САУАТ АШУ САБАҒЫ (1 СЫНЫП) Ж ж дыбысы мен әрпі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Бегалиева Гүлмира Еркінқызы
|
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Достық ЖОББМ
Бегалиева Гүлмира Еркінқызы
Сауат ашу сабағы. 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Жаңа дыбыспен және әріппен таныстыру.Ж ж әрпін танып, ажыратуға, атауға дұрыс оқуға үйрету, оқу мен жазу арасындағы байланысты меңгерту;
Дамытушылығы: Танымдық қабілеттерін жетілдіру барысында, ести отырып қабылдауын, зейінін, сөздік қорын, саусақтарының жазу икемділігін дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды мәнерлі сөйлеуге, көркем жазуға жануарларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, талдау, қорыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Екіншісі жазылады да, көрінеді
Ол не? (Дыбыс пен әріп)
Дауысты Дауыссыз
жуан жіңішке қосарлы қатаң ұяң Ж үнді
Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп күлімсіреп, Біз сабақты бастайық!
II.Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірім
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
III.Қызығушылықты ояту.
Ертегі «Жолбарыс пен жираф»
Ертеде орманда Бір жолбарыс өмір сүріпті.Жолбарыс аяңдап келе жатса, ағаштың қасында жираф жайбарақат шөп жеп тұр екен. Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен.Өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей жөн сұрапты.
-Ау, сорайған ,сен кім боласың?
Оқыс дауыстан шошыған жираф аяқтары дірілдеп:
«Мен бе ж-ж-ж-жи-жи-жирафпын ғой»-деп әрең тіл қатыпты.
-Атың қызық екен,ж-ж-ж-жи-жи –жираф-деп қайталап жолбарыс жөніне кетеді.Жираф та аман-есен құтылғанына қуанып: «ж-ж-жуф» деп демалады.
IY.Мағынаны тану
Жолбарысқа жираф не деп жауап берді?
Ж-ж-ж-жи-жи-жираф
Ж әрпінің таңбасын көрсету
Ж ж
-Үнді,дауыссыз дыбыс,кедергіге ұшырап қысқа айтылады.
Созып айтуға келмейді.
Жіп- 3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын.
Y.Ойын. «Буыннан сөз жаса»
ЖА ЖУ ЖО
YI.Оқулықпен жұмыс.Екі оқушының диалогы.
Жамал:
-Ажар, мына шарларды сана.
Ажар
-Санадым.Алты шар
Жарас:
Жанар, ана жалаушаларда сана
Жанар:
-Санадым.Он жалауша.
Жарас:
-Ажар,шарларды ал. Жанар,жалаушаларды ал.
YII.Жұмбақ есеп
Ағайынды бәрі,Шықса жасыл,Түссе сары (жапырақ)
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады. (Жел)
Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді,
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті 1-еуі.
Ізінен оның үзіліп,
Түсті тағы 2-еуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 7)
YIII .Сергіту сәті
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
IX. Проблемалық сұрақ
X. Дәптермен жұмыс.
Үзік сызықтарды бастыра отырып, көлбеу , әдемі етіп жазу.
Ж ж жаға жалау
XI. Сөздерді буынға бөліп оқыту
жү-зім жа-па-лақ қон-жық
XII. Ойлан тап.
XIII. Қорытынды
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 40.38 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |