Здесь была ссылка на работу Сандық логикалық элементтер автора Калакова Гульсим Кабдуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Негізгі параметрлер мен классификациялар. Интегралды микросхемадағы сандық логикалық элементтер (ИМС) – бұл микроэлектронды бұйымдар, дискретті сигналдарды өзгерту және өңдеу үшін арналған. Басқарылатын сигналдар түріне байланысты сандық ИМС-ті 3 топқа бөлуге болады: потенциалды, импульсті және импульсті-потенциалды. Логикалық элементтердің басым көпшілігі потенциалдыққа жатады, онда тек қана потенциалдық сигналдар қолданып, импульсті сигналдар мүлде қолданбайды. Импульсті сандық ИМС-те тек импульсті сигналдар ғана қолданылып, потенциалдық сигналдар мүлде қолданылмайды. Мұндай жағдайда ИМС басқару импульс кезінде потенциалдың өзгеруінен жүзеге асады. Бұл жағдайда оң және теріс белгілеулердің өзгерулері қолданылады. Импульсті-потенциалдық ИМС-те потенциалды және импульсті сигналдар қолданылады. Бұл жағдайда кернеудің өзгеруін басқаратын импульсті кірістер кернеудің бағытының өзгеруі қисық сызықпен белгіленеді (/немесе).Барлық логикалық элементтер параметрлердің жинағымен сипатталады, техникалық талаптарда көрестілгендей (ТТ). ТТ-да жазылмаған параметрлерді қолдануға тыйым салынған, өйткені жетілдіру кезінде өнімдер өзгеруі мүмкін. Логикалық элементтердің негізгі параметрлерге жатады: •логикалық функциялар жинағы; •ЖӘНЕ бойынша немесе НЕМЕСЕ бойынша кіріс саны; •шығыстағы тармақтану коэфиценті; •қоректенетін қуат; •динамикалық параметрлер:сигналды таратуды тоқтату және кіріс сигналының максималды жиілігі;Логикалық сериялы ИМС. Жасалу технологиясына байланысты логикалық ИМС элементтер жинағымен ерекшеленетін серияларға бөлінеді, қолданатын қуатпен, динамикалық параметрлермен және т.б. ТТЛ-де (транзисторлі-транзисторлік логика) жасалған логикалық ИМС көптеген қолданыс тапты, ЭҚЛ (эмиттерлі-қосылған логика) және КМОП (комплементарлы МОП логика) технологиялар. Әр қайсы аталған технологиялар жетілдірілді, сондықтан ИМС-тің әр сериясында параметрлері ерекшеленетін түпсериялар бар. ИМС-те ТТЛ технологиясымен орындалған, базалық элемент ретінде көпэмитерлі транзистор қолданылады. VT1 көпэмитерлі транзисторымен И-НЕ логикалық элементінің сызбасы 12.2 суретте көрсетілген. Көпэмитерлі транзистор (КЭТ) жай транзистордан ерекшеленеді, себебі бірнеше эмитері қолданылады, сондықтан арасында тікелей әсер ету мүмкін емес. Соның нәтижесінде эмитерлер базасының ауысуы МЭТ паралелді қосылған диодтар ретінде қарастыруға болады.