Сабақ "Мен жүгіруді ұнатамын"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Шипина Алия Асылбековна
|
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен жүгіруді ұнатамын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өткізіліп отырған тақырып бойынша оқушылардыңсөздік қорын қалыптастыру.
Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.сөздік қорын байыту.
Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Оқу бағдарламаларында жеке пәндердің оқу материалдары басқа пәндердің тақырыптарымен өте тығыз байланыста. Осы орайда, сабақтың спортқа байланысты пайдаланып, оқушыларды салауатты өмір салтына баулу арқылы спорттық тәрбие беруге мүмкіндік туады. Осындай сабақтардың танымдық міндеттері басқа пәндердің мазмұнын пайдалануды қажет етеді. Сондықтан да, кіріктірілген сабақ түрін таңдадым.
Сабақ мұғалімнің шығармашылығы болғандықтан кез келген ұстаз өз сабағында білімділік, дамытушылық, тәрбиелік нақтылығына назар аударады. Тақырып бойынша қолданған көрнекі – құралдар: интерактивті тақта, слайд, сызба, нұсқалар, оқулық. Сабақтың өткен сабақпен байланысы сөзжұмбақ арқылы толық жауап беру. Сабақ - күрделі процесс . Сол себепті бірнеше кезеңдерді қамтиды.
- ұйымдастырушылық кезең.
- жаңа тақырып бойынша оқушының білім, білік, дағдысын тексеру.
- оқушылар алдында мақсаттар қою.
- жаңа мәліметті қабылдау және түсіну.
- өткен сабақ пен бүгінгі сабақты байланыстыру кезеңі.
- түсінгенді жаттығулар жасай отырып, тексеру.
- сабақ материалын жалпылау және өткен материалдар құрамына енгізу.
- оқушы әрекетін бақылау, оқу әрекетінің нәтижесіне бақылау жасай отырып, бағалау.
- сабақты қорытындылау. - келесі сабаққа үй тапсырмасы. - бағалау кезеңі.
Тәрбиелік: оқушыларды салауатты өмір салтына баулу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 579 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |