Сахараның ботагөзі - Ақбөкендер

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                                                    Мазмұны

1

Кіріспе

4

1.2.

Ақбөкендерге жалпы сипаттама

5

1.3.

Ақбөкендердің адамзатқа тигізер пайдасы

 

6

1.4.

Ақбөкендердің топтанып жүруі

7

1.5.

Ақындар жырлаған ақбөкендер

8

 

Қорытынды                                                                      

12

 

Пайдаланған әдебиеттер                                                                                         

          13

 

 

Зерттеудегі мақсатым: Ақбөкендердің тыныс – тіршілігімен танысу, оның еті мен терісі және мүйізінің пайдасын білу, жан – жақты зерттеу.

Міндеттер:

1.        Ақбөкендер туралы мәліметтер жинақтау;

2.        Ақбөкендердің адамзатқа пайдалы екенін зерделеу;

3.        Ақбөкендердің не себепті топтанып жүруін анықтау.

Болжам:

Егер ақбөкендерді қызғыш құстай қорғап атуға жол бермесе, онда сахараның ботакөздері табиғатымыздың сәні болатын еді.

Өзектілігі:

Ақбөкендерді есепсіз қырудың салдарынан олардың өте азайып кетуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңдатпа

  Келешекте жас ұрпақты ақбөкеннің құрып кетуіне жол бермеуге, оның пайдасының көп екенін білуге көмегі тиеді.

  Воспитать молодое поколение, бороться с исчезнованием сайги и знать их пользу в человеческой жизни.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ақбөкен, киік (лат.Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салмағы 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салмағы 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған.

1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

 

1.2. Ақбөкендерге жалпы сипаттама

 

Ақбөкен – көптеген қазақстан табиғатының белгісі болып табылады. Сүтқоректілердің жұптұяқтылар отряды,қуыс мүйізділер тұқымдасының өкілі  (денесінің ұзындығы 150см, шоқтығының биіктігі 80см, салмағы 50кг дейін). Шөл мен шөлейт ландшафтысының әдеттегі өкілі. Жүздеген жыл бұрын Қазақстан жерінен қара теңізге дейінгі қуаң далаларды мекендеген. 60 – 70 – шы жылдары ақбөкеннің саны кенеттен өсіп, бір млн-ға жеткен, дегенмен ХХ ғасырдың басында оның саны мен мекен ететін жері күрт азайып, Каспий маңы мен Қазақстанның қуаң аймақтарында (100 мыңнан аз) сақталған. Төлдеу орны – Орталық Қазақстанда, ақбөкендер қыстау үшін Бетпақдала шөлінен Арысқұм, Қарақұм, үстірт және Еділ – Жайық өзенаралық оңтүстік аймақтарына кетеді. Үйір болып тіршілік етеді, әр аталықта бірнеше аналық болады. 10 – 12 жыл өмір сүреді, аталығы бір жарым, ал аналғы жарты жылда жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы бес айлық буаздықтан кейін 1 – 2 (сирек 3 ) төлін дүниеге әкеледі, шөлдің қатаң жағдайынан біреуі ғана тірі қалады. Ақбөкен үшін жұт өте қауіпті – қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады. Көптеген аталықтар күздегі күйлеуден кейін әлсірейді, көпшілігі жыртқыштарға жем болады. Ақбөкен үшін қауіпті жау – қасқыр, оның саны Қазақстан шөлінде әлсін – әлсін өсіп отырады.

Ақбөкендер, қарақұйрық тәрізді қорек және су іздеп ұзақ сапар шегіп отырады. Бұлар қашқанда атқа қарасын көрсетпейді. Тұмсығы имектеу – дөңес, танау терілері қатпарланып жатады, жүгіргенде танауы далдиып еркін тыныс алуына  мүмкіндік береді. Текелердің басында іші қуыс жылтыр мүйіз болады. Ұрғашыларында мүйіз болмайды. Ақбөкендер аша тұяқты болады.

Ақбөкен злак, жусан, сораң жейді. Таң сәріден бұлар суаттан сусынын қандырып алып, шөлде ыстық түскенше қайта жайылады.

Көктемде ақбөкендер жаздың ыстық кезінде шөбі сақталатын солтүстікке қарай ауысады. Ал, күзде оңтүстікке қарай бет алып, қары жұқа, шөп тауып жейтін жерлерге қайта келеді.

Ақбөкендер жалқы да, егіз де туады. Үш – төрт күндік құралай жауынан қашып құтыла алмайды. Қатер туған кезде олар тырп етпей жата қалады. Оны екі адым жерден де көрмейсің, өйткені түсі сол жердің реңіне ұқсас келеді. Аяқтанып буыны бекігеннен кейін құралайы аналарына еріп жүреді. Олар екі айдай емшек емеді. Екінші айда – ақ шөп жеп, оттыға  бастайды.

