Сабақтың тақырыбы:Абылайхан билігі тұсындағы қазақ хандығы 8 сынып
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ерманова Жанна Есқабылқызы
|
Сабақтың мақсаты:
Ø Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Ø Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Ø Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отағна деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рузында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қызғыздармен қарым-қатынасы.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын сұрау:
«XVIII ғ. ортасындағы Қазақстан» және «Қазақ-қалмақ қатынастары» тақырыптары бойынша сұрақтар қою.
1. Картамен жұмыс:
· Картадан Башқұртстанның қайда орналасқанын көсетіңдер. Башқұртстанның мемлекеттік құрылымы жөнінде не білесіңдер?
· Қалмақ хандығының географиялық орналасу ерекшеліктері. Қалмақ хандығының пайда болу тарихы.
1. Қалмақ билеушілерінен кімдерді білесіңдер?
2. XVIII ғасырдың ортасына қарай Кіші жүздің жағдайы неліктен шиеленісіп кетті?
3. Қазақстар мен башқұрттар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері жөнінде не білесіңдер?
Тарихи тұлға
Жылдар
Оқиғалар
Нұралы
1771
Еділ қалмақтарын Жоңғарияға бастап барған қалмақ билеушісі
Батырша
10 шілде, 1749
Әбілқайыр ханның баласы. Патша үкіметі оны Кіші жүз ханы етіп ресми түрде бекітті
Неплюев
1765
Генирал-поручик, Сібір шебінің қолбасшысы, Ертістің дала жағынан 10 шақырымдық белдеу орнатуды межеледі.
Шпрингер
1697
Орыс патшасы, Аюкені ресми түрде Еділ қалмақтарының ханы етіп бекітіп, Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды тапсырды.
І Петр
1742
1754
Орынбор өлкесінің губернаторы, қазақстарды көршілес башқұрттармен, қалмақтармен жауластыру саясатын жүргізген
Убашы
1755
Башқұрттардың Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі басшысы.
4. Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?
5. Қазақстар Еділ қалмақтарын талқандауда неліктен шешуші рөл атқарды?
(Сабақта хронологиялық кестені пайдалану оқушыларға оқылған тарихи оқиғаларды терең меңгеруіне, олардың себеп-салдарлық байланыстары мен заңдылықтарын меңгеруге тарихты ғылыми түсінуге көмектеседі.)
6. Карточкалармен жұмыс.
№1 тапсырма. «Тарихи тұлға».
-Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты тарихи тұлғаларды рет-ретімен қойып шығыңдар.
№2 тапсырма. «Қазақстан XVIII ғ. ортасында» деген тақырып бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесін жасау:
1748ж.-
1740-1755 жж.-
1752-1755 жж.-
1765 ж.-
1771 ж.-
№3 тапсырма. «Қазақ –қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесі:
1628 ж.-
1697 ж.-
1723 ж.-
1726 ж.-
1771 ж.-
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.59 Kb |
Количество скачиваний: | 49 |