Сабақтың тақырыбы: Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп.

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:  Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Электроскоп.

Білімділік мақсаты:  

  Зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі мен қозғалысын туындайтын құбылыстармен таныстыру.Алынған теориялық    білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктіліктер  дағдыларын қалыптастыру.Терең де тиянақты білім беру.

 

Тәрбиелік мақсаты:     

Білімге деген қызығушылыққа, жолдастық сезім, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

 

Дамытушылық   мақсаты:             

Логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін

дамыту

Сабақтың түрі:              жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі:              Түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:                      үлестірмелі қағаздар, тірек сызбалар, жабдықтар, т.б..

Сабақтың барысы:    

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Амандасу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа даярлығын тексеру.

Оқушылардың көңіл-күйін бақылау

Бүгін бізде ашық сабақ, сондықтан бір-бірімізге бұрылып жылы лебіздерімізді білдірейік

ә) сабақтың мақсатын хабарлау.

2. Үй тапсырмасын тексеру «Сұрақ - жауап»

  1. Жылу мөлшерінін өлшем бірлігі Ньютон? Жоқ
  2. Жылулық қозғалыс дегеніміз бұл броундық қозғалыс? иә
  3. Екінші ретті «мәңгі» қозғалтқыш жасау мүмкін бе? жоқ
  4. Термодинамиканың 5 заңы бар? жоқ
  5. Адиабаталық процесс бұл жылу алмасу жоқ кезінде болатын процесс? иә

 

3. Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушыларға тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қоямын.

а)  Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)

ә) Синтетикалық киімді шешкенде нені байқайсыңдар?

( шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)

б)  Мысықты сипағанда? (шытырлаған дыбыстар естіледі)

в) тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.  

І. Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған.  Біздің заманымызға дейін 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды  теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартанын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген.

             «Янтарь» - Жер бетінде әлденеше жүздеген мың жылдар бұрын өсіп-өрген қылқан жапытарқы ағаштардың қатып тасқа айналған шайыры.   Грек тілінде «янтарь» -электрон дегенді білдіреді. Гректер осы шайырды «электрон», ал оған қатысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне  басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. «Электрон» сөзінен  «электр» деген сөзі шықты. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атаған.

Тәжiрибеге сүйенейiк. Шыны таяқшаны алып қағаз түйiршiктерiне жақындатайық. Бiз ешқандай өзгерiс болмағанын көремiз. Бұдан қалыпты күйде басқа заттар сияқты шыны да электрлiк бейтарап болатындығын көремiз. Ендi шыны таяқшаны қағазға үйкегеннен кейiн, тағы да қағаз түйiршiктерiне жақындатамыз. Бiз олардың таяқшаға тартылатынын көремiз. Осыған ұқсас құбылыс құрғақ шашты тарағанда да байқалады. Шаштың тараққа тартылуы да электрлену нәтижесi болып табылады

Электрленген таяқшаны жіңішке су ағынына жақындатып, тек қана қатты денелер емес сұйықтардың да тартылу қасиетiне ие болатындығына көз жеткiзуге.

 

ІІ.  Денелердің электрленуі құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде ғана байқалады. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардан байқаған боларсыңдар. Күнделікті өмірде мұндай құбылыстар жиі кезедеседі. Көп жағдайда жанасқан заттардың бір-біріне тартылатындығын байқауға болады.  Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электр күштерінің тартылысы пайда болады. Бұл құбылыс үйкелу арқылы  электрлену  деп аталады.

Үйкеліс арқылы электрлену нәтижесiнде екi дене де электр зарядын алатынын есте ұстау керек.Мысалы, шыны таяқша мен резина үйкелгенде шыны да, резина да электрленедi. Демек, резина да шыны таяқша сияқты өзiне ұсақ денелердi тарта бастайды (3-сурет).

Денелердi электрлеу үшiн бiр-бiрiне жай ғана бiр рет тигiзу жеткiлiксiз. Денелердi бiр-бiрiне қатты қысып үйкелеу керек. Сол кезде олардың арасындағы ара қашықтық азайып, беттесу ауданы ұлғаяды.

Денелердің электрленуі тек үйкелу арқылы ғана пайда болмайды. Үйкелу – денелердің жанасып, ажырау процесі.