Ертеде ақбөкендер бүкіл Европаға таралған, қазір бұлар волга өзенінің шығыс жанындағы шөлдерде ғана кездеседі.

 

1.3. Ақбөкендердің адамзатқа тигізер пайдасы

 

Ақбөкеннің дәмді еті және терісімен қатар медицина өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болатын мүйізі де пайдалы.

Ақбөкеннің мүйізінен канпактокрин дәрісі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлін денедегі теміреткеге жағады. Егер адам сусамыр ауруына шалдықса, мүйізін емдеу үшін пайдалынады. Ақбөкеннің етін тамақ ретінде пайдаланса, терісінен киімдер тігуге болады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ халқы ақбөкенді «киелі, қасиетті» аң деп бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

1.4. Ақбөкендердің топталып жүруі.

Қазақстан жерінде көп тараған жануарлардың бірі-ақбөкен.                          

Ақбөкен үйір-үйір болып топтанып жүреді. Былайша қарағанда, жазық жерде үйірімен ондап, жүздеп жүруден гөрі жалғыз-жалғыз бытырап жүрсе байқалмай қалуы мүмкін тәрізді. Дегенмен ақбөкендер не себепті топтанып, үйір құрайды? Осының себебін қарастыралық.

Ақбөкен өсімдіктерді көп мөлшерде жеп қоректенетін жануар болғандықтан, оны жеуге де біраз уақытын кетіреді. Жайылып жүргенде ақбөкендердің әрі оттауы, әрі жан-жағын шолуы қиын. Бұл кезде оларды аңдып жүрген жыртқыштар сап ете түсуі мүмкін. Ал ақбөкен үйірімен жайылып жүргенде, бірі болмаса бірі сақтанып, құлақ тігіп, жан-жақты шолып жүреді, сөйтіп төнген қауіпті дер кезінде сезеді. Сонымен, ақбөкендер жапан далада топтанып, үйірімен жүріп тіршілік етуі-пайдалы бейімділік.

 

 

 



 

 

 

 

 

 

1.5.         Ақындар жырлаған ақбөкендер

 Совет Әлімқұлов              

Ақ бөкен

Жүдепсің қатты жаншылып,                                                                                                  

Қыс биыл сонша мықты ма?           

Құмдағы жоқтық, тапшылық,

Амалсыз қуып шықты ма?

 

Тағы едің көз сап аулаққа,

Қарайтын үркіп күдіктен.

Қысылған кезде біз жаққа,

Тарттың ба жақсы үмітпен?

 

Жасаурап сұлу жанарың,

Қабағын нағып түйілген?

Ере алмай топқа, жаралым,

Келдің бе шығып үйірден?

 

Саялап келсең тарын ба,

Сезімі күшті аяулы аң.

Ақ ниет жандар барында,

Арылар көңіл қаяудан.

 

Тұрғанмен қазір болдырып,

Қамқоршы қолда құмарсың.

Танауды желге толтырып.

Түзіңді бетке ап туларсың.

 

 

                                                              Сәкен Сейфуллин

Ақсақ киік

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ-шөл, ойлы қырлы панасы бар.

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп өнген,

Жәндіктің киік деген баласы бар.

 

Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,

Ел жайлау өзен яки көл болмайды.

Бұтасы қу баялыш, қара жусан,

Көгала бетегелі бел болмайды.

 

Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,

Сайланып қыс ішінде талай кештік,

Азамат, ат пен айғыр, атан ғана,

Шыдар деп қоста отырып, талай дестік.

 

Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп өнген,

Жалғыз-ақ құлан ,киік шөлге көнген.

Қазақтың малдарындай қыбырласып,

Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген.

 

Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық,

Сол шөпті қорек қылған байғұс киік.

Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара,

Тигендей емес адам көзі қиып.

 

Киікті қазақ және дейді бөкен,

Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.

Бөкенді атып мерген өлтіргенде,

Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?

 

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім.

Көздурі мөлдіреген ақ бөкенді,

Адамның баласынан кем көрмедім.

 

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,

Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,

Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

 

Азайды соңғы кеэде байғұс бөкен,

Мың-мыңдап баяғыда өреді екен.

Бұл күнде келе жатқан жолаушыға

Кез келеді анда-санда саяқ-некен.

 

Кей қазақ әдет қылған киік атып,

Мүйізін пайда қылып, шетке сатып,

Сандалған бір киікке ұшырастым,

Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.

 

Бетпақта келе жатты ақсақ киік,

Сандалып қаңғырақтап басын иіп.

Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,

Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.

 

Тамады қара жерге аққан қаны,

Қиналып ентігеді шыбын жаны.

Боялып ақ денесі қызыл қанға,

Келеді әлі кетіп жығылғалы.

 

Қиырсыз, Бетпақдала... қураған шөл...

Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.

Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай...

Ел қайда? Ел алыста-шулаған ел!

 

Сандалып келе жатты ақсақ киік,

Бір тоқтап анда-санда

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 4.67 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 232

Похожие материалы