Сабақтың тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: « Өсімдік шаруашылығы» география пәнінен дәстүрлі түрде   құрылған Мақсаты:  Қазақстандағы өсімдік шарушылығының таралу заңдылықтарын түсіндіру.Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның өсімдік шаруашылығы құрылымы, салалары, таралу аймақтары  жөнінде түсіндіру.Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстанның өсімдік шаруашылығымен  танысқан тұлға.Сабақтың типі:  жаңа білім беру сабағы . Сабақтың түрі:  аралас сабақ  Сабақта  сұрақ-жауап әдісі тірек-сызбамен жұмыс, әңгіме-дәріс, топтастыру,  кестемен жұмыс әдістері пайдаланылады.    Сабақтың көрнекілігі ретінде      қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта,кеспе қағаздар,плакаттар қолданылады. Оқушының өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі. Сабақтың  жоспары  өмірмен, оқушының бұрынғы алған білімдері мен жаңа білімдерін ұштастыру мақсатында құрылған. Сабақ жоспары жәйден күрделіге, жекеден жалпыға , оқытудың ғылымилығы принциптеріне негізделген. Тапсырмалар деңгейі оқушылардың білім деңгейі, шығармашылық қабілеттері мен жас, жеке бас ерекшеліктері ескеріліп жасалған. Мәтіннен  және қосымша материалдардан тақырыпты ашуға қажетті мағлұматтарды тере алады.Мәтінді білетінін көрсетеді.мұғалім берген тапсырмаға байланысты оқушылар  дәлеледемелер дайындайды, командамен жұмыс жасай алады. Оқушылар шығармашылық. логикалық ойлау қабілеттері мен өз ерік жігерлерін көрсете алады. Өз ұстанымын қорғай алады. Мәтіннен  және қосымша материалдардан тақырыпты ашуға қажетті мағлұматтарды тере алады.Мәтінді білетінін көрсетеді.Ашық, жабық, түсіндірме сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы қортындыланып, тірек – сызбасына жазылады.

Сабақ үй тапсырмасын тексеруден басталады.  Үй тапсырмасы сұрақ- жауап, баяндау арқылы «Алма ағашы»  ойынымен тексеріледі.Үй тапсырмасы топтастыру әдісі арқылы қортындыланады.Ашық, жабық, түсіндірме сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы қортындыланып, тірек – сызбасына жазылады.Онда  АӨК құрамына шаруашылықтың қандай салалары кіреді? Жергілікті жердегі АӨК-тің салаларын атап, мамандандырылған саласын атаңдар.

Ауыл шарушалығына жарамды жер дегеніміз не? .АӨК-тің құрылуна себепші басты факторлар, агроөнеркәсіптік кешен мен оның салалары және негізгі міндеттері.АӨК-тің дамуын қамтамасыз ету дегеніміз не? Сұрақтар берілгеннен кейін оқушылардың жауабы қортындыланады. Жаңа сабақ  әңгіме-дәріс беруден басталады.Диаграмма арқылы оқулықпен жұмыс жасалады. Диаграмма.  Оқулықтың 57-бетіндегі, 11-диаграмма арқылы негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемін сипаттау. Оқушылар топта жаңа сабақты Топтастыру арқылы дәнді-дақыл шаруашылығын түсіндіру тірек-сызбамен жұмыс.Тірек-сызба арқылы техникалық дақылдарды түсіндіру Кестемен жұмыс.Кесте арқылы бау-бақша, жемшөптік дақылдарды түсіндіру.

Бау-бақша шаруашылығы

Қазақстанның барлық аимағында өсіріледі.

Жүзім шаруашылығы

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кең тараған.

Жемшөптік дақылдар

Мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету үшін өсіріледі.

 

 

 Жаңа сабақты бекіту.Сұрақ-жауап әдісі арқылы жасаладыҚорытындылау, бағалау.Үйге: Қазақстанның өсімдік шаруашылығы. Беріледі үй тапсырмасы  оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашады. Сабақта берілген тапсымалар оқушының сын тұрғысына ойлау қабілетін дамытуға арналған.

-                                   

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 88.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 114

Похожие материалы