Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Кері есептер.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Тесты
Автор:

Білімділік мақсаты: кері есептер үштігін құрастыру

Дамытушылық мақсаты: кері есептерді шешу дағдыларын арттыру

Тәрбиелік мақсаты: ұғымдардың ерекшеліктерін ажырата алуға үйрету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Тірек білімдерін жетілдіру.

1)    «Сандардың көршісін ата» немесе «Үйлерге орналастыр» ойыны.

-       Үйге 10отбасы  қоныстануы тиіс. Барлығы 7отбасы келді. Тағы қанша отбасы көшіп келуі керек?

2)    «Қай мысал шешілді?» ойыны. Мысалдарды тақтаға жазылады:

5+2                    4+6                 6-6               10-3

8+2                    7+1                 8+1              6-2

     Мұғалім мысалдардың бірінің жауабы жазылған карточканы көрсетеді де, осы жауапқа сәйкес келетін мысалды көрсетуді сұрайды.

3)    Жаттығуларды ауызша орындау.

-       Шатырда жеті антенна бар. Электр маманы оның төртеуін ғана бекітті. Қалғандарын оның ағасы бекітті. Ағасы қанша антенна бекітті?

-       Үш лақ тату-тәтті өмір сүріп жатты. Оны үйдегі бес жаутаңға бір-бірден үлестірмек. Сонда түлкі қанша саңырауқұлақ әкеле жатыр?

-       Ауылда жапырақтары жайқалып 7 емен және 3 қайың өсіп тұр. Сонда барлығы қанша ағаш? Жақсылап санап шығыңдар.

4)    «Математикалық диктант».

-       7-ге 2-ні қос.

-       Бірінші қосылғыш - 5, екінші қосылғыш -3. Қосындының мәнін тап

-       Азайғыш - 10, азайтқыш – 3. Айырманың мәнін тап.

 

-       9-ды 4-ке кеміт.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 46.65 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 108

Похожие материалы