Сабақтың тақырыбы Қысым

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
  Даулетханова Бақыт Султановна Класс: 7А Сабақтың тақырыбы:               «Қысым» тарауы бойынша қайталау. Сабақтың мақсаты: білімділік: Физикалық ұғымдардың  мазмұны мен маңызын еске түсіре отырып, теориялық сұрақтарға жауап беруде, эксперименттік тапсырмаларды орындауда,  есеп шығаруда қолдана алуға баулу. тәрбиелік: Оқушыларды физиканың практикалық маңызын,  күнделікті өмірде кездесетін қарапайым физикалық құбылыстарды түсіндіре алуға баулу, физикадан есеп шгығару  қабілеттерін арттыру. дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін, физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету. Сабақтың типі: Білімді тиянақтау. Көрнекілігі: Дауыс беру пульті, эксперименттік тапсырма материалдары, тест карточкалары, ЗЗ программасында жасалған слайд, программасында жасалған флипчарт, әр түрлі физикалық әдебиеттерден, журналдардан, интернет желісінен  алынған суреттер мен иллюстрациялар, тапсырмалар жауабы жазылатын А4 форматында ақ парақтар. Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру  кезеңі     – 1 мин Топтық жұмыс                -  30 мин Үй тапсырмасын ұсыну – 10 мин Үйге тапсырма беру       - 1 мин Бағалау                             - 3 мин Сабақтың барысы: Сабақ кезеңі Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Тақта көрінісі Ескерту, қосымшалар І.Ұйымдас    тыру кезеңі Оқушыларға сабақтың тақырыбы, жоспары, мақсаты мен міндеттерін хабарлайды: * Дата; * Тақырыбы; * Жұмыстың түрі – топтық (класс алдын-ала 5 топқа бөлінген, әр топтың тарау бойынша атауы болуы керек); * Жұмыстың нәтижесі арнайы бағалау кестесінде топ бойынша бағаланады (топ мүшелерінінң белсенділігін топтағы оқушылар анықтайды, мұғалім өз пікірін қосады); Дәптерге дата мен сабақтың тақырыбын жазу. Теориялық материалдарды еске түсіру;  Есеп шығаруға қажетті шамалар мен формулаларды  еске түсіру. Үй тапсырмасын дайындау Дата, сабақтың тақырыбы           Арнайы бағалау кестесін мұғалімнің көмекшісі (лаборант) толтырады. ІІ. Топтық жұмыс І. «Миға шабуыл». Тест тапсырмасын орындау  - 10 мин     * Тест жауаптары дауыс беру пультімен қабылданады Топтан 1 оқушы дауыс беру пультімен  енгізеді.  – 8 мин   Тексеру – 2 мин. Тест карточкасының мазмұны     ActivStudio программасында дайындалған тест сұрақтарын проекциялап  дауыс қабылданады. Флипчарт беті       Тестілеу флипчарты ІІ.  «Зертханада». Эксперименттік тапсырмалар орындау. – 10 мин   * Әр топқа жекелеген эксперименттік тапсырма беріледі.  Топ мүшелері тапсырманы орнында орындап, қорытынды шығаруы керек. * Эксперименттік тапсырмамен танысу.   ·         Тапсырманы орындау – 1 мин   ·         Түсіндіру- 1 мин       Эксперименттік тапсырамалар мазмұны Флипчарт беті ІІІ. Есептер шығару – 8 мин Әр топқа жекелеген тақырыптар бойынша есептер беріледі.   * Әр топтың жауабы  А4 форматына  жазылып,  ұсынылады, тексеріледі –     2 мин Парақтарға  есептің шығарылуын толық көрсету керек.   Парақты өткізеді Есептердің  шарты проекцияланады     Жауаптар веб-камера арқылы тақтаға түсіріледі.   ІІІ. Үй тапсырмасын ұсыну «Қысым - өмірімізде» Үйге берілген тапсырма бойынша әр топ жекелеген тақырыптар бойынша презентация дайындап, қорғау  -   І топ -  «Қысым-техникада» ІІ топ -  «Қысым- табиғатта» ІІІ топ -  «Қысым-адам өмірінде» ІҮ топ -  «Қысымды зерттеген ғалымдар» Ү топ -  «Қысым негізінде  жұмыс істейтін приборлар мен өлшеуіш құралдар»           Әр топ өздерінің дайындаған презентацияларын ұсынып, қысқаша мәлімет береді.         Слайдтар экранға проекцияланып, топтан 1 оқушы шығып қорғайды.         Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу,  түрлі мәліметтер қорын тиімді пайдалануына жол ашу. ІҮ. Үйге тапсырма беру 1.       §55. «Архимед күші» тақырыбын қайталау. Сабақта шығарылған есептерді қарастыру. 2.       №5 зертханалық жұмысқа дайындалу. 3.       Бүгінгі сабақта шығарылған есептерді топтар арасында алмасып, үйден шығарып, толықтыру.   Үй тапсырмасын күнделікке түсіру. Үй тапсырамаларын проекциялау Толықтыруға берілген есептер  келесі сабақта, зертханалық жұмыс барысында тексеріледі ІІІ. Қорытынды, бағалау.     Топ мүшелерін жинаған ұпайлары   бойынша  бағалау.   ! кейбір оқушылар топпен жұмыстағы  белсенділігін ескере отырып  бағаланады.  Бағаны күнделікке қойып, мұғалімге қол қойдыру Бағалау парағын проекциялау     Қосымша тапсырма:  «Бөтелкедегі жұмыртқа». Құралдар:  Жұмыртқа, бөтелке, қағаз,  сіріңке.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 49 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 103

Похожие материалы