Сабақтың тақырыбы: "Маңғыстау Ұлы Отан соғыс жылдарында"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сыныбы

7

Уақыты

10.04.2015 жыл

Пәні

Мұғалімі

Сабырова Арайлым

Сабақтың тақырыбы

Маңғыстау Ұлы Отан соғыс жылдарында

Сабақтың мақсаты

Отанды сүюге, елжанжылыққа үйрету.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері

Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге дағдыландыру.

Оқытудың нәтижелері

1. Тақырыпты түсінеді, талдайды

2. Тақырыпқа қосымша мәлімет қосады

3. Өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіреді

4. Оқуға ынталанып, қызығушылығы оянады

Қамтылатын модульдер:

1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл ( диалогтік оқыту, топқа бөлу)

2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3-модуль: Бағалау (формативті)

7-модуль: Көшбасшылық

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта,үлестірме қағаздар

Қадамдар:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Топпен жұмыс.

3. Ассоцация

4.Түйіндеме

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

1. Оқушының зейінін сабаққа аудару

2.Жаңа сабақты түсіндіру және оны практикамен ұштастыру

3.Тапсырмалар беру

1. Зейіндерін сабаққа аударады

2. Сабақтың мазмұнымен танысады және оны практикамен ұштастырады

3. Кері байланыс жасайды

Психологиялықдайындық

Ән «Жеңіс күні»

Топқа бөлу.«Мақал-мәтел» арқылы бөлу

топқа бөлінеді. 1. Отан

2. Батыр

Тұсаукесер

«Соғыс» тақырыбын ассоцация әдісін қолдану.

Соғыс дегенімізді қалай түсінесіңдер соны жаза қойыңыздар.

Дұрыс айтасыңдар. Ендеше бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Соғыс жөнінде не білесіңдер? (Дұрыс айтасыңдар.)

Бүгінгі жеңіс күні қарсаңында қан майданда ерлігімен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымыздың рухына бас иіп, еске аламыз.
Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс қасіретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілік 45-жылдың көктемінде сақталып қалды. Бейнебаянға назар аударыңыздар.

Бұл сұрапыл соғыс біздің Маңғыстау өңіріне қалай әсер етті деп ойлайсыңдар.

Ажал оғын шашқан аждаһадай айбарлы жаумен айқасу үшін Маңғыстау түбегінен алты мыңнан астам азамат аттанған. Сол боздақтардың төрт мыңдайы от ортасынан оралмай қалды. Соғыс салған сойқан ішінде із-түзсіз кеткендері қаншама!Ел шебін қатыгез жау тырнағаннан тезірек босатып, ел-жұртына аман-есен оралуды ғана ойлаған аталарымыз бірі Таушық ауылында тұратын Сейілхан атамыздың сұқпатын тыңдап көрейіп.

Соғысқа тек ер азамттар қатысқан жоқ, ер жүрек қыздырымызда қытысты соларың бірі біздің Маңғыстауда да бар екен. Ұшақты тізгіндеп, жау шебін бомбалағын батыр әжеміздің бастан кешіргенін тыңдайық.
Қасиетті Маңғыстау топырағы қай заманда да ат тұяғының дүбірінен, атой салған аласапыран кезеңдерінен кенде қалып көрген жоқ. Кезінде жеті жұт келіп жайқалған бұл өңірдің ұландары аттың жалы, атанның қомында белі қатайып, ел мен жер намысын қорғап есейген.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Маңғыстау өлкесінде Маңғыстау және Форт-Шевченко аудандары болған. Маңғыстау ауданының экономикасы негізінен мал шаруашылығы болуына байланысты еңбекшілер «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранды басшылыққа ала отырып, мал басын аман сақтап, соғыс уақытының талабына сай шаруашылық жұмысты қайта құрып, майданға көптеп көмек жіберуге жұмылады.

Оқушылар соғыс – қатігез, сұрапыл, жауыз, қатал, т.б. жауап береді.

Оқушылар жауап береді.

Оқушылар жауап беред.

Топтық жұмыс «Болашақта?»

Постер қорғау

Постер қорғайды

Қорытынды

Ұлылыққа тағзым – ұрпаққа парыз.
Соғыс жылдарындағы балалар әкелерін майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын аналарымен бірге өз қолдарына алаған. Сол соғыс жылдарындағы балалар тылда тыным алмаған. Олар байтақ елімізбен, білек сыбанған қалың жұртпен Жеңісті сағат сайын жақындата түскен.

Тыл ардагерлер туралы мәлімет беру

Ауыл азаматтары соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қызыл Армия қатарына майданға алына бастаған. Көптеген жанұялардың бас көтерер ер азаматы қолына қару алып, майданға аттанады, олардың орнында қалған әйелдер еңбек майданына араласады. Әйелдер басқару орындарында, егін және мал шаруашылықтарында тіпті көмір тресінде де жұмыс істеген. Олар күнделікті жұмыс көлемін асыра орындап отырады. Олар партия мүшесіне кандидат, комсомол мүшелері қызметін атқарады.
Майданға көмектесудің ең бір маңызды саласы Қызыл Армияға жылы киім жинау жұмысы болатын. Соғыс жылдарында еңбекшілері тон, тоқыма шалбар, күпі, байпақ, қолғап, шұлғау, бас киім, көрпе жинап майданға жібереді. Сонымен қатар олар ақша, облигация, күміс, тері және жүн тапсырады. Аудан еңбекшілері өздерінің жанқиярлық еңбектерінің арқасында соғыс уақытының қиындығына қарамастан жылма-жыл мал басының өсуін қамтамасыз етіп, тапсыратын ет, сүт, жүн өнімдерін жоспарынан асыра орындап отырады. Еңбекшілердің қажымас қайраты, Отанға деген сүйіспеншілігі арасында соғыс жылдарында мал басы өсіп, аудан экономикасы

Көркем сөз
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ
Сөзі: жерлес ақын Есенғали Бөкенбаевтікі.
Білеміз сұм соғыстың кезеңдерін,
Сел болып аққан қанның өздерін.
Елімді, Отанымды олжалауға,
Жау оғы жан ұшырып кезенгенін.

Көтердік сол соғыстың зардаптарын,
Қайғылы, қатерлі кез салмақтарын.
Елімнің бақыты үшін шеит болған,
Аяулы ардагерлер, саңлақтарым.

Болса да жер шарының кеңестігі
Оңай бізге келген жоқ Жеңіс күні
Жеңіс үшін аянбай қызмет етіп,
Тылда да еңбегімен тер төккені.айтарлықтай нығайған.

Хор: «Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген»

Бағалау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.48 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 137

Похожие материалы