Сабақтың тақырыбы: "Жұқа линза формуласы" (8 сынып)

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қысқа мерзімді жоспар

                                                                                                                                     

 

Сабақтың тақырыбы:

Жұқа линза формуласы.

Зертханалық жұмыс «Линзаның фокустық қашықтығын анықтау»

Мектеп: НЗМ

Уақыты:

Мұғалім:

Сынып: 8

Оқушы саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың оқу мақсаттары

 

- жұқа линзалардың (жинағыш және шашырағыш) жарық сәулесіне әсерін сипаттау;

- жұқа линзаның көмегімен алынған кескіндердің

қасиеттерін сипаттау (шын және жалған, тік және

 төңкерілген, үлкейтілген және кішірейтілген);

- сызықтық ұлғаю түсінігін анықтау, ұлғайтудың белгілі мәні үшін фокус аралығын анықтауға арналған шкалалар диаграммасын сызу (тек жинағыш линзалар үшін);

- жұқа линзаның көмегімен объектінің кескінін алуды көрсету үшін сәулелер диаграммасын сызу;

 

4

 

Сабақтың міндеттері

Оқушылар орындай алуы керек:

- жарықтың сынуының қарапайым мысалдарын бақылау.

- терминдерді анықтау және қолдану:нормаль, түсу бұрышы және сыну бұрышы.

- ауадан шыныға өткен және шыныдан ауаға өткен сәуленің жолын қадағалау.

- түсу және сыну бұрыштарын өлшеу және анықтау.  

Тілдік мақсаттар

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулесінің жылдамдығы өзгереді. Оның нәтижесінде жарық сәулесінің бағыты өзгереді.

Жарық сәулесі ауадан шыныға өткенде, ол нормальға қарай ауытқиды. Сыну бұрышы түсу бұрышынан аз. Бұл түсу бұрышы 90°тең болғанда, орындалмайды

 

Қысқаша

шолу

 

 

Бұл тарауда оқушылардың жарықтың қасиеттері туралы түсініктерін бекіту үшін айналарды, мөлдір бокалдар мен линзаларды пайдаланып жасалатын тәжірибелерге сүйенеміз. Жарық сәулесінің айналардағы, мөлдір шыны пластиналардағы және линзалардағы жарық жолы шағылу және сыну принциптерін нақты көрсетеді. Белгілі линзаларды пайдаланып, заттың қасиетін және орналасу орнын сипаттайтын кескіндерді алу, оқушылардың осы тарау бойынша білімдерін кеңейте түседі. Оқушылар өздерінің линзалардың қасиеті туралы түсініктерін және білімдерін пайдаланып линзалардың қолданылуын түсіндіріп бере алады.

 

 

     

Жоспарланған іс- шаралар

Ресурстар

 

1.      Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын түгелдеу.

2.      Физикалық терминдерді еске түсіру, анықтамасын айту.

3.      Кері байланыс парағын толтыруға беру

 

Мақсат

Не білдім?

Әлі де білу керек

 

 

 

 

 

 

 

 

4.      Өткен сабақтағы тақырыпты қайталау, презентация бойынша жұмыс.

 

 (W) Нақты диаграммаларды пайдалана отырып, дөңес (жинағыш) линзаларды және ойыс (шашыратқыш) линзаларды анықтау және салу. Осы екі линзадағы фокус аралығын және бас осін анықтау.

(W) Алынған кескіннің қасиеттерін жалпылау, сонымен бірге шашыратқыш линзадан өткен жарықтың кескінін қоса оқып үйрену керек.

(W) Сызықтық ұлғаюды (m) кескіннің биіктігінің объектінің биіктігіне қатынасы ретінде анықтау.

(W) Линзалардың көмегімен алынатын кескіндер туралы ақпаратты төменде берілген сәулелерді сызу арқылы алуға болады:

• Бас оске параллель сәуле сызу арқылы, ол бас фокустан F өтетіндей сынады.

• Оптикалық центр С арықыл өтетін сәуле, ол жұқа линзадан өткенде сынбайды.

