Сабақтың жоспары Пән: Қазақ тілі 2 сынып

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор: это Вы?

🎓 Помощь в написании уникальных работ для студентов

✍ Тема работы

Тип работы

E-mail

Телефон


Отправляя запрос, вы соглашаетесь с политикой конфиденциальности

Сабақтың  жоспары

Пән: Қазақ тілі

Сынып:2

Сабақтың тақырыбы:  Мен атама көмектесемін.

Сабақтың мақсаттары: Отбасылық көмекке шақыратын тақпақпен таныстыру, байланыстыра сөйлеу, жатқа айту дағдыларын арттыру.

а) Білімділік:  тақпақ туралы айта алу,тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту, барыс септігінің жалғауын қолдана алуын үйрету.

ә)Дамытушылық: сабақ барысында  меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарды орынды қолдана алу.

б)Тәрбиелік:  ата-әжесі, әке-шешесіне, аға-бауырларына көмектесуге,қамқор болу сияқты қасиеттерді бойына сіңіру.

Оқыту нәтижесі:

1.Тақырып бойынша әңгімелеп, отбасы мүшелеріне көмектесетіні туралы  айта алады.

2.Жаңа сөздерді қолдана отырып әңгімелей алады, тақпақ туралы мәтін құра    й алады.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жаңа сөздер, сызба, суреттер

Әдіс-тәсілдері: СТО әдістері, ой қозғау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, Блум Таксономиясы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

    Міндеттері:

   Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

   Оқушыларды қарым- қатынасқа психологиялық дайындау

   Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

   Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексперу кезеңі

    Міндеттері: Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру

    Кемшіліктері мен қателерді анықтау

    Оқушылардың оқу мотивациясын қамтамасыз ету

    Сабақ мақсатын анықтауда оқушымен бірлесе іс- әрекеттерді кірістіруді

қамтамасыз ету.

    Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру

3. Топқа бөліну  (геометриялық фигуралар арқылы)

4. Жаңа тақырып: Миға шабуыл.Сурет бойынша  әңгімелеу

1. БІЛУ: -Суретте не бейнеленген?

  -Сендер демалыс күнін қалай өткізесіңдер?

                   Атаңа, анаңа қалай көмектесесің?

2. ТҮСІНУ: Сөздік жұмысы

а/атама- дедушке        көмектесемін-помогаю    тақпақ - стихотворение

            әжеме- бабушке       кімге? -  кому?                  бәріне - всем

ә)Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.

3. ҚОЛДАНУ:   1-тапсырма. Толықтырып айт,жалғауларын дұрыс жалға.

4.ТАЛДАУ:    2-тапсырма.Барыс септігінің жалғауын дұрыс қолдану.

Ата- ға,    әже - ге,     ана - ға,      бәрі – не,  қарындасы - ма

5.ЖИНАҚТАУ:  4-тапсырма. Тақпақты оқу.

        4-тапсырма.  - Тақпақ  қалай аталады?

                            -  Тақпақ не туралы?

                               -  Кімдерге көмек керек?

   6. БАҒАЛАУ:  Оқушылардың тақырыпты меңгеру сапасын анықтау.

        5 -тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

5. Үй тапсырмасы

     Міндеттері:оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын,мазмұнын, орындау  тәсілдерін түсіндіру

 Тақпақты жаттау. Сен кімге көмектесесің? сұрағына жауап беру.

6. Рефлексия кезеңі:

- Бүгінгі сабақта нені білдің?

     - Не түсініксіз болды?

 

     - Көңіл-күйің  қандай?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.97 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 188

Похожие материалы