Салалас құрмалас сөйлем ,мағыналық түрлерін оқыту.

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

БЛУМ таксономиясына негізделген қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы: 11 Пәні: қазақ тілі Күні: 20.02.2015.

Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ,мағыналық түрлерін оқыту.

Мақсаты: Салалас құрмалас сөйлем.Мағыналық түрлері жайлы мол мағлұмат алуына, мәтінді талдау,тапсырмалар орындату арқылы терең меңгерту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Салалас құрмалас сөйлем, түрлері жайлы мол мағлұмат алуына, мәтінді талдау арқылы терең меңгеруіне жағдай жасалады,өркен білімдерін есте түсіріп, тақырып жайлы білімін толықтырады, пәнге қызы-ғушылығы артады.

Әдіс-тәсілдер: топтастыру әдісі, пікір-болжам, бағалау, сұрақ-жауап, СТО.

Ресурстар: сызба-кестелер, сұрақ-тапсырмалар.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері (әр топ орындарынан тұрып, өз тобына және өзге топтарға сәттілік тілейді)

Білімді жан-жақты тексеру

Мәтіндерді оқытып,

Оқушыларды білімді саналы меңгеруге дайындау

меңгерту межелері

мұғалімнің іс-әрекеті

қалыптас- тырушы

бағалау

оқушы іс-әрекеті

1. Білу

Оқу материалын есте сақтау мен қайталау. Әр түрлі мазмұндағы ақпа-ратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін), яғни қажетті мәлімет-терді есте сақтау.

Жұптық – топтық жұмыс: мәтінді оқып, талдау. Құрмалас сөйлем.Салалас құрмалас сөйлем, түрлері жайлы(оқушылар топта бір – бірімен білгендерін бөліседі)

нақты фактілерді келтіреді; әдістер мен жұмыстың орындалу ретін қайта-лайды; негізгі ұғымдарды есте сақтайды және қайталайды; ережелер мен қағидаларды жатқа келтіреді.

2. Түсіну

Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (сөзбен келтірілген мәлі-метті кесте, схемамен көрсету не керісінше);

Интерпретация – оқу ма-териалын “өз сөзімен” тү-сіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу мате-риалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның сал-дары мен нәтижелерін болжау.

Құрмалас сөйлем.Салалас құрмалас сөйлем, түрлері жөні-нен оқығандары бойынша постер толтырады

– І топ.

– ІІ топ

– ІІІ топ.

– ІV топ.

Ескерту. Мәтіндердің көлемі шағын болғандықтан, мазмұндап, түйінін айтуға болады. Жатты-ғу жұмыстарын ауызша түсін-діруде қолданады.

фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады, айырмашылығын көр-сетеді; мысалдар келтіреді; сөзбен келтірілген материалды түрлендіреді, өзгертеді; берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал салдарын сипаттайды, болжайды.

Қорғап болған соң, постерлерін тақтаға іледі, өзге топтар жұмысты стикерлер арқылы бағалайды.

3. Қолдану

Оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолда-нуды меңзейді. Мұнда ере-желерді, әдістерді, ұғымдар-ды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді.

Берілген тапсырма бойынша әр топ өз тапсырмасын орын-дап қорғайды (өзге топтар тыңдап , соңынан сұрақ қояды) тапсырмалады дәптерлеріне жазбаша орындату.

ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

4. Талдау

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау; бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

Жасырын (көзге көрінбейтін) жайттарды ашады; фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады; ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

5. Синтез

Оқу материалының эле-менттерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәти-жені) құрастыру. Жаңа нә-тиже ретінде оқу ма-териалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама, жұмыс жоспары, схема-ларды атауға болады.

Әр топ тапсырмаларды негіз-ге ала отырып өз пікірлерін жазады,кері ереже құрады.

Шығармашылық жұмыс

Дәптерге топ мүшелері өзде-ріне берілген тақырыптар бо-йынша қысқа әрі нұсқа анықтама жазу..

шығармашылық тұрғыдан тап-сырма жазады; қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.

6.Бағалау

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру,таңдау жасап, шешім қабылдау. Мұнда шәкірттің пайымдаулары нақты дәлелдерге негізделуі керек: – ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан; - сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан.

оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды; маңыздылығын айқындайды; шешім, қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

КЕРІ БАЙЛАНЫС: Көрсетілген үш түрлі смайликке сәйкес оқушылар сабақтан алған әсерін білдіреді.

Сын-ескертпе, мадақтау. Топтар өзара бір-бірін, яғни І топ ІІ топты, ІІ топ ІІІ топты, ІІІ топ І топты бағалайды.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.61 Mb
Количество скачиваний: 82
Просмотров: 275

Похожие материалы