Сан есім.(ашық сабақ жоспары) 2-сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын  білдіретін  сөздерді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:заттың санын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін еске түсіру, толықтыру;

Дамытушылық: сөйлем ішінен заттың санын  білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қоя білу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік мәні: адамгершілікке тәрбиелеу. 

Сабақтың әдіс тәсілдері: еске түсіру,  сұрақ-жауап, жаттығу.

Пән аралық байланыс:  әдебиеттік оқу

Көрнекілік: суреттер, оқулық

Қолданылатын технология: ойын технологиясы

Сабақтың типі:  қайталау сабағы

Сабақтың өту әдісі:          

                                          Сабақтың жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ  Қызығушылығын ояту

ІV  Мағынаны тану

V  Ой толғаныс

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа деген көңіл күйлерін арттыру.

а)  Психологиялық дайындық

Арайлап шықты жаңа күн,

Шуағын шашып баршаға.

Кәне, досым, күлімде

Шаттық орнасын жүзіңде!

Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

4- жаттығу, 22 бет. 

Заттың атын білдіретін сөзге сәйкес заттың сынын білдіретін сөзді тауып жаз.

Қалың киім, жирен ат, қоңыр аю, қызыл алма, тәтті қант, қышқыл айран.

Тақтаға бірнеше сөз жазылады:

Жирен, шырайлы, компьютер, жасырынды, күлкілі, аспан, қоңырау, ағаш, көгілдір, пайдаланды, биіктеді, қысқа, т.б.

Үш оқушы сөздерді үш топқа бөліп жазады.

ІІІ  Қызығушылығын ояту

Жұмбақ- санамақ.

Бір үйде біз нешеуміз?                                    Ортаң терек-ағам,

Кел,  санайық бәріміз.                                     Шылдыр шүмек- мен,

Бас бармағым-атам,                                         Титтей бөбек- сен.

Балаң үйрек-апам,                                           Бір үйден біз нешеуміз?

                                                                                                     (Жауабы: бесеуміз.)

- Бұл жерде отбасындағы адамдардың санын білдіріп тұрған қай сөз?

- Заттардың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?

- Неше? Нешеу? Нешінші?

ІV  Мағынаны тану

а)  дәптермен жұмыс

Дәптерлеріне бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазғызу.

Дыбыс :                                              Ж ж

Сол дыбысқа байланысты сөз жазу:                           жетпіс

Ауызша сол сөзге дыбыстық талдау жасату.

1-жаттығу.  Сурет орнына заттың атын қойып, сұраққа жауап жаз.

Әсетте үш дәптер бар. Ыдыста төрт гүл тұр. Сара қоянға екі сәбіз берді.

3- жаттығу ауызша орындалады.

Төрт жыл, бір рет, бес күн.

Олимп тауы Грецияда орналасқан.

4-жаттығу

Дүйсенбі-бірінші күн .                  Жұма-бесінші күн.

Сейсенбі-екінші күн.                     Сенбі-алтыншы күн.

Сәрсенбі-үшінші күн.                   Жексенбі-жетінші күн.

Бейсенбі-төртінші күн.

Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр                                    Артқа қарай бір адым

Солға, солға түзу тұр                                 Жоғары, төмен қарайық

Алға қарай бір адым                                  Орнымызды табайық.

ә)  оқулықпен  жұмыс

5-жаттығу өлеңді түсініп оқып, қойшының неше қойы барын есептеу.

Барлығы жеті  қой болды. Жалқы (бір), егіз(екі), қос(екі) .

V  Ой толғаныс

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Заттың санын білдіретін сөздерді тап.

 

           Айгүл сыйлады үш кітап Асанға. Мектепке дейін екі жүріппіз сағаттай. Біздің мектепте оқиды бала алты жүздей.

 

Бағалау: оқушылардың дұрыс, толық жауаптары мен белсенділіктеріне қарай.

 

Үйге тапсырма: 2- жаттығу  23 бет.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.67 Kb
Количество скачиваний: 68
Просмотров: 185

Похожие материалы