« Құстар - біздің досымыз»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кадиркулова Кенжекул Байтановна
|
Тақырыбы: « Құстар - біздің досымыз»
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету. Олардың құстар туралы ой - өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін – табиғатын сүюге баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.
Барысы: Бейнетаспадан жазғы ормандағы құстардың әсем дауыстары естіліп тұрады.
Кіріспе.
Хор: «Көктем келді»
1 - оқушы
Наурыз келді,
Тіршілікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
2 - оқушы
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды.
3 - оқушы
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді - « менің тұрағы».
І - бастаушы: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі - құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.
ІІ - бастаушы: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін - бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңеді.
4 - оқушы
Ой, балалар, балалар!
Жылы - жылы жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті.
5 - оқушы
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
6 - оқушы
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.61 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |