Сарамандық жұмыс "Суды лас қоспалардан тазарту" (8 сынып)
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ережепова Меруерт Нуртаевна
|
Предмет: химия Класс: 8
Учитель химии Ережепова Меруерт Нуртаевна
Сарамандық жұмыс №3
Сабақтың тақырыбы: Суды лас қоспалардан тазарту.
Сабақтың мақсаты: Алғашқы химиялық түсініктер тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу . Оқушылардың «Судың қасиеттері» тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін іс жүзінде бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: Қауіпсіздік техника ережесін сақтай отырып, тәжірибе жасай білуге, эксперимент мәнін түсіндіре отырып, қорытынды жасауға үйрету.
Дамытушылық: Лабораториялық құрал жабдықтарды пайдалана білу икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: білім алуға деген жауапкершілікке, кіші ұжымда жұмыс жасай білуге, ізгілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Химиялық заттармен жұмыс барысында экологиялық тәрбие беру.
Реактивтер және құрал жабдықтар: компьютер, проектор, сынауық, сүзгі, сүзгі қағаз, құйғы, стақандар, «Қауіпсіздік техника ережесі» нұсқаулығы, тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың типі: Сарамандық
Сабақтың түрі: зертханалық жұмыс
Сабақты ұйымдастыру формасы: жеке → жұптық схемасы бойынша жүргізіледі. Сабақ барысында оқушылар жұппен отырады. Ең алдымен қауіпсіздік техника ережесі сұралады. Әрбір жұпқа тапсырмалар жазылған үлестірмелер таратылады. .
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сарамандық жұмыстың тақырыбымен таныстыру.
IV. Сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма.
І Ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту «Табиғат» (су жайлы нақыл сөздер жазылған бейнебаянды көрсету)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Ой шақыру. (проектордан көрсетіледі)
1. - Графикалық диктант
− Иә Жоқ
1. Табиғи таза су бола ма?
2. Алғаш судың молекулалық формуласын анықтаған Г. Кавендиш.
3. Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.
4. Судың құрылымдық формуласын анықтаған Ж.Менье.
5. Сумен жер шарының 34 бөлігі қапталған.
6. Жердегі тіршілік көзі оттек болып табылады.
7. Н2 СО3 су
8. Н2 О көмір қышқылы
9. Су түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйық
10. Су еріткіш.
Дұрыс жауапты бағалау:
1-8 дұрыс жауап «5» баға
1-7 дұрыс жауап «4» баға
1-6 дұрыс жаауап «3» баға
1-5 дұрыс жауап «2» баға
Су
Судың қолданылуы:
III. Сарамандық жұмыстың тақырыбымен таныстыру.
Жалпы сыныпқа тапсырма.
Әрбір жұпқа тапсырмасы жазылған үлестірмелер (алгоритм) таратылады. Жұмысқа керекті құралдар мен реактивтер таратылады.
Бірінші жұпқа темір, күкірт, су араласқан ерітінді беріледі.
Екінші жұпқа құм, су, май ерітіндісі.
Үшінші жұпқа топырақ,ағаш үгінділері, су ерітіндісі.
Төртінші жұпқа бор, май, су ерітіндісі.
Оқушылар берілген тапсырма арқылы тәжірибелерін жасап, қорытынды жасайды.
Жұмыстың дұрыс орындалу реті проектордан көрсетіледі.
Сарамандық жұмысты бағалау критерилері:
Техника қауіпсіздігін сақтау;
Тәжірибені дұрыс жүргізгендігі;
Жұмысты орындау үшін реактивтер мен приборларды қолдана білуі;
Жұмыс барысындағы ұқыптылығы мен ұйымдастыра білу іскерлігі;
Жұмыс бойынша қорытынды жасауы;
ІV. Сабақты бекіту.
1. Райхан гүлінің қызғылт гүл күлтешесінде бұл элемент көп болған жағдайда көкке, тіпті қара түске боялуы мүмкін. Салыстырмалы атомдық массасы, 63,5 ке тең. Элементтің атын, рет санын, таңбасын, валенттілігін көрсет.
2.Бұл элементтің ең көп концентрациясы көздің қарашығында жинақталған. Рет саны 56, валенттілігі ІІ. Осы элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын ата.
3.Бұл элемент тілдің сілекей безінде жинақталған. Салыстырмалы атомдық массасы 119 тең. Бұл қай элемент.
4.Солтүстік орхидеясы осы элементке бай топырақта өседі. Салыстырмалы атомдық массасы 40 тең. Бұл қай элемент.
5.Бұл элемент жетіспеген жағдайда өсімдіктің бойы өспейді, жемісінің жетілуі тежеледі. Рет саны 15 тең. Бұл қай элемент.
6. Ағзаға бұл элемент жетіспесе бақшаңкөз (зоб) ауруына шалдығады. Рет саны 53. Осы элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын ата.
7. Ауыз суда бұл элемент жетіспесе тістеріңіз ауыратын болады. Адамзатқа қажетті элемент.Қосылыстарында бір валентті. Салыстырмалы атомдық массасы 19 тең. Бұл қай элемент.
8. Бұл элементтің қосылыстары өнеркәсіпте сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі-дәрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің (автокөлік, авиация) бензин сапасын жақсартып, этилдеуде қолданылады. Рет саны 35. Осы элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын ата.
9.Аты үш әріптен тұратын қандай элементтерді білесіңдер?
V. Үйге тапсырма.
«Судың маңызы» тақырыбына реферат жазу
Бағалау:
Есеп шығарту.
72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.
2 H2 O = 2 H2 + O2. Mr (H2 O) = 18*2 =36.
Mr (H2 ) = 2*2 = 4.
Mr ( O2) = 32.
72г / 36 = Х / 4 Х=72 * 4 / 36 = 8 гр.
72г / 36 = У / 4 У=72*3 / 32 = 7 гр.
Жауабы: 8 гр сутек.
7 гр оттек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 58 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |