Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Алимбетова Индира Амангелдикызы
|
Здесь была ссылка на работу Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым! автора Алимбетова Индира Амангелдикызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 4жыл білім алған бастауыш сыныппен қоштасып, әр баланың ерекшелігін тагыта отырып, ұстаздары мен ата-аналарына балалық алғыстары мен сүйіспеншіліктерін білдіру. Өз отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайдтар, гүлдер, шарлармен безендірілген акт залы. Сабақтың барысы: Көңілді күн әні мен би. Билеп сахнаны ашу. Сапқа тұрып оқушылар ортаға шығады. Альбина Бала шаққа болашақты жырлатып Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты Күн нұрындай сәуле құйған көңілге Армысыздар, ұстаздарым қымбатты! Әсел Армысыздар әжелер мен аналар Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар Ел дәстүрін мәңгі сыйла оқы, деп Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар Шұғыла Армысыздар, өр тұлғалы әкелер Қыран құстай балапанын мәпелер Бүгін міне бастауышпен қоштасады Азамат боп, кешегі сәби еркелер Назым Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып қошеметтеп шақырамыз 4-сынып оқушыларын ортамызға Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады. Рахат Олай болса, құрметті көрермендер Сүлеймен Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, бастауышым! атты ертеңгілігімізді. Олжас Әлия апайдың қырандай ұлдары, Қызғалдақтай қыздары. Қайрат 4. 4 В сыныбы Хор: Біз бастаймыз. Қайрат: Ән мен биге басайық Өнерімізді көрсетіп Құрметіне бұл тойдың Әнмен шашу шашайық Қоштасу тойын бастайық Хор: Алтын ұя мектебім Сүлеймен: Мектебім – білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санапм Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай Әрқашан қасиетті атың маған Қайрат: Сүлеймен, сен дұрыс айтасың! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын. Сүлеймен.Олай болса Қайрат, алтын ұя мектебіміздің алғашқы сатысындағы балалық шақ слайдына назар аударайық. Слайд көрсету. Шуағын төккен 4жыл. Аружан Т Аармысың сен алтын ұя мектебім Саған айтар жыр алғысым көп менің Жүректерге жаққан білім шырағың Мақтан етем сені мәңгі мектебім. Мағжан Ұлылықты ардақ тұтар үнемі Алтын ұя, ақ босаға киелі Қанат қаққан білім алып өзіңнен Күллі шәкірт саған басын иеді. Азамат Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. Дилназ Мектебім – сүйікті мектебім, Бауырыңда түлеймін, көктеймін. Сен – бұлақ, мен – қайың бүр ашқан. Өзіңнен нәр алып көктедім. Ән. Мереке Сүлеймен: Балалардың ұстазға арналған ән-жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің Қайрат? Қайрат: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. Батыр Бауыржан атамыз: Болашақтың басшсын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісінде ұстаз өсіреді деген екен. Сүлеймен: Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз. Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар. Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар. Сол пәндердің құпиясын жеткізген Әр ұстаздың жадымызда үні бар. Мейіржан Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні Сондықтан да біздің мектеп үлгілі Пернебай Болатұлы – басшымыз Тәртіп пен мәдениеттің символы. Шұғыла Бар баланың сенгені Сәбит ағай өзіңіз Сол сенімді ақтауменен өрледіңіз Сарқылмас мәңгі бұлағым – ұстазымсыз Жана берсін жасампаз еңбегіңіз Сұлушаш Несібелі апай ұстазысың балалардың Болашақ ғалымдардың, даналардың Өмірде сенің алар орыныңа Біріде жеткізе алмас бағалардың. Қасиет Нұр құйған санасына зейіндінің Гүлжахан апай сауле шашқан мейірімің Дарыттың адамдықты шәкіртіңе Өмір сырын үйретіп дүниені таныттың Алтыншаш Орыс тілін құрметтеп Сүйеміз шын жүректен Райса апай анамыздай Орыс тілін үйреткен. Анарбек Өзін тануды үйреткен Айгүл апай ақылшым Рахмет ұстазыма дәріс берген Үйреткен ғылымдарды өнермен Олжас Баулыған әрбір өнерді Тамара, Әлия, Асылхан ағай өнерлі Әсем әнді, қолөнерді, суретті Жалықпайды, бізге үйретіп келеді
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
25.88 Kb
|
Количество скачиваний:
|
14
|
Просмотров: 158
Похожие материалы