Разработка на тему: "Сын есім"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қазақ тілі

Сыныбы 3 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушыларға сын есімнің мағынасы, сұрақтары туралы жан-жақты білім беру.

2) Дамытушылық: Сын есім туралы білімін кеңейтіп, танымдық қиыншылықтарды жеңуге дағдыландыру, шығармашылыққа баулу.

3) Өзіне сенімділігін қалыптастыру, жазу сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, аңдар суреті.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

Ақпыз, қара, сарымыз.

Ағайынбыз бәріміз.

2) Үй тапсырмасын сұрау.

1. Етістік деген не?

2. Етістіктің сұрақтары қандай?

3. Негізгі етістік пен туынды етістікті қалай ажыратамыз?

4. Болымды етістік деген не?

5. Болымсыз етістік жасайтын жұрнақтарды ата.

Өмірмен байланыстырып сөйлем құрау.

Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

- Қазір қай мезгіл?

- Қыс.

Осы қыс мезгіліне байланысты (қар суреті, мұз, аяз) сөйлем құрап көрейік.

Аязды қыс бет тондырады.

Ақ, ұлпа қар.

Мұз қалың, жылтыр мұз.

Үскірік суық аяз.

Олай болса осы сөздердің барлығы нені білдіреді?

- Сын есім.

Ой толғау.

Сын есім нені білдіреді?

Дәмін

Сын есім Түрін

Көлемін

Сапасын

Аңдардың суретін көрсете отырып, оларға тән белгілерді ажырату.

Мысалы:

Түлкі қызыл, қу (түрі, сапасы)

Қоян сұр, қорқақ, ақ (түсі, мінезі)

Аю қоңыр, маймақ (түрі, болмысы)

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ережені еске түсіру.

Сын есім заттың сынын, сапасын, қасиетін, дәмін, түр-түсін білдіреді, сұрақтары қандай, қай?

Кітаппен жұмыс.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдерді тауып, сұрақ қой.

Әр қатарға 2 зат есім беріп, сын есімді табу.

Мысалы:

I қатар II қатар III қатар

Гүл Аспан Тамақ

Кітап Терек Сандық

Ескерту: түрі, пішіні, дәмі болуы қажет.

Мұның барлығы нені білдіреді?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.13 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 106

Похожие материалы