Денелер соқтығысқанда және жарылыс кезінде де электрленуі мүмкін. Қолымызды электрленген затқа немесе iстеп тұрған телевизор экранына, экран бетiнде электр заряды бар, жақындатқанда шытырлаған дыбыс естуге болады, ал қараңғыда кiшкентай ұшқындарды көруге болады. Бұл да электрлiк құбылыс көрiнiсi.

Үйкеліс кезiнде пайда болатын электр зарядтарын кейде статикалық электр деп атайды.

ІІІ.  Жоғарыда қарастырылған құбылыстар электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлі өзара әрекеттесу қабілетіне ие болатындығын дәлелдей түседі.  Денелердің осы қасиетін  электр заряды  деп аталатын  физикалық шамамен сипаттайды. Денелердің  өзара электрлік  әрекеттесу қабілетіне ие болуы –олардың электрленуі деп аталады.

Бұл мысалдардың барлығы, беттерарасындағы  үйкеліс нәтижесінде электр зарядының пайда болатынын  көрсетеді. Әр жағдайда екі денеде қарама –қарсы зарядтарының бірдей мөлшері пайда болады.   

 

5. Опыт с воздушными шариками. Электр зарядтарының өзара әрекеттесу сипатын анықтайық.  Мынадай шағын тәжірибе жасап көрелік. Жіңішке жіпке екі жеңіл бузин шарларын іліп қоялық. Оларға жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізейік, шарлар бір-бірінен тебіле бастайды. Шарлар таяқшадан да тебіле бастайды.

            Сонымен, электрленген таяқшадан екі шар да бірдей электр зарядына ие болады. Мұндай бірдей электр зарядтарын  аттас зарядтар деп атайды.  Демек, электрленген аттас зарядтар бір- бірінен тебіледі. Бұл қорытындыны эбонит таяқшаны сол шарларға тигізгенде де олардың бір-бірінен тебілуі арқылы дәлелдеуге болады. Егер шарлардың біреуін теріге үйкелеген эбонит таяқшаны тигізіп, ал екіншісіне жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізсе, онда олар бір-біріне тартылады.

   

 

 

 

 

 

Осы тәжiрибелер табиғатта электр зарядының екi тегi болатындығын көрсетедi.

Жiбекке үйкелген шыныда пайда болған заряд тегi оң (+) деп, ал жүнге үйкелген янтарьда пайда болған зарядты терiс (–) деп атаған.

             Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда пайда болған зарядтар шартты түрде теріс (-), ал жібекке немесе теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+) деп аталған.  (Оң заряд1  электронды оқулық)

 Оң және теріс зарядтардың болуы үйкелген денелердің электрлену табиғатын түсінуге мүмкіндік береді. Эбонит таяқшаны жүн матаға үйкегенде –теріс заряд, ал жүн мата  мөлшерде-оң заряд алады.  Бұл зарядтар жоқтан пайда болмайды және ешқайда жоғалып та кетпейді. Олар өзара жанасатын денелерде  болады. Екі зарыдтың беттік жанасуынан зарядтар бір денеден екіншісіне немесе оның белгілі бір бөлігіне беріледі.

            Эбонит-жүн, шыны-жібек сияқты денелердің жүйелері басқа қоршаған денелермен әрекеттестпейді деп есептейік.

 

6.      Топтық жұмыс «Қарапайым тәжірибе – білім негізі»

1.      «Жабысқыш шар»

Қажетті жабдықтар: шар, жүн, жиде

    Тәжірибе барысы: 1. Шарды үрлеп, оны өзіңнің жейдеңе 10 рет үйке.

Шарды жейдеңе тигізіп ұстап, біразден соң қоя бер. Не

байқалады? Себебін түсіндір.

2. «Секірмелі қағаздар»

          Қажетті жабдықтар: Металл қалбыр, қағаз қиындылары, шыны, жібек шүберек.

  Тәжірибе барысы: Металл қалбырдың үстіне кішкене қағаз қиындыларын салыңдар.

Шыныны жідек шүберекпен сүртіп, оны қалбырдың үстіне абайлап қойыңдар. Не байқалады? Неліктен?

3. «Жүзгіш мата»

         Қажетті жабдықтар: Пластмасса сызғыш, мақта, жүн мата:

             Тәжірибе барысы: Пластмасса сызғышты электрлеңде. Оның үстіне жақсы түтілген бір шымшым мақтаны қойып, ұшырып жіберіңдер де, сызғышты оның астына әкеліңдер. Егер сызғыш жақсы зарядталған болса, онда мақта үстінде «жүзіп» жүреді. Осы құбылысты түсіндір.

