РЕЛИГИЯ

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы:  Діннің мәні, анықтамасы, әлеуметтік маңызы, шығу тегі, құрылымы және оның жіктелуі мен түрлері. Сабақтын мақсаты: 1.   Білімдік: Оқушыларды діннің адаммен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс екендігі жайлы, оның әлеуметтік маңызы туралы ой қалыптастыру. 2.   Дамытушылық:Дән туралы түрлі түсініктер , оның пайда болуы туралы түрлі ғылыми тұжырымдарды салыстыру негізінде өзіндік ой түйіндей алу. 3.   Тәрбиелік: Діннің пайда болуы , оның мәні туралы пікірлер негізінде дін құбылысына, тарихын танымдық қызығушылық тудыру.   Сабақ типі: жаңа оқу  материалымен таныстыру сабағы. Сабақ құрылымы: 1)   сабақты ұымдастыру кезеңі; 2)   үйге берілген тапсырманың орындалу сапасын тексеру; 3)   жаңадан берілетін білімді  оқулышылардың қабылдауына қажетті бұрынғы меңгерілген білім, біліктерін еске  түсірі; 4)   оқушыларды жаңа оқу материалымен таныстыру ; 5)   оқушыларға берілген жаңа білімді бекіту; 6)   оқушылардың білімін  жуйелеу; 7)   оқушылардың білім сапасын бақылау; 8)   оқушыларға үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру; 9)   сабақ қортындылау; Сабақ қолданылатын оқыту әдістері , әдістемелік тәсілдер: көрнекі баяндау және проблемалы баяндау әдістері ; оны жүзеге барысында ой тастау , пікірлерді жүйелеу , ой тұжырымдау тәсілдері қолдынылады. Пәнаралық байланыс : тархи, қазақ әдебиеті Сабақтың жабдықталуы : тарихи кезеңде мен діннің жіктелу және көрсетілген кесте мен ғылыми тұжырымдар парақшасы , фильмнен үзінді. Сабақтын ұйымдастырылу барысы Тақырыпты оқыту оқушыларды жаңа оқу материалымен таныстыру сабағы ретінде ұйымдастырылады. 1)   Сабақ ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысы, құрал-жабдықтардың дайындығы тексеріледі. 2)   ,3) Жаңадан берілетін білімді оқушылардың қабылдауын қажетті білім, біліктерін еске түсіре отырып  мұғаліммақсатымен оқушыларды пән мақсатымен таныстырады : - Балалар, біздің алға қойған мақсатымыз- дін құбылысын, діннің шығу себептерін , тарихын, ілімінің қалыптасу жолын зерттейтін ғылым – Дінтану жайлы әңгімелейміз. Оқушы зейінін тақырыпқа аудару мақсатында төмендегідей проблемалы сұрақтар қойса болады: - Дін деп не түсінесіңдер? - Ата-анаң қай дін өкілі деп ойлайсың? Өзіңді қай діннің өкілі санайсың ? Ескерту :сабақ соңында оқушылардан өзінің түйінді пікірін жазбаша өткізу ескертіледі . 4)  Оқушыларды жаңа оқу материалымен таныстру жұмысы келесі мәселелерді баяндауға, талдауға,түсіндіруге бағытталады. Мұғалімнің сөзі: « Адамның бойындағы ең басты қасиет – ол таным және сенім . Таным кез келген заттың, құбылыстың мәнін , сипатын, ерекшелігін білу және сезіну арқылы қалыптасады. Адамзат қоғамы тарихында әрбір адам сенімдерінің ең абзалы – Жаратушыға деген сенім болады. Сенім негізінде адамның дүниетанымы қалыптасты. Жаратушыға деген сенім қалыптасқаннан кейін адамдар одан қажетін сұрады , тіледі, құлшылық етті , дәріптеді, соған сай  береді деп үміттенді немесе жаратушының әміріне қарсы келуден қорықты. Сол сенім , іс – әрекеттерді , құлшылықтарындағы жөн – жоралғылар мен салттарды, ережелер мен қағидаларды  бір атаумен жинақтап –«дін» деп атады...» Діннің ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келе жатқанын, ол дами келе адам танымын,сенімін қалыптастырған күшке айналғанын мысал келтіре отырып түсіндіреді.   Жаңа ғасыр өзгерістері , ғылым мен техниканың дамуы діни түсінікке  ықпалы мен әсер, орны жайлы да ой қозғалады. Тақырыпқа орай берілген тапсырманы топта талдай отырып , ортадан бір оқушының  (жолдастары толықтырған) пікірін тыңдауға болады.    5) Жаңа білімді бекіту   6) Жүйелеу жұмыстарын келесі сұрақтар  негізінде орындауға болады: 3- тапсырмада: оқушылардың өзіндік пікірін жеткізуне мүмкіндік берілген. Алдымен оқушылардың пікірінің сауатты құрылыуын ету қажет. Жаңа сабақты бекіту мұғалім мына жағдайларға: бала өз ойын өзгертті ме; ғылыми тұжырыммен келісе ме; жаңа бір ой қалыптастырды ма; назар аудырып , бәріне ортақ бірнеше сұрақтарға жауап алады. Мұғалім оқушының ойына баға беріп , түйнді сөзбен тамамдайды. Түйін сөз : « Дін – адамды туралық пен аділдікке жетелейтін жолдардың бірі»    7)  Оқушылардың білім сапасын бақылауда түйін сөзге байланысты сөйлегісі келген балаға пікірін айтуға мүмкіндік  беріледі . Топтық , жұптық жұмыстар бағаланады.   8) Оқушыларға үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру. Шығармашылық ізденіске негізделген 4 – тапсырманы  орындауды талап етеді. « Дін және мен» , « Дін не үшін қажет?» деген сияқты мұғалім  бірнеше тақырып ұсынады. Мұғалім  тапсырманың орындалу жайын сөз еткенде , оқушылар өздігінен ізденіп  ғалым, ақын-жазушылар сөздерімен толықтырар  болса ,өте құптарлық іс екенін түсіндіріп өтеді.Баланың жазған эссесінен пікір таңдап алынатынын ескертеді.    9) Сабақты қортындылау жұмыстары аралық рефлексия арқылы бүгінгі сабақта оқушы нені біліп ,меңгергендігін , тұрмыстық және әулеметтік жағдайларға осы білімнің қажеттілігін сезінуіне бағытталуы тиіс.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.49 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 161

Похожие материалы