Сабақ жоспары. Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауыстылар. Көкемнің ақылы. 1-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Шниязова Динара Есетовна
|
Ана тілі 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке дауыстылар. Көкемнің ақылы.
Сабақтың мақсаты:
1.Өзара ұқсас жұп дауыстылар жайлы білімдерін бекіту. Жаттығулардыпысықтау. «Көкемнің ақылы» өлеңін оқып, оның негізгі идеясын ашу.
2.Өлеңді дұрыс,түсініп оқуға машықтандыру. Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың іскерлік,танымдық қабілеттерін арттыру, көркем жазуға баулу.
3. Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: ізденіс,өзіндік жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,сабақтың мазмұнына сәйкес келетін суреттер,сызба
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Сабаққа назарын аудару.Құрал-жабдығын ретке келтіру.
-Психологиялық дайындық.
1,2,3- сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Біз сабақты бастаймыз.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
«Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын айту, талқыға салу.
«Ой ашар» бөлімі. Тақтаға шие, таға ,ата, ұста - суреттерін іліп, Осы суреттер бойынша не айтуға болатынын сұрау. Балалардың жауаптарын толық алу.
III.Ой қозғау
Суретпен жұмыс
Суреттерді атау, қандай дыбыстан басталып тұрғанын айту.
Дауысты дыбыстар туралы еске түсіру
Дауысты дыбыстар: жуан(а,о,ы,ұ) жіңішке(ә,і,ү,ө,е)
Ереже айту.
ІV. Жаңа сабақ:
50-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.1. Д... рігер ауруға д...рі берді.2....скер күзетте тұр.
3. Әбішұлы Әріп-т..ртіпті, ұқыпты оқушы.Әріп д..птерлерін таза ұстайды.4. Әсем с...нді киініп жүреді.4. ә жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?Дыбысталу ерекшеліктерін байқаңдар.
Сергіту сәті
Топтық жұмыс
3 топқа тапсырма беру
Берілген әріпке сөз ойлау, суретін салу, сөйлем құрау, әр топтан 2,3 бала шығып қорғайды.
Оқулықпен жұмыс.
51-жаттығу Сөздерді салыстырып оқыңдар.От-өтОр-өрОн-өн2. Сөз жұптарындағы о, ө дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау3. сөздерді жуан, жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.
«Көкемнің ақылы» Өлеңді мәнерлеп оқып әке тілегін теріп оқып, мәнін түсіну
«Көкенің ақылы» топтастыру
Әр түрлі мамандық иелерімен таныстыру.Әңгімелесу.
Жаңа сабақты бекіту
Топтық жұмыс «Адасқан әріптер»
Үлкенге құрмет – кішіге міндет Мақалдың мәнін түсіндіру
Өлең оқу 62 бет
V. Үйге тапсырма, бағалау:
Өлеңді мәнерлеп оқып келу. «Өскенде мен...» тақырыбына әңгіме жазу, 62-беттегі өлеңді жаттау
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 8.34 Mb |
Количество скачиваний: | 13 |