Саңырауқұлақтар

Предмет: Биология
Категория материала: Презентации
Автор:

uСаңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгілі.Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас,бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды.Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бір клеткалы,алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не спорофиттерге,не паразиттерге жатқызады.Спорофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді,ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.

Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий,немесе грибница д.а.Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды,сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады.Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады.Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады.Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады: төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының — целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады. Қор зат ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады, крахмал ешуақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы ұшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 960.5 Kb
Количество скачиваний: 51
Просмотров: 284

Похожие материалы