Рухани келісім-бірлік пен тұрақтылық кепілі.(шығарма)
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Aжибекова Индира Умирзаховна
|
№ 261 орта мектептің
Тарих пәні мұғалімі:
Әжібекова Индираның
Шығарма жұмысы
Шығарма
Рухани келісім-бірлік пен тұрақтылық кепілі.
Жаңа кезендегі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі-жас ұрпаққа рухани тәрбие беру.Рухани тәрбие ол адамзат баласының бойында болуға тиісті ұғым.Рухани бұл адамның бойындағы тазалық.Ал рухани дәстүр,бұл кез-келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу деп білемін.
Елімізде түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр, олардың тіліне,мәдениетіне, дініне қарамастан,бір тудың астында татулық,бірлікте өмір сүріп жатырмыз.Зайырлы мемлекет бола тұра ,өз дінін ұстанып,өзге дінді құрметтеуге еліміздің әр азаматы мүдделі десек артық айтпаймыз.Бірлігі мен татулығы,тұрақтылығы сақталып келе жатқанелдің ғана болашағыбаянды деген саясатты ұстанған өз халқымыз үшін қазан айының он сегізі «Рухани келісім күні» мерекесі болып белгіленген.
Осы мереке күндері халқымыз « Рухани келісім күні» атты салтанатты мәдени шаралар өткізіп отырады.Осындай іс шаралардан діни төзімділікті нығайту халық арасында бейбітшілік пен татулық, рухани келісімді насихаттау мақсатында пікірлер айтып отыруымыз қажет.Еліміздегі мешіттердің бас имамдары халықты рухани келісіммен дін аралық татулыққа шақырып отырады. «Рухани келісім күні» бұл қақтығыстармен жанжалдарға тоқтау салу күні,татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні.Сондықтан да біз өз дінімізді қадір тұтып,иманға сеніп отыруымызм керек.Біз елімізде ғана емес бүкіл әлемде «дін» мәселесі өзекті болып отыр.Қаптаған діни ұйымдар,түрлі ағымдар,адамдарды адастырып-ақ жүр. Енді ғана өмірге аяқ басқан,оңы-солын дұрыс ажырата алмайтын жастарымызды орта жолдан тайдырып жатыр. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін, бізге үгіт-насихат жұмыстарын көптеп жүргізу қажет деп ойлаймын.Жастарымызды осы кезден бастап тәрбиелегеніміз жөн.Еліміздің болашағы-жастарымызды иманды болуға тәрбиелеу, өз қолымызда екенін ұмытпайық.Алдағы уақытта діни сауаттылықтарын арттыруымыз қажет. Жастарымыз әдет – ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді бойларына сіңіре алса,олар ақыл саналарымен түсіне білсе, еш уақытта адаспаймыз.
Ислам дінін ұстанған қазақ жұртының ежелден ақ салты мен дәстүрі бір-біріне қайшы болмай,толықтырып отырған. Қазақ халқына ислам діні тарағаннан кейін небір ғұламалар аз шықпаған.Өткен ғасырымызда бабаларымыз небір медресселерге барып,білім нәрімен сусындап қайтқан. Алайда олардың бірі де сырттан өзге ағым алып келмеген. Елдегі молдалардың өзі,ел-жұртты қадір- қасиетімен мойындатып, сыртқы күштерге еліктеуіне жол бермеген. Басқа ағым жетегінде жүрген бүгінгі қандастарымыз осыны неге ойламайды екен?
Алла Тағаланың ең жек көретін қасиетінің бірі пендесіндегі тәккаббарлық болып саналады.Тәкаббар болу деген шариғат жолмен айтсақ шайтанға еру деген сөз. Шайтан ол адам бойындағы астамшылықты оятып, дегенін жасатады.Мұндай адам қзін жартылай құдай сезініп, зін өзгелерден жоғары қояды. Түптеп келгенде мұнын бәрі білімсіздіктен шығып отыр.Пайғамбарымыздың өзі «Білімсіздің ұстазы шайтан» деген
Қазақ халқының тәрбиеге тұнған мақал-мәтелін алып қарасақ та, түбі құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне тіреледі.Өйткені адамзаттық тәлім-тәрбиенің иллаһи бастауы исламда жатыр.Ұрпғымыз осы рухани келісім әрқашан бірлік екеніне сенсе деймін. Бірлік бар жерде,тірлік те бар.Әрқашан бірлік тұрақты болып қала бермек.Өз дінімізді сыйлайық,құрметтейік.Біз рухани келісіммбірлік екендігін жақсы білеміз.Өз туған жерімізде рухани мәдениеттің не екеніне түсіне бермейтін жандар бар. Негізгі мәдениет имандылық,адамгершілік, деп түсінемін.Ислам дінімізге де сене бермейтін жандар кездеседі. Сондықтанда дін жайлы көп насихат жүргізсек деймін.Өзіміздің дінімізді тілімізді білмеу ол сауатсыздық.Әдептілік, этика,эстетика, жайлы көп түсіндірсек,сонда ғана жас жеткіншектерімізді адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей аламыз.Рухани келісім-бірлік арқылы шешілетініне көз жеткізе алады. Рухани келісім тұрақты түрде жеткізіліп отыра береді. Мәдениеттілік,имандылық,адамгершілік,ибалылық,адалдық барлығы осы рухани келісімге жатады. Адам баласы өмірде осы айтылған нәрселердің барлығын бойына сіңіре білсе, ол нағыз иманды адам болып саналады.Басқа ағым жетегінде кетпеу, ол адамзат баласының өз қолында.Сондықтан біріншіден ислам деген сөзге жетік түсініп алуы тиіс.
Қорыта айтқанда:Ислам дініміз бар жерде рухани келісім де,бірлік те,тұрақтылықта болады.Біз өз тілімізді,дінімізді құрметтейік.Рухани бірлікке өз сенімімізді білдірейік.Жас ұрпағымызды жаман ағымдармен уламай,исламға деген сенім құрметтерін арттырайық.Рухани мәдениеттілікті жетік түсіндіре алайық. Жас ұрпақтың тағдыры өз қолымызда екенін ұмытпайық.Оларды тәрбиелеуде өз қолымызда, сондықтан ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайық әріптестер. Оларды еліміздің тізгінін ұстар азамат етіп тәрбиелеу біздің қолымызда екенін ұмытпайық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 33.5 Kb |
Количество скачиваний: | 47 |