Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тану- өмірді тану

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тану- өмірді тану

Сабақтың мақсаты:  оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.                                          

Сабақтың міндеттері:

-         Өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

-         Өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;

-         Өмірді бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:   дәстүрлі

Сабақтың типі:  аралас

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, әңгімелесу

Сабақтың барысы:     

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ. Өзіңді тану - өмірді тану

 

Шаттық  шеңбері

Оқушылардың жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру  үшін және сабақта көңілді  орта құру мақсатында  «Жас өмір» әнін айтуды ұсынамын.

 

                                                        Жас өмір

Сөзін жазған А.Шамкенов

Әнін жазған  К.Күмісбеков

Жас өмір жайқалтады жапырағын,

Жас өмір жардай ыстық жақсы әнің.

Жас өмір толған мақсат шексіз арман,

Батыл ой, ұшқыр қиял, батыл адым...

  Өлеңді тақырыппен байланыстыру мақсатында  оқушылардың назарын «Жас өмір» өлеңінің мазмұнына аудартамыз.

 

Әңгімелесу

   Оқушыларға  өмір, өмірдің мәні, мәнді өмір сүру, өмірді бағалай білу және ол үшін адамның ең әуелі  өзін-өзі тани білуі қажет екенін ұғындыру мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап  арқылы әңгімелесу жүргізіледі.

1.     Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

2.     Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?

3.     Өмірді бағалай білесіз бе?

4.     Өмірден не күтесіңдер?

5.     Сендердің мақсаттарың қандай?

       Өз мінезіңді, ақылыңды, пікірлерің мен  құштарлығыңды таны. Өзіңді танып болмайынша, өзіңе ие бола алмайсың. Бет үшін айна бар, ал көңіл түпкірін ештеңемен көруге болмайды; осы жерде өз парасатың саған  көңіл айнасы  болсын. Өзіңнің сыртқы  әлпетің туралы  ұмытуға болады, бірақ әрқашан жан жайсаңдығын естен шығарма, оны жақсарт, жетілдір. Өз парасатыңды, іс-әрекетке қабілетіңді тексер; қызбалығыңды сына, жан тереңіне бойла.

 

Сахналау

Оқушылардың  ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығынтүсіндіру мақсатында  «Сахналау» айдарымен берілген диалогті сахналау ұсынылады. Сахналауды талдау барысында  оқушылардың атасы мен немересінің іс-әрекетіне баға беруі, өз ойларын ортаға салуы, өмірдің мәнін тереңірек ашуы арқылы оқушылардың нақты тұжырым жасауына  мүмкіндік тудыру.

 

Тыныштық сәті

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды  жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді  жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа  толғанын сезініңдер.

        

Дәйексөз

          «Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың»

         В.Гете

   «Нақыл сөзді  қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ арқылы оқушылардың өз пайымдауларын ортаға салуға жағдай туғызуға болады.

 

 ІІІ. Үйге тапсырма

1. М.Мақатаевтың өмір туралы  пайымдауларын басшылыққа ала отырып, жазбаша түйіндеме жасау. 16 бет

 

Жүректен  жүрекке

     Шеңбер құрып, Т.Айбергеновтың «Өмір» өлеңімен сабақты қорытындылаймыз. Оқушылар өлеңді оқыған соң адамға өмірде не қымбат екендігі жөнінде пікірлесу. 

Өмір

                                                      Т.Айбергенов

                                   Өмір деген – көк мұхиттың толқыны,

                                   Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,

                                   Бір бірімен жатқан тулап арбсып,

                                   О, толқындар, арпалысып, алға ық!

 

                                   Өмір деген пәк жаралған махаббат,

                                   Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.

                                   Ұғынбайтын өз ойынан өзгені,

 

                                   Өз жүрегін өртейтұғын өз демі...

Тип материала: Архив ZIP (zip)
Размер: 1.24 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 212

Похожие материалы