденің артынан Сайқымазақ тұрады, қолында түрлі-түсті шарларға байланған кәмпиттер, әкелді.
Жүргізуші: Қымбатты Карлсон, Спанч Боб сендермен бірге біздің мерекеміз өте көңілді өтті, тағы да келіп тұрыңыз.
Карлсон: Жарайды, бір күні қонаққа келемін Сау болыңдар!
Балалар көңілді боп топқа кайтады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 26.64 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |