Сабақтың тақырыбы:5-ке көбейту және бөлу. (3-сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 Сабақтың тақырыбы:5-ке көбейту және бөлу. Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 5-ке көбейту және бөлуді, үйрету ұғындыру. Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдасын дамыту, ауызша есептеу дағдаларын жетілдіру. Тәрбиелігі: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Түрі: аралас сабақ.

Тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту. Білімділік мақсаты: Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орындаудың үлгісін көрсетіп беру, амалдар алгоритмдердінің сәйкес кезеңдері және орындалатын іс-әрекеттерге, яғни алгоритмге машықтандыру, екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептер және оны түрлендіру. Дамытушылық мақсаты: Кестелік қосу және азйту дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға, нан қасиетін білуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Ертегі сабақ Пәнаралық байланыс: Ана тілі Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер Сабақтың мақсаты:1. Тұрлаусыз мүшелер туралы берілген түсінікті бекіту, тұрлаусыз мүшелердің не бастауышына, не баяндауышына қатысты болатын меңгерту. 2. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қортынды шығара білуге, дағдыландыру, ой-өрісін, ауыз екі сөйлеу тілімен жазбаша сөйлеу тілін дамыту. 3. Әдемі жазуға мәнерлі сөйлей білуге тәрбиелеу, ұжымдыққа бейімдеу. Сабақтың түрі: Топтық-ұжымдық, оқыта үйрету ойыны. Сабақтың әдіс-тәсілдері: М.О.Т әңгімелеу,түсініктендіру, сұрақ-жауап, ауызша-жазбаша жазу жұмысы.Көрнекіліктері: Қапшық, фишка, ортақ бағалау парағы, тапсырмалар, тест. сабақтың барысы. І Ұйымдастыру. Тақырыбы. Ойлы болсаң, озып көр! Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың пәндерден алған білімдерін тереңдеу. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дамытушылығы: логикалық ойлауын, жылдам есептеу дағдыларын дамыту. тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, достыққа, тез есептеуге, озық болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайттар. Сабақтың барысы. Тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі. Өзен суреті бойынша әңгіме өткізу. сабақтың мақсаты: а) Ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқумен жазуды үйрету; ә) Ө дыбысы қатысты жаңа сөздердібілдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту;б) оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға тәрбиелеу Сабаққа қажетті көрнекті құралдар: "Әліппе", т.б оқу құралдары, ілмелі кестелер мен қима әліппе, тақырыптық таратпалы суреттер, дидактикалық материалдар, т.б.

 

 

 «Шалқан» ертегісі.Сахналық көрініс.

 

Тақырыбы: Шалқан ертегісі

 

Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнымен  таныстыру.

Міндеттері:

1.     Ертегі мазмұнын түсіне білуге, ертегідегі  кейіпкерлердің ісін бағалап, олардың  жағымды қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге қалыптастыру.

2.     Балалардың ойын, қиялын, сөздік қорларын дамыту.

3.     Балаларды бірлікке, татулыққа, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

  

 

Көрнекіліктер: «Шалқан ертегісі» тақырыбы жазылған жазу, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

 

Жұмыстың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 

Қуан шаттан алақай

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Күліп шыққан бүгін күн

 

Жұмыстың жүрілу мазмұны:

-- Балалар, сендер қандай ертегі білесіңдер?

-- Ендеше мен сендерге бірнеше ертегілерден үзінді оқимын, сендер қай ертегіден алынғанын табуларың керек.

1.— Ағаш,ағаш маған жапырақ берші,

-- сен маған су әкеліп бер, сонда саған жапырақ беремін -дейді ағаш.

Бұл ертегі қалай аталады? (Мақта қыз бен мысық)

2.— «Мен сені жеймін»-дейді қасқыр

-- «Жемеші,мен саған өлең айтып беремін»-дейді бауырсақ.

Бұл ертегі қалай аталады?

 

 

 

 

 

 

 

3.— «Мен бәріңнен де биікпін, сондықтан күнді бірінші мен көремін»- дейді түйе.

Бұл қай ертегі?

4.— «Лақтарым, шырақтарым, есікті ашыңдар, аналарың сендерге тамақ әкелді»- дейді ешкі.

Бұл қай ертегі?

5.— «Кемпірім, кемпірім бері кел, маған көмектесіп жіберші»- дейді шал.

«Қызым, қызым бері кел, маған көмектесіп жіберші»- дейді кемпір.

Бұл қай ертегі?

-- Дұрыс айтасыңдар, Шалқан ертегісін білеміз бе? Қандай кейіпкерлер бар? Атаңдар.  

-- Ендеше «Шалқан» ертегісін сахналайық.(Балалар ертегіні сахналап қояды)

Баяғыда бір шал мен кемпір және қызы болыпты. Бір күні шал бақшасына шықса, бақшада үлкен шалқан өсіпті. Шал шалқанды жұлмақшы болып ары тартады, бері тартады, шалқан жұлынбайды. Шал кемпірін шақырады:

-- «кемпірім, кемпірім бері кел»- дейді. Кемпірі келіп:

-- «не болды, шал»- дейді.

-- «Маған мына шалқанды жұлысуға көмектесші»- дейді. Екеуі ары тартады, бері тартады, шалқан жұлынбайды. Енді кемпір қызын шақырады:

-- «Қызым, қызым бері кел»- дейді. Қызы келіп:

-- «не болды?»- дейді.

-- «Бізге мына шалқанды жұлысуға көмектесші»- дейді. Үшеуі ары тартады, бері тартады шалқан жұлынбайды. Қыз итін шақырады:

-- «итім, итім бері кел» -дейді. Иті келіп, төртеуі ары тартады, бері тартады, шалқан жұлынбайды. Енді иті мысықты шақырады:

-- «мысық, мысық бері кел»- дейді. Мысық келіп, бесеуі ары тартады, бері тартады, шалқан жұлынбайды. Енді мысық тышқанды шақырады:

-- «тышқан, тышқан бері кел»- дейді. Тышқан келіп, алтауы тартып қалғанда, шалқан бірақ жұлынады. Осылайша шалқанды бәрі бірігіп, татулықтың арқасында жұлды. Тышқан кішкентай болса да, оның күші көп екен, соның арқасында шалқанды жұлды.

 

 

Қорытынды.

Ертегі ұнады ма? Ертегіден не түсіндіңдер? (Балалардың жауаптары)

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 51 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 142

Похожие материалы