• Бас фокус F арықылы өтетін сәуле, ол сынған соң бас оске параллель таралады.

 

 

5.      Топпен жұмыс: Нәрсе кескінін салып көрсету, айтып, түсіндіріп,қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәулелерді алуға арналған қорап, саңылаулар, қарапайым қағаз, төменгі кернеулі қректендіру жүйесі, органикалық шыныдан жасалған ойыс және дөңес блоктар.

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/image-formation-lens

12 В шам, төменгі кернеулі қректендіру жүйесі, сызғыш, вертикаль экран, дөңес линза (фокустық аралығы +25 см - +50 см аралығында болуы қажет).

 

Тор көзді қағаз немесе миллиметрлік қағаз.

http://phet.colorado.edu/en/simulation/geomeric-optics

http://www.thealy.com/LCPhysics/notes/lenses.html

http://www.eyequestions.com/re.html

http://www.howstuffworks.com/telescope1.html

 

6.      Топпен жұмыс:

Кестені толтыру

 

7.      Топпен жұмыс:            Есептер шығару

1.  Фокус аралығы 12 см жинағыш линзадан нәрсенің шын және өзінен үш есе үлкейтілген кескін алу үшін, оны қандай қашықтыққа қою керек?

2.  Нәрсе жинағыш линзадан 1,8 м қашықтықта тұр. Егер кескін нәрседен 5есе   кіші болып шықса, линзаның фокус аралығы қандай?

3.  Нәрседен жинағыш линзаға дейінгі қашықтық 0,12 м. Линзадан кейінгі алынған кескіннің ара қашықтығы 0,24 м болса, линзаның фокус аралығы мен оптикалық күші неге тең?

4.  Нәрседен   алынған   кескінге   дейінгі   қашықтық   0,36   м.   Линзаның үлкейтуі 2-ге   тең болса, оның фокус аралығы неге тең?

 

8.      Жеке жұмыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.      Зертханалық жұмыс. Жинағыш линзаның фокустық қашықтығы мен оптикалық күшін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: линзаның формуласы арқылы линзаның фокустық қашықтығын анықтау.

Құрал- жабдықтар: жинағыш линза, сызғыш, экран, жарық көзі.

Жұмыстың барысы:

1.      Жарық көзін, линзаны және экранды бір түзу бойына орналастыр.

2.      Жарық көзі мен линзаны экранда жарық көзінің анық кескіні шыққанша қозғаңдар. Экранда жарық көзінің үлкейтілген, кішірейтілген және оған тең кескінін алып, тәжірибені үш рет қайтала.

3.      Барлық тәжірибелерде жарық көзінен линзаға дейінгі, экраннан линзаға дейінгі қашықтықты өлшеңдер.

4.      Линзаның Ғ фокустық қашықтығын линза формуласы арқылы есепте.

 

5.      Линзаның оптикалық күшін және үлкейтуін анықта.

6.      Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге толтыр.

Кескіннің түрі

d,  м

   f,  м

   F ,м

D , дптр

  Г

Үлкейтілген

 

 

 

 

 

Кішірейтілген

 

 

 

 

 

Тең

 

 

 

 

 

7.      Қорытынды жаз.

 

Кері байланыс парағын толтыру, тапсыру.

Үйге тапсырма: Есептер шығару

 

 

 

 

Қосымша ақпарат       Теориялық материалды оқу

 

Рефлексия   W-  толық сыныппен жұмыс жасау :

Нәтижені талдау және тапсырманы бәрінен де жақсы орындаған оқушыны марапаттау.

Сабақ туралы оқушылардың пікірлерін білу.

Сабақтың мақсаты /оқу мақсаты дұрыс па? Оқушылар бүгін не  оқып-үйренді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым ба?

Мен уақытты сақтадым ба?

Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім?

Мен сабақта сынып  және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және

 үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма

 қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

 

       

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 188.69 Kb
Количество скачиваний: 78
Просмотров: 205

Похожие материалы