Сабақтың тақырыбы: Қайырымды қоян.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Айтқалиева Гулнафис Төремұратқызы
|
Сабақтың тақырыбы: Қайырымды қоян.
Сабақтың мақсаты:
1) Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
2) Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: қайырымды.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Дәптермен жұмыс:
Педагог «Қайырымды қоян» ертегісін оқып таныстырады (67-68 беттерден қарау). Сұрақтар:
- Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді?
- Бала қонаққа кімдерді шақырды?
- Әкесі баласына не үшін ұрысты?
- Бала жылап отырғанда көмекке не келді?
- Қоян қандай қайырымдылық жасады?
- Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің. (Қимылмен көрсетеді.)
Дидактикалық ойын: «Досым - менің мақтанышым».
Ойынның шарты: Балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.
- Елжан, сен менің мейірімді досымсың.
- Жайна, сен ақылды қызсың. Осылайша ойын жалғаса береді.
Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін ашып, қоянның қандай жақсылың жасағанын айтып береді.
Мақал жаттау: «Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды».
Қорытынды:
- Балалар, Қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 47.85 Kb |
Количество скачиваний: | 55 |