Сайыс сабақ бейнелеу өнерінен, тақырыбы: "Ғажайып сурет әлемінде" (6 сынып)
Предмет: | ИЗО, МХК |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Тукенова Жайнагуль Галымовна
|
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып сурет әлемінде
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүние танымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
2. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту.
3. Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі емес.
Әдісі: Жарыс-сайыс сабақ, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Музыка, технология
Құрал-жабдықтар: Плакат, қарындаш, қайшы, желім, акварель, қылