Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық дәстүрге баулу»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

“Халқым қандай десең,

          Салтымнан сынап біл!”

Мақсаты:

Сайыс кезеңдері арқылы қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, ұлттық тағамдар, ұлттық сән үлгілері және ұлттық ойындар туралы білімдерін тексеріп, бағалау. Оқушыларды сөйлей білуге, шешендік сөздерге үйрету. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, талдау. Оны қаншалықты деңгейде білетіндіктерін тексеру.

Сайыс барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

 (Өткізілетін орынды алдын-ала безендіру. Топ мүшелеріне, қазыларға орын даярлау).

Әдістері: Пәнге қызығушылығын туғызу және өздігінен даму, дамыта оқыту, этнопедагогика технологиялары.

Көрнекілігі: Үнтаспа, домбыра, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар ,көрмесі, т.б.

Жүргізушілер: Бастауыш және мұғалім

Бастаушының сөзі:

Асыл – тастан, өнер – жастан

 Шығады деп дарынды,

 Халық айтса, халық сөзі

 Әрқашан да нанымды.

 Сол өнердің жолын қуған

 Шағын топтың атынан

 Қабылдаңыз шын жүректен

 Сәлем сізге жалынды! – (басын иеді).

“Қазақ” – деген халықтың тарихы мен шежіресін жатқа білетін топ мүшелері атынан сіздерге тағы да иіліп сәлем береміз.

         І Бастаушы:

Армысыздар ата-әже қариялар,

Елімнің шежіресі дариялар.

Армысыз ұстаздарым, әріптесім,

Жол нұсқап ақыл берген кеңестерің.

Армысың құрбы-құрдас, достарым,

Өзіммен бірге жүрген құрдастарым

Осындай көңілді топ сайысында

Өзімше осылай бір топ бастадым,–

(деп иіледі).

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 55.5 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 145

Похожие материалы