Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі. Қазақ тілі 4-сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Оқушылармен амандасып болғанынан кейін, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді бере отырып сыныпты топқа бөліп алдым. Әр топта үш оқушыдан болғандықтан үштікте жұмыстанатынды. Топқа бөлінген кезде В, А деңгейінде бақылауға алынған оқушылар бір топта болды.  Үй тапсырмасын сұрауда «стикердегі сауал» әдісін қолдандым. Оқушылар өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап берді. Тұсакесер кезеңінде оқушылардың топқа бөлінген парақшаларындағы құрмалас сөйлемге назар аудартып, жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты айқындалып, табыс критерийлерін шығарды. 1-жаттығудың тапсырмасын анықтап, топта құрмалас сөйлемдерді анықтап, көшіріп жазды. Орындаған тапсырмалары арқылы жаңа сабақ бойынша ереже құрастырып, оқулықтағы ережемен толықтырды.  Келесі тапсырманы «Штурман және пилот» әдісі арқылы орындаттым. Өлеңді жаттағаннан кейін штурман өлеңді жатқа айтады, екі пилот тыңдап отырады. Осы тапсырма бойынша «Туған күн» тақырыбына құрмалас сөйлемдер арқылы шағын әңгіме құрастырды.Топтар бір-бірін «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалады. Келесі тапсырмада оқушылар жеке жұмыстанды, құрмалас сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін қойды. «Кір жуғыш машина» әдісі арқылы сергіту сәтін өткіздім. «Ыстық картоп» әдісі арқылы постер дайындады. Постер дайындау барысында А деңгейіндегі Бекзат тобымен араласып, белсенділік танытты. Әр топ постерді қорғау барысында  өздерінің толықтырған тұстарын айтып, өзара бірін-бірі  бағалады. Үйге тапсырма беріліп, «үш өлшемді күнделік» арқылы кері байланыс жасалды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 55.5 Kb
Количество скачиваний: 392
Просмотров: 491

Похожие материалы