4. «Секіргіш қағаз қиындылары».

                   Қажетті жабдықтар: Пластмасса сызғыш, құрғақ қағаз, қағаз бөліктері.

             Тәжірибе барысы:  Пластмасса сызғышты құрғақ қағазға үйкелеп, майда кесілген қағаз бөліктеріне жақындатса, олар тартылады. Неге? Себебін түсіндір.

7.      Дарынды балалармен жұмыс

Электроскоп. Электр зарядының бөлiнуi

а

б

 

І. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскопдеп аталады. Электроскопта ұшына екi жеңiл жапырақша iлiнген металл өзекше, металл сақинаға кигiзiлген пластмасса тығын арқылы өткiзiлген. Металл сақинаның екi жағы да шынымен жабылған.

Электрленген таяқшаны электроскоптың өзекшесiне тигiземiз. Жапырақшалар таңбасы бiрдей зарядтар (таяқшадағы заряд) алып бiр-бiрiнен ажырайды (8, б-сурет). Жапырақшалардың ажырау бұрышы, оларға берiлген зарядқа тәуелдi. Оларға берiлген заряд неғұрлым көп болса, олар соғұрлым күштiрек тебiледi, демек соғұрлым үлкен бұрышқа ажырайды. 

Электрометр          

Құрылысы басқаша болып келетін электроскоптарда бар. Суретте электрометр деп аталатын тағы бiр құрал көрсетiлген. Мұнда жапырақшалар орнына бағыттауыш орнатылған. А өзекшеге (немесе, сол өзекшеге орнатылған металл шарға) заряд берiлгенде, оның бiр бөлiгi В бағыттауышқа өтедi. Өзекшеден тебiлген бағыттауыш белгiлi бiр бұрышқа бұрылады. Осы бұрыштың өзгерiсiне қарай электр зарядының көбеюiн немесе азаюын бақылауға болады.

Егер зарядталған дененi (мысалы, электрометр шарын) қолмен ұстаса, онда ол дене разрядталады. Электр заряды қолымыз арқылы денемiздiң бетiне таралады. Тура осы жағдай электрометр шарына тiкелей қолмен емес металл сызғышпен тигенде де қайталанады.

Оларды оқшаулағыштар (грек тілінен-оңашалану) деп атайды. Диэлектриктерден оқшаулағыштар ( изоляторлар ) жасалады.

- Дәптермен жұмыс

            А) Тақтадағы сызбаларды сызу

            ә) Оқулықтан   анықтамалар жазғызу. (Назар аудар, есіңде сақта)

Топтарға тапсырма беріледі.

 

8.  Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.

9. Бекіту кезеңі.

Пысықтау :   Тақырыптық тест

1. Үйкелген дененің   басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?

                      А.  Англия

                      В.  Греция

                      С.  Ресей

2. Янтарь грек тілінен аударғанда қандай мағана білдіреді?

                      А. Элементар

                      В. Электрон

                      С. Эбонит

3. Бір-бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысы не деп атайды?

                      А. Денелердің электрленуі

                      В. Денелердің әсерлесуі

                      С. Денелердің беттесуі

4. Аттас зарядтар бірін-бірі

                      А. Тартады

                      В. Тебеді

                      С. Еш әрекет болмайды

5. Электр зарядының неше тегі бар?

                      А. Екі. Оң заряд

                      В. Бір. Теріс

                      С. Екі. Оң және теріс

 

6. Электр зарядының сақталу заңы

                      А.

                      В.

                      С. 

 

7. Денелердің электрленгендігін білуге арналған прибор

                      А. Динамометр

                      В. Калориметр

                      С. Электроскоп

 

8. Электр заряды еркін қозғала алатын заттар не деп аталады?

                      А. Өткізгіштер

                      В. Жартылай өткізгіштер

                      С. Диэлектриктер

 

9. Электр заряды еркін қозғала алмайтын  заттар не деп аталады?

                      А. Өткізгіштер

                      В. Жартылай өткізгіштер

                      С. Диэлектриктер

10.  Жүнге үйкелген янтарьда болатын заряд.

А. Оң заряд

                      В. Теріс

                      С. Оң және теріс

Сабақты қорытындылау:

Рефлексия

Үй жұмысы: Параграф 28,29. 108 бет

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 90.5 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 129

Похожие материалы