Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»

Предмет: Химия
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Оқушылардың өткен тақырыптағы білімдерін  жүйелеу, тұздардың құрамымен,қасиеттерімен таныстыру,химиялық формула мен теңдеу құру,есеп шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушылардың белсенділігін  арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру. Оқушыларды  ізденімпаздыққа,жауапкершілікке,ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу. I.       Ой қозғау сұрақтары: қышқылдар дегеніміз не, қалай жіктеледі, қолданылуы? II.    Қышқылдарды табу. (интерактивті тақтада Activ Studio программасы негізінде дайындалды) III. Химиялық лаборатория қалташаларынан химиялық ыдыстарды таңдап алып, берілген тапсырмаларды орындайды. Химиялық ыдыстардың атауын айтып өтеді. 1. Қышқылдардың алынуы (колбаның суретінде – оттекті, оттексіз қышқылдардың алыну жолдарын көрсет) 2. Химиялық қасиеті(сынауықтар суретінде – қышқылдарға қандай химиялық қасиеттер тән, реакция теңдеуін жаз) 3. Реакция теңдеулерін аяқтаңдар. Na2CO3 + 2HCl → NaCl + H2CO3 NaOH + HCl→NaCl + H2O Fe(OH)3 + 3HNO3→Fe(NO3)3 +  3H2O Mg + H2SO4→MgSO4 +  H2↑ Тәжірибе «Сиқырлы құмыра» құмырада жүрген реакция типі  бейтараптану реакциясы. Яғни тұз түзіледі.  Тұздар дегеніміз – молекуласы металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.  Тұздарды қышқыл құрамындағы сутек атомдарының орнын металл атомдары немесе негіздегі гидроксотоптың орындарын қышқыл қалдықтары басқан өнім деп қарастыру қажет. Сол себепті тұздарды төмендегіше жіктейміз: 1.      Орта тұздар – қышқыл құрамындағы барлық сутек атомдары металл атомдарымен алмасқан. KNO3, CaСl2   Орта тұздардың аталуы металл атауы мен қышқыл қалдығы атауынан тұрады. 1.      Қышқыл тұздар – қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған. NaHCO3, CaHPO4 –кальций гидрофосфаты. Қышқыл тұздарды атау үшін қышқыл қалдығының алдына гидро сөзі қосылып айтады. 2.      Негіздік тұздар – негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмаған.  Zn(OH)Cl, Al(OH)SO4 негіздік тұздарға гидроксо сөзі қосылып айтылады. 3.      Қос тұздар -   қышқыл құрамындағы сутек атомдарының тобын екі түрлі металл атомдары басқан кезде түзіледі.   KAl(SO4)2 Суда жақсы еритіндер NaCl, KNO3 Ерімейтіндер BaSO4, MgCO3 Тұздар Аз еритіндер CaSO4, PbCl2               Тұздарды алу жолдары (карточкалар арқылы 2 оқушы тақтаға жазады) 1) Металл мен бейметалдың әрекеттесуі:     Мg + Сl2 = МgСl2 2) Негіздік оксид пен қышқылдық оксидтің әрекеттесуі:   МgО + ЅО2= МgЅО3 3) Негіздік оксид пен қышқылдың әрекеттесуі:                    СаО+ 2НСІ = CāCl2 + H2О 4) Қышқылдық оксид пен негіздің әрекеттесуі:   СО2 + Са (ОН)2 = CаCO3 + H2О 5)Қышқыл мен негіздің бейтараптануы: H2SО4+2NaОH =Νa2ЅО4+H2О 6) Тұз бен қышқылдың әрекеттесуі:  ВаСІ2 + Н2ЅO4 =BaЅО4↓+2HCI 7) Тұз бен тұздың әрекеттесуі:  BaCI2 +Na2SО4=BaSO4↓+ 2NaCI 8) Тұз бен сілтінің әрекеттесуі: CuЅО4+2NaОH= Na2ЅO4+ Cu(OH)2↓ 9) Металдың қышқылмен әрекеттесуі:Zn +2HCl =ZnCl2 +H2 10) белсендірек металл мен тұздың әрекеттесуі: Сu + НgCI2=CuCI2+ Hg Химиялық қасиеті (тәжірибе көрсетемін, сол арқылы 1 оқушы тақтаға жазады). Тұздарға 5 түрлі химиялық қасиет тән. 1.Тұздар металдармен әрекеттеседі:  Fe + CuCl2=FeCl2 + Cu 2.Тұздар сілтімен әрекеттеседі:СuCI2 +2NaOH=2NaCI+Cu(OH)2↓ 3. Қышқыл мен тұз әрекеттеcеді:   Pb(NO3)2+H2SO4=PbSO4↓+HNO3 4. Тұздар бір–бірімен әрекеттеседі: CaCl2+Na2CO3=CaCO3+2NaCI 5. Кейбір тұздар қыздырғанда айырылады. СаСО3 →CaO+CO2 Қолданылуын слайдпен суреттерді топтастырып түсіндіремін. Тірі жасушаларда, жүйке, сүйек және ет ұлпаларында тұз ерітіндісінің маңызы зор. Тұздар өнеркәсіпте, медицинада дәрі – дәрмек өндіру және бояу, улы химикаттар алу үшін .кеңінен қолданылады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 49.98 Kb
Количество скачиваний: 132
Просмотров: 463

Похожие материалы