Сабақтың тақырыбы Өз мүмкіндігімізді таниық
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Салибекова Айгул Алибековна
|
Өзін- өзі тану .6-сынып.1-тоқсан
Сабақтың тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
·
Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;
·
Әр оқушының өз мүмкіндігін танып ,дамуына ықпал ету;
·
Өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Әр оқушының өз мүмкіндігін танып,оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай жасау.
Көрнекіліктер: Аудиокассета,Қожа Ахмет Йассауи кесенесі,Астана Бәйтерек,Леонардо да Винчи «Моно Лиза»,Г.Ысмайылова «Жұмбақ қыз»,Гизедегі Хеопс Пирамидасы сияқты көркем туындылар.
Шыттық шеңбері Мұғалім балалармен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып, «Асыл арман» әнін айтады.
Әңгімелесу
·
Адам алдында қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?
·
Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
·
Адамның мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келуі қажет деп ойлайсың дар ма?
Мәтінмен жұмыс «Оқып үйренейік»айдарымен берілген Қ.Толыбаевтың шығармасымен таныстыру.
Оқу ақпараты Оқулықта берілген ақпаратты оқып беру.
Әр адам өзін-өзі,өзінің қажеттілігін,өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады.Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді.Адам жағымды қасиеттерін,ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді.
Тапсырма Адам мүмкіндігінің шексіздігін көрсету мақсатында балалардың назарын оқулықта берілген отандық және әлемдік мәдени мұраларға аударту.
1.
Өнер туындыларын көргенде қандай сезімде болдыңдар?
2.
Өнер туындыларында қандай ұқсастықтар мен артықшылықтар байқадыңдар?
3.
Адам мүмкіндігінің шексіз екендігін тағы да немен дәлелдер едіңдер?
4.
Адам мүмкіндігінің шексіздігіне қандай мысал келтіре аласыңдар?
Ойын Ойынның шарты: балалар шеңбер жасап отырады.Мұғалім балаларға өздерін таныстыру үшін өз бойларындағы жақсы қасиеттерін,нені бағалайтындарын ойлап,ой елегінен өткізуді тапсыру.Әр бала өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін іштерінен ойлайды.Содан кейін әр бала өз атын атап,өзінің жақсы қасиеттері туралы кезек-кезек айтып береді.
Мәтінмен жұмыс Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»повесінен үзінді оқу.
Дәйексөз Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында Әл-Машанидің қанатты сөзі қолданылады.
Жүректен жүректен Оқушылар өз тілектерін былай бастауларына болады: «Мен өзіме және өзімнің достарыма амандық тілеймін...».
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 72 Kb |
Количество скачиваний: | 38 |