«Сатылай кешенді талдау » технологиясын тарих сабағында қолданудың тиімділігі

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Сатылай     кешенді    талдау  »   технологиясын тарих сабағында  қолданудың    тиімділігі

 

Қарлыға   Қошаева Жамбылқызы,  жоғары  санатты       тарих    пәні    мұғалімі.   

            № 4 Ю. Гагарин атындағы орта мектеп

 

 Еліміздің  бүгіні  мен  жарқын  болашағы   білімді , жігерлі , намысшыл , отаншыл  жалын  жүректі , биік  рухты , өз халқына   адал ,елжанды  ,патриоттық   сезімдегі   ұрпақ  тәрбиесіне  байланысты. Отаншылдық   сезім -  ертеден   қалыптасқан ескірмейтін  әрқашан  жаңа  жақтан  көрініс   табатын ,  мәңгілік   ұғым. Патриотизм  қасиетті  ұғым.Қазақ  ұлттық   энциклопедиясында  «патриотизм   -  отаншылдық ,отансүйгіштік адамның  Отанына  , туған  еліне  ,оның  тіліне , салт-  дәстүріне , мәдениетіне   деген  сүйіспеншілік  сезімі» деп  анықтама  берілген (1).

Отан «Елім» деп еңіреп өткен ерлерден, «алашым » деп аңырап өткен арыстардан, «Бостандық» деп боздап өткен боздақтардан басталады. Отан Алаштың айбынын асырған әрідегі Керей мен Жәнібек ханнан, берідегі Абылай хан мен хан Кенеден басталады. Отан арманда кеткен Әлихан мен Мұстафадан, Сәкен мен Мағжаннан басталады. Отан аруақты батыр-бабалардың көзіндей Бауыржан Момышұлынан басталады. Отан ел азаттығы үшін шиіт болған Желтоқсан көтерілісінің боздақтарынан басталады. Отан Қайрат Рысқұлбековтен басталады.(2)

 Тарих    сабағында    жаңа   технологияның   әдіс-тәсілдерін     кеңінен    қолданамын. Бесінші  сыныпты   ОСКТ   бойынша   оқытып   жүрмін.     ОСКТТ-  ның     тарих  пәнін  оқытудағы    ерекшелігі    мұғалім  мен  оқушы  арасындағы   қарым-қатыныс  жаңа  қағидаға  негізделеді.   Олар:   ынтымақтастық , өзара   сыйластық, түсіністік, әріптестік   сияқты  қасиеттер. Бұнда  оқушыларды  жақсы, жаман,   орташа  деп бөлмей,    тек  материалды   жылдам,   орта,  төменгі   деңгейде   қабылдауына  қарай тапсырманы  он  деңгейге   икемдеп,  барлық  баланың    дамуы  үшін   қолайлы   жағдай    туғызуды  мақсат  тұтады.    Сабақ  барысында    мұғалім   мынандай    қағидаларды  еске   ұстауы  қажет:                                                                                                

  а) баланың   бойындағы   құштарлығын,   қызығушылығын ,  ынтасын   жойып     алмай,оның  алға  жылжыуына  деген  табиғи   талап-тілектерін,  сұраныс  пен  мұқтаждарын  ескеру,   шығармашылығын   жетілдіру       

 ә)  білімді   өз бетінше іздену  арқылы  алуға  қолайлы   жағдай  жасау.            

 б) өзін- өзі  дамытатын  тұлға  қалыптастыру.  Тарих  сабағында    бұл  технологияны   пайдаланудың    жетістігі   оқушылар   білімді   ғылыми   негізде    сатылай,  жүйелі,   кешеді    түрде   меңгереді,   ұлттық  құндылықты  бағалайды,   өткен  білімдерін   еске  түсіріп,  логикалық  ойлауға   дағдыланады,  шапшаңдық   пен   жауапкершілікке,   өз   бетімен  ізденуге,  тақырыпты  жан-жақты  меңгеріп,  шығармашылық   қабілеттері   артады.    Осы  орайда    алдарыңызға    11-  сыныпта   өткізген   бір   сабағымды   ұсынып  отырмын.

 

Сабақтың Тақырыбы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себебі мен салдары»

 

Жоспары:

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

            1. 1980 жылдардағы әлеуметтік,    экономикалық,  саяся жағдайлар.

            2. Желтоқсан оқиасының болу      себебі

            3. Желтоқсан қаһармандары

            4. Демократиялық жаңару

 Қорытынды.

 

Сабақтың мақсаты:                                                                                       

Білімділік:  Оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы толық мағлұмат беру және олардың тарихи танымын қамту.                                              

Дамытушылық:  Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдамаларын, толық және мәнерлі жеткізе білу  қасиеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу.

Тәрбиелілік:  Оқушыларды бірлікке, топтық жұмысқа, еңбек сүйгіштікке,  елжандылыққа,  тарихи құндылықтарды  құрметтеуге баулу.

Сабақтың  типі:   Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:Зерттеу шығармашылығы

           

Сабақтың әдісі:ОСКТТ  (Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы)

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының саяси  картасы, интерактивтік тақта,  слайд, тірек сызбалалар, тест тапсырмалары.

 

 

«Тарих-бір ғаламат алтын көпір, ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын»     

Ж. Молдағалиев

1-тапсырма: 
Мағынасын тауып, толық жазбаша, сатылай кешенді талдау жасаңыз.

КСРО   Хр.  1980 ж.

Әміршіл-төрешіл  жүйе

КОКП ОК-ның сәуір пленумы 1985

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер     

М. С. Горбачев саясаты                                                          

Ұрандары – жариялылық, жеделдеу, қайта құру    

Дағдарыстан шығу жолы

Өндіргіш күштерді орналастыруда жіберген кемшіліктер мен қайшылықтар нәтижесі     

Жоспарлау

Қаржы

Ғылым мен ағарту мәселесі

Қазақ тілі

Халықтың  тұрмыс деңгейі

 

2 – тапсырма:  

Қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылуы бойынша   толық ауызша сатылай кешенді талдау.                                                                                   

Саяси жағдайы    

Маңызды саяси шешім

Қабылданған жері  - Москва                                                         

Аралдың тартылуы

Үздіксіз жарылыс  -  Семей полигоны

Әлеуметтік немқұрайлық                                                  

Қазақстан Копартиясының  ХҮІ сыьезі 

Болған уақыты 1986 ж. 1.03.                                                      

Әлеуметтік – экономикалық дағдарыс                                 

Жекеленген кемшіліктер                                               

Пленум  хр.  1986 ж. 16. 12.                                                                                        

Уақыты 18 минут                                                                     

КОКП Орталық комитетінің хатшысы Г.П.Разумовскийдің ұсынысы

 

3- тапсырма:   

   Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы  Қонаев                     

Туған жылы:  1912 ж.. 12 қаңтар

Туған жері:   Верный қаласы   (қазіргі Алматы қаласы)

Әкесі:  Ахмет,  шешесі:  Зухра,

Зайыбы:  Ялымова  Зухра Шарипқызы

Тарихтағы орны: көрнекті мемлекет және  қоғам қайраткері,  өз заманының ұлы  саясаткері

Білім жолы:Орта мектеп,  хр. 1929 жылы жоғары техикалық  оқу орнының    дайындау  курсы, 1931-36 жылдары Мәскеу түсті металл алтын институты                                                                                       

Мамандығы: тау – кен инженері                                         

Қызметтері:  Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат Рудный машинисі, 

хр. 1938-39 жылдары  бас  инженер директор;

Алтай полиметалл бас инженері орынбасары;

Лениногор кен басқармасының директоры;

1942-57 жылдары Қазақ КСР  МК, орынбасары;

Қазақ КСР  ғылым академиясының академигі және оның президенті; 

1955-60 жж.,  1962-1964 Қазақ КСР  Жоғары Кеңесінің төрағасы;    

1960-1962, 1964-1986 жж. ҚКПОК-ның  бірінші хатшысы;

Марапаттары:  Үш  мәрте Социалистік  Еңбек Ері, Қазақ    КСР Ғылым                                 академиясының академигі,  техиика ғылымдарының докторы, КСРО   шетел Ордендері мен медалдарының иегері        

Жетістігі:  Қазақстанның  Кеңес  Одағының ролін нығайтты, Павлодар қаласын    Хрущевград, Маңғыстау обл. Түркменстанға беруден сақтап қалды, Торғай, Жезқазған, Маңғыстау, Талдықорған т.б. жаңа облыстардың ашылуы, томдық энциклопедия жарыққа шықты.  Алматыда ғажайып архитектуралар бой көтерді.                                      

Кемшілігі:   ҚКПОК  1987 жылғы  ҮІІІ-ІХ пленумдарында Д.А.Қонаевтың  қателіктерін әшкерелуге  «талпыныс» болды.  «Бастама»  халықтан  қолдау таппады.

 

Диалог арқылы талдау:   Сұрақ – жауап                                            

 

Г.В.Колбин – кім?

1927-1998 жж.

Грузияда   республикалық  партия ұйымының  екіншісі хатшысы болған.

Ульяновск  облыстық  партия комитетінің бірінші  хатшысы болған.         

Орталық баспасөзде «ұлтаралық қатынастар мәселелерін жақсы білетін маман»   деп сипаттама берілген.

Қазақстанда Г.Колбин  генерал-губернатор миссиясын атқарды.                     

Республика кадрларының жоғары легін  тазалаудан өткізді.                   

1989 жылы   халықтық бақылау комитетінің төрағасы  қызметіне сайланып, Қазақстаннан кетті.

 

Уақытқа талдау

Желтоқсан

Анықтама

Жыл – он екі ай соңы

Дүниені дүр  сілкіндірген тәуелсіздік туын

алғаш көтерген тарихи оқиға

Хронологиялық кезеңі  16-17.12 1986 ж

Болған жері: Алматы қаласы, Орталық комитет ғимараты алдында Л. И. Брежнев атындағы алаң

Түрткі болған жағдай: Г. Б. Колбиннің басшылыққа тағайындалуы

Себебі: Орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялық демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылық

Қозғаушы күштері: Жастар мен студенттер

Сипаты: Бейбіт шеру, саяси

Барысы: Қанды талас-тартыс, жазықсыз жапа шеккендер

Құрбандары: 8,5 мың адам ұсталды, 99 адам айыпталды, 2 адам ату жазасына ұшырады

Құрбандарды ақтау: 1991 жылы желтоқсан

Тарихи маңызы: Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты

Берілген баға: Мемлекет қайраткерлері: Н. Назарбаев, А.Ақаев, Тохтко Хаяси-Сан

 

Қайрат Рысқұлбеков

Туған жылы: 13.03.1966 ж

Туған жері: Жамбыл обл, Мойынқұм ауд, Бірлік ауылы

Әкесі: Ноғайбай, зоотехник

Шешесі: Дәметкен, сауыншы

Жанұяда 8 баланың 3-шісі

Білімі: Шу ауд, Төлеби ауылы, Саду Шәкіров    мектеп интернаты, Бірлік орта мектебі

ХР кезеңі:  1984-86 жж. әскери борыш, Амур өл, Белагор қ.1986 ж Алматы қаласы, сәулет құрылыс институты  студенті

Тағылған айып: С.Советскийді өлтірді

Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны

Дүниеден озды: 21.05.1988 ж. Семей қаласы

Ақталуы: 21.02.1991 ж.

Халық  қаһарманы: 09.12.1996 ж.

Ескерткіш: Тараз қаласы

 

Хронологиялық даталарды жатқа жазу бойынша талдаңыз

1920 жылы 20 тамыз – Қырғыз-қазақ автономиялы кеңестік республикасын құру туралы декрет

1936 жылы 5 желтоқсан – КСРО Кеңестерінің төтенше ҮІІ съездінде КСРО Конституцмясының қабылдануы, онда Қазақстанның Қазақ кеңестік социалистік Республика мәртебесіне ие болуы

1990 жылы 25 қазан – Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің (Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы) декларацияның қабылдануы

1991 жылы 16 желтоқсан – Қазақстан республикасының жоғарғы кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының қабылдануы

 

Үйге тапсырма:

1. Қазақ-жоңғар соғысындағы негізгі шайқастар біріне сатылай кешенді талдау жасаңыз.

2. Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан тақырыбына сатылай кешенді талдау жасаңыз

 

Нәтиже:                                                                                                                                            

1. Білім   негіздерін  сатылай  талдау  технологиясы   негізенде  меңгерді.               

2. Уақытты  тиімді     пайдаланды .  Өз ойын   жүйелі   жеткізді.                                     

3. Білімді  өз  бетінше    іздену  арқылы   меңгерді.                                                                   

4. Өзін -  өзі  дамытатын    жеке    тұлға   қалыптасты.                                                    

5. Бір -  бірінің   пікірін    тыңдай    білуге,  бағалауға   дағдыланды.                                        

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 510.5 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 134

Похожие материалы