Сабақтың тақырыбы: Ағаш ек

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы : Ағаш ек

Сабақтың мақсаты:Мәтін мазмұнын түсіну және білуге құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі:

Ресурстар: оқулық,дәптер,ватман,маркер, стикер, ағаш суреттері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, балалар. Екі шеңберге тұрайықшы үй жұмысын тексеруге. Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге сұрақ қояды.

Ағаштың суреті арқылы 2 топқа бөлу.Әр оқушыға алма ағашының суретін беру. Әркім ағашқа өз көршісінің атын жазып қояды да, бағалап отырады. Қызыл алма піскен алма ( сұраққа жауап беріп, сабаққа жақсы қатысса), жасыл алма шала піскен алма (сұраққа толық жауап бермесе, сабаққа жақсы қатыспаса), көк алма піспеген алма ( сұраққа жауап бермесе, сабаққа қатысып отырмаса).

 Кезекпен тақтаға шығып мозайка құрастырайық. Әркім өз аты жазылған бір бөлікті алады да , өзіне тән қасиетті айтады. Бөлікті ватманға жапсырып бір сурет шығаруымыз керек.

- Ненің суреті шықты?

- Ағаш.

- Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар ?

- Ағаш туралы.

- Дұрыс айтасыңдар .Бүгінгі сабағымыз ағаш туралы болмақ. Ағаштың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Балалардың жауаптарын тыңдау.

-          Ендеше балалар бізге берілген оқулықтағы мәтінді тыңдайық, өздеріңнің айтқандарыңмен  салыстырып отырыңдар.

Мәтінді өзім оқимын. Кідіріс жасап отырып, оқушылардан сұрап отырамын сендердің айтқандарыңмен сәйкес келе ме деп.

Топтарға тапсырма беру. Постер жасау

1-топ: ағашы жоқ жердегі адам өмірі

2-топ: ағашы бар жердегі адам өмірі.

Әр топқа веер әдісі арқылы сөйлейтін оқушыны табу.(Әр топ өз постерін қорғайды)

-          Балалар, орманды кімдер қорғайды?

-          Орманшы.

-          Дұрыс айтасыңдар. Орманшы орманды қалай қорғайды? Қазір сендер әркім өз дәптеріне өзін орманшымын деп ойлап, орманшының ережесін құрастырады. Содан кейін топта талдап, топпен ортақ бір қағазға орманшының ережесін жазамыз.

Қорытынды:

Бағалауды сұрау. Неге олай қойдың, қандай алманың суретін салдың ?

Рефлексия не білдің? Не ұнады? Не білгің келеді ?Стикерге жазып, ағашқа жапсыру.

 

Үй тапсырмасы: мәтінді оқып келу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.21 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 126

Похожие материалы