Сабақтың тақырыбы: Кітап - өмір шуағы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор: это Вы?

🎓 Помощь в написании уникальных работ для студентов

✍ Тема работы

Тип работы

E-mail

Телефон


Отправляя запрос, вы соглашаетесь с политикой конфиденциальности

 

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                     /Ауызша журнал/

                                                                                          Өткізген – Юсупова Ғ.Т.

 

 

 

 

 

 

 

                                 

                                      2014 – 2015 оқу жылы

             23 сәуір Бүкіл дүниежүзілік кітап күніне арнап өткізілген таным сабағымыздың мақсаты оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу болды.

Көрнекілігі: кітап көрме «Кітап – өлмейтін дүние», кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, слайд «Кітап тарихы».

Кітапханашы: Қайырлы күн құрметті оқушылар,ұстаздар!

Бүгінгі ауызша журналымыз ақыл айтатын адал досымыз кітап жайылы болмақ.Сендер бүгінгі кітаптардың түп атасы алғашқы кітаптың қашан, қайда жасалғанын білесіңдер ме?

Ауызша журналдың қызықты әңгімелерін, кітап тарихын 9 сынып оқушылары айтып береді.

1-бет.Кітап тарихы.

1-оқушы: Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты.Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындағы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай кітаптар қайдан бола қойсын, балшықтан жасалыпты.Онда ойыншық кітап болар деп ойлар тағы біреулер.Тіпті олай емес. Оқитын кітап.Ол қалай жасалады дейсің ғой? Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген.Қыш кептірілген.Содаң соң отқа күйдірілген.Дәл күйген кірпіш сияқты.Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.

     Ал Қытайда бамбуктен жұқа таяқшылар әзірленіп, соған жазған.Таяқшыларды жіпке тізіп қойған.Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.

2-оқушы: Біздің заманымыздың II ғасырында қағаз дүниеге келген. Ал Ежелгі Египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған.Біздің жартастағы жазуларды өздерің де көзбен немесе суретінен көрген боларсыңдар. Ежелгі ата-бабаларымызды да сөйткен ғой. Одаң кейін папируска, қамыс тәрізді өсімдіктің жапырағын нығыздап, бір-біріне желімдеп, соған жазған.

Ондай кітаптардың ұзындығы ондаған метрге жеткен. Ондай кітаптарды қалай сақтаған? Шиыршықтап орап, түтікшеге салып қойған. Греция, Рим 2 мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып келген.

3-оқушы: Біздің заманымыздың II ғасырында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірлеген. Осыдан біраз жыл бұрын біздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылғанын білетін боларсыздар. Ал Пергам патшалығы б.з.д. 283-133 жылдар аралығындағы Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған.

     Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған.

    Сөйте-сөйте XIII ғасырда Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз пайда болған.

    Осылай, кітап қазіргі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды артқа тастаған.

2-бет. Кітап баспасы.

4-оқушы: Кітап – арабтың «жазу» деген сөзі.Кітап – рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясың тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Соңдықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар – еврей еліндегі «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі «Авеста», Юнан грек тіліндегі «Інжу» Евангедиеев, араб тіліндегі «Құран».

 

           Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды.Каллиграфия қалыбы XI ғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы шың елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет XY ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутеньерг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

5-оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде IX ғасырда жазылған «Оғызнама»,Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғати-ат-түрке» кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады. Төңкерістен кейін өзімізде шықты.Қазақ тілінде кітап басып шығару ісіне Татарстан, Өзбекстанның прогресшіл басшылары едәуір ат салысқан.

3-бет. Кітап туралы не білеміз?

6-оқушы: Адамзат қауымы өзінің ілгері дамуында бір белеске қол жеткіздім, білімді, мәдениетті болдым, айшылық алыс қиырларға бір сағатта жететін техпрогресті игердім десе, бәрі де кітап өнерінің дауымен тікелей байланысты.

           Кітап – білім бұлағы! Кітап – даналардың данасы.Оған жететін бірде-бір құндылық жоқ.

         Жер жүзіндегі ең үлкен энциклопедия – «Суретті евроамерикандық әмбебап Энциклопедия». Басылымы 105 мың беттен тұрады. 1983 жылдың тамызында энциклопедияның 104 томы жарық көрген.

        Әлемде мұндай аты шулы басылымдар аз емес. Дамыған мәдениетті елдер келер ұрпаққа қажетті негізгі білім қайнарларын осындай ірі-ірі басылымдарға жинақтап, буын-түйіп, болашак күндерге аманаттап отыр.

4-бет. Кітап туралы толғау.

 7-оқушы: Біздің ата-бабамыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап- білім бұлағы», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділеттілікке, зұлымдыкпен күресуге үйретеді.

        Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, жақсысынан тағылым аламыз.Қымбат мұра ретінде бағалаймыз.Кітап туралы: «Мен одан қайырымды көршіні, одан әділдосты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін»,- деген екен араб жазушысы Әл-Жиһаз.

        Кітап туралы данышпандар аз айтып, аз жазбаған.Соның бірі антика дәуірінің әйгілі ғұламаларының бірі Плинийдің «нет такой книги, из которой нельзя было бы извлечь пользы» деген сөздері кітап біткеннің бәрі көне заманнан бері адамзат баласынын тек кәдесіне ғана жарап келе жатқанының айғағы болса керек. Ендеше оны қайта түлету мемлекеттің ғана емес, ел болашағын ойлаған барша зиялы қауымның да ісі болмақ.

5-бет. «Білімнің көзі - кітапта».

Мақал-мәтелдер мен ғұламалар айтқан нақыл сөздер жарысы.

Оқушылар бір-бір мақал-мәтел немесе нақыл сөз оқып береді.

       «Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады».  М.Әуезов

       «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн».

      «Кітап – адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, біз бір уыс топыраққа айналамыз». М.Айбек

     «Кітаптың қасиеті - мәңгілік»

      «Кітап – өмір ұстазы»

      «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі»

        «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»

        «Кітап – біздің досымыз ғана емес, мәңгілік тұрақты серігіміз»

        «Кітап – ел мен жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды»

        «Кітап – мидың миуасы»  М.Әлімбаев

 

Кітапханашы: Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның бойына дарығанда ғана өмір нұрлы болмақ.

      Қандай да өркениетті елдің дамуында білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та арта береді.Кітаптан асқан қазына жоқ.Ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.81 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 128

Похожие материалы