Сабақтың тақырыбы:«Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері»
Предмет:
История
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Серикбаева Салима Толегеновна
Здесь была ссылка на работу Сабақтың тақырыбы:«Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері» автора Серикбаева Салима Толегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: 1 . Жарықшақты қол гранаталарының құрылысы Мен таныстыру лақтыру тәсілдерін оқушыларға үйрету және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. 2. Граната түрлеріне қарай сипаттамаларын білу, негізгі бөліктерімен механизмдерінің жұмысын меңгерудегі білімін дамыту. 3. Патриоттық сезімін арттыру, Отанын қорғауға дайын болуға, батылдыққа, ержүректікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі : аралас сабақ. Сабақтың әдісі : түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауаптар т / б. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі. Көрнекілігі: Оқу - жаттығуға арналған қол гранаталары сызба нұсқалары, плакаттар т / б Сабақтың барысы: И. Ұйымдастыру. Бөлімше командирі сапқа тұрғызады, әскери оқытушыға рапортын береді. Сәлемдесу. Оқушылардың тазалығына көңіл бөлу. Тізім бойынша тексеру. II. Үй тапсырмасын тексеру. 1) Жарықшақты қол гранаталары неге арналған? 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде және қарулануында қол гранаталарының қандай түрлері бар? 3) РГД-5 жарықшақты қол гранатасының ұрыстық қасиетін атап беріңдер? 4) Гранаттың бөліктерімен механизмдерінің жұмысы жайлы айтып беріңдер? III. Мақсат қою кезеңі: 1) Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдерін оқушыларға үйрету. 2) «Гранаттарды дайындау», «гранатпен-ат» дайындықтарына машықтандыру. В) Жаңа сабақты түсіндіру. Гранаттарды лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану (гранатты жарақтау және орналасу) мен гранатты лақтыру. Жаттығу сабақтарында ұрыстық гранаттарды лақтыру кезінде Болат дулыға киіледі. Гранатты жарақтау: «! Гранаттарды дайындау » пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі. Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығынды корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып шегіне дейін бұрап енгізеді. Гранат лақтыруға дайын. Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру түрлі жағдайларда жүргізіледі: түрегеліп тұрып, тізерлеп тұрып, жатқан қалпында, сондай-ақ (ЖҰМ) жаяу әскердің ұрыс машинасынан, танкіден, БТР және жаяу әскер ретік қозғалыста тек шабуыл гранаттары, гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскелең шөп, сым темір және т / б кедергілер болмайтындай жер таңдалады. Гранатты лақтыру «Гранатпен-ат!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Жарықшақты қол гранатын лақтыру үшін: 1.тығынды бұрап алу 2. Тұтандырғышты алу, 3. Тұтандырғышты бұрап тығу. Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру алдындағы іс-әрекет: ағытқыш интеркті граната корпусына басу, сақтандырғыш мұрындық ұштарын ию, сақтандырғыш мұрындықты жұлып Алу.