Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар. 7сынып
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Aдаева Бакытгул Аюповна
|
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар. 7сынып
Сабақ мақсаты:
Сабақ әдісі, түрі: жаңа білім беру, іздендіру сабағы
Сабақ мазмұны:
1) Өткен материалды қайталау.
2) Сабақтың іздендіру−зерттеу бөлімі
3) Жаңа тақырыпты жалпылау.
4) Лабораториялық-зерттеу жұмысы.
5) Білімді қолдану.
6) Үйге тапсырма:
7) Рефлексия.
8) Қорытындылау.
Сабақ барысы:
1. Өткен материалды қайталау
Мұғалімнің әс−әрекеті
Оқушының әс−әрекеті
Мұғалім:
Оқушылардың жауабы:
· нүктелер;
· кесінділер;
· жартылай түзулер (сәуле);
· бұрыш.
2. Сабақтың іздендіру−зерттеу бөлімі:
Мұғалімнің әс−әрекеті
Оқушының әс−әрекеті
Біз бүгін үшбұрышты қарастырамыз. Бәріміз оны жақсы білеміз бе? Үшбұрышты геометриялық фигура деп айтуға бола ма?
Иә, үшбұрыш геометриялық фигура
Олай болса сендер үшбұрышты қандай қарапайым геометриялық фигуралардан құралады деп есептейсіңдер?
Оқушылар әртүрлі болжам айтады..
Мұғалім олардың айтқан ойларын тақтаға сызбамен беріп тұрады:
1) Үш түзуден:
а) 1−оқушы ә) 2−оқушы
Оқушылар қорытындылайды:
Мақсатымызға жеткен жоқпыз, яғни үшбұрыш тұрғызған жоқпыз.
2) Үш кесіндіден:
а) З−оқушы: ә) 4−оқушы
Қорытынды:
Мақсатымызға жетпедік, себебі үшбұрыш тұрғызылмады.
3) Үш бұрыштан:
а) 5−оқушы ә) 6−оқушы
1
3
2 2
1 3
Қорытынды:
Біз бұрыштарды тұрғызуға қол жеткіздік. Мақсат орындалмады. Үшбұрыш тұрғызылмады.
Сұрақ: Үшбұрышты тұрғызу үшін қандай шарттарды орындау керек?
Оқушылар нүктелер мен кесінділердің орналасуы жайында өз шарттарын ұсынады
а) А В С в)
● ● ● ● ● ●
А В С
Мақсат тағы да орындалмады. Үш нүкте бір түзудің бойында жатпауы керек және кесінділер қос−қостан осы нүктелерге жалғасуы керек.
3. Жаңа тақырыпты жалпылау:
Мұғалім талқылау арқылы үшбұрышқа геометриялық фыигура ретінде өздері анықтама беруді ұсынады.
Оқушылардың жауабы:
Үшбұрыш дегеніміз − бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын және осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден тұратын геометриялық фигураны айтады.
Мұғалім:
· оқушыларға дәптерлеріне кез− келген үшбұрыш сызуға тапсырма береді.
А
Белгіленуі:
∆АВС
А, В, С –төбелері
В С АВ, ВС, АС− қабырғалары
Мұғалім оқушыларға үшбұрыштың анықтамасын айтқан кезде бірде−бір рет бұрыштардың саны туралы ойламағандарын ескертеді. Сонымен үшбұрыштың неге «үшбұрыш» деп аталды?
Оқушылар мұғалімнің тапсырмасын орындайды.
Себебі оның үш бұрышы бар.
Мұғалім оқушылардан осы бұрыштарды атауды және олар қалай тұрғызылғанын сұрайды.
Оқушылар жауабы:
А төбесіндегі ВАС бұрышы АВ және АС қабырғаларымен жасалған.
В төбесіндегі АВС бұрышы ВА және ВС қабырғаларымен жасалған.
С төбесіндегі АСВ бұрышы СА және СВ қабырғаларымен жасалған.
Енді жаңа салынған үшбұрыштың жанына үшбұрыштың белгіленуін жазып қою керек екенін тапсырады және бұрыш үш әріппен де бір әріппен де жазылатынын ескертеді.
Үшбұрыш элементтерін атауды ұсынады.
· Үш қабырғасы (АВ, ВС, АС)
· Үш бұрышы ∟АВС, ∟ВАС, ∟АСВ немесе ∟А, ∟В, ∟С
4. Лабораториялық-зерттеу жұмысы.
Мұғалімнің әс−әрекеті
Оқушының әс−әрекеті
Мұғалім оқушылардан:
Әрбір оқушының столына нөмерленген бес түрлі үшбұрыш қойылады. Осы бе үшбұрыштың ішінде екі үшбұрыш тең болуы керек
Мысалы: 1−нұсқада 1 мен 3, 2−нұсқада 2 мен 5.
Оқушылар осы үшбұрыштарды бір−біріне беттестіруі керек.
Мұғалім оқушыларға басқа жолмен тағы да беттестіруді сұрайды.
Оқушылар басқа жолдың жоқ екеніне көздерін жеткізеді.
Бұл үшбұрыштарды беттестірудің жалғыз ғана жолы бар ма екен.
Иә
Қорытынды: Сонымен тең үшбұрыштарда сәйкес қос−қостан бұрыштары, қабырғалары тең.
5. Білімді алғаш рет қолдану.
Мұғалімнің әс−әрекеті
Оқушының әс−әрекеті
Мұғалім оқушыларға дәптеріне екі тең үшбұрыш салуды және олардың тең бұрыштары мен тең қабырғаларын жазып қоюды тапсырады (нобайдың көмегімен)
А O ∆ABC=∆MOD
ÐA=ÐM
В С M D AB=MO
ÐB=ÐO BC=OD
ÐD=ÐC AC=MD
Мұғалім тең үшбұрыштардың анықтамасын айтуды сұрайды (егер оқушы өздігінен анықтаманы айта алмаса, мұғалім көмектеседі);
Оқушылар назарын тең үшбұрыштардың жазылуына аударады:
∆АВС=∆МОD
1) Алдын−ала дайындалған сызба бойынша есепте:
Есеп (ауызша):
а) В В1 ∆АВС=∆А1В1С1
ÐА=53о, ÐС=67o, ÐB=60o
Табу керек: ÐА1, ÐВ1, С1
А С А1 С1
ә) А О ∆MAK=∆BOD
MA= 18 cм, AK=21 cм, MK=27 cм
Табу керек:BO, OD, ВD
М К В D
В О 2) Есептер (дәптерге орындауға):
Берілгені: ∆АВС=∆DOE
AB=12 см , AC=16см, OE=19см
Табу керек: ВС, DO, ED
А С D E
6. Үйге тапсырма:
7. Рефлексия.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 77.52 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |