Сабақтың тақырыбы:" Обал мен сауап"

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

"Обал мен сауап"

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ

2-СЫНЫП

Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-обал мен сауап туралы түсінік беру;

-халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

-мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер, оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

Бәрі шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.

Ой, обал-ай, обал-ай!

-Енді қарным ашпайды!

Деп, Кер сұмдық бастайды:

Нан артылса, қоқсыққа

Лақтырып тастайды.

«Ой, обал-ай, обал-ай!»

Ас «артық» деп төгеді,

Аш қап, азап шегеді.

«Үнемді жасай біл!» десең,

Сөлекеттеп, сөгеді.

«Ой обал-ай, обал-ай».

Тапсырма

Сабақ оқушылардың белсенділігін арттыру үшін тапсырмадан басталады.

Торғай

И. Тургенев

Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.

Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясына құлап түсіпті...

-Әңгімені жалғастырыңдар.

-Иә, балалар, балапандарға көмектескендерің үлкен сауап болды, өйткені адамның, жануардың табиғаттың қиналғанын көре тұра, оған жақсылық жасамау обал болады.

-Сендерге үлкендер «обал болады», «сауап болады», «сауабын ал» деген сөздерді қандай жағдайларда айтты?

Балалардың жауптары.

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмысты орындау үшін оқулықта бірнеше сурет ұсынылған. Оқушыларға суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айту тапсырылады.

Жаңа ақпарат

Мұғалім сабақта оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында оқу ақпаратын ұсынады.

Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан-жануардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.

Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.

Оқушылар осы ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.

Мәтінмен жұмыс

Сабақта мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін Ө. Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» атты өлеңі ұсынылады. Оқушылар өлеңді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауп береді.

Құс ұясын бұзбайық!

Ө. Тұрманжанов

Ей, балалар, балалар! Жабағы жүнді жияды,

Аман болсын аналар! Жайлы қып жасап ұяны,

Құстарда да ана бар, Жұмыртқасын салады.

Құстарда да бала бар, Бір қуанып қалады.

Кім сүймейді баласын?!

Осылар еске түскенде, Тырнақтай құстың жауы көп,

Бір ойланып қаласың! Құрулы ажал – ауы көп...

Балалық қып қызбайық!

Өсіруге баланы, Құс ұясын бұзбайық!

Құстар ұя салады. Жұмыртқасын алмайық!

Жасауға жұмсақ ұяны, Обалына қалмайық!..

* Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

* Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

* Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?

Сергіту сәті

Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/

Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/

Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/

Самғап биік ұшады /құсша қанат ұшады/

Тапсырма

Мұғалім оқушылардың оқулықта берілген суреттерге қарап, табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінетіндері туралы тапсырма береді.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. И. Тургеневтің «Торғай» әңгімесін балалар әр түрлі бағытта жалғастыруы мүмкін. Орындап біткен соң жария етеді.

Қорытындылау

-Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта-тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты сөздер айтып отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар мұғаліммен бірге қосылып, ән айтады.

Жарқын заман бөбегі

Сөзін жазған Қ.Жұмағалиев

Әнін жазған И.Нүсіпбаев

Таң атады арайлап, Аталарым сыйлаған,

Күн күлімдеп туады. Бізге ашық аспанды.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы. Жарқын заман бөбегін

Аялайды нұрлы таң.

Дала гүлін жинаған, Алтын бесік өз елім,

Жазып ерлік дастанды. Тұған өлкем Ұлы Отан.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35.5 Kb
Количество скачиваний: 55
Просмотров: 279

Похожие материалы