Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылу, сыну заңдары.

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылу, сыну заңдары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімдік: Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жинақтау. Есеп шығаруда білім мен білік дағдыларын жетілдіру.

ә) Дамытушылық: Ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізе білу бағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Кубизм әдісі, ассоциация әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба-нұсқалар, карточкалар, стакан суы бар, карандаш, калькулятор.

Пәнаралық байланыс: Математика, география, тарих, химия пәндері.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы.

Жарық жылдамдығы тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Кубизм әдісін пайдаланып үй тапсырмасы сұралады. Кубиктің алты жағына алты сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы жауап береді, тапсырманы орындайды.

1-сұрақ.

Жарық дегеніміз не?

Жарық дегеніміз табиғаты ерекше бөлшектер ағыны немесе фотондар деп атайды.

2-сұрақ.

Жарық көздерінің түрлерін ата.

Жарық көздері үш топқа бөлінеді: жылулық, люминесценциялық және плазмалық.

3-сұрақ.

Жылулық жарық көздерінің люминесценттік жарық көздерінен қандай айырмашылығы бар?

Жылулық жарық көздерінен шыққан жарық сәулесінің жылулық энергиясы жоғары, ал люминесценттік жарық көздерінен шыққан жарық сәулесінің жылулық энергиясы төмен болады.

4-сұрақ.

Ай жарық көзі бола ма?

Ай шағылған жарық көзі болып табылады.

5-сұрақ.

Кітап оқығанда өздерің пайдаланатын жарық көздерін ата.

Табиғи және жасанды жарық көздері, олар: Күннің және электр шамдарының жарық сәулелері.

6-сұрақ.

7-сұрақ.

Күн жөнінде мағлұмат бер.

8-сұрақ.

Жарықтың таралу заңын айт.

Біртекті ортада жарық сызық бойымен – түзусызықты таралады.

9-сұрақ.

Жарық сәулесі деген не?

Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады.

10-сұрақ.

Жарық шоқтары деген не?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.22 Kb
Количество скачиваний: 68
Просмотров: 237

Похожие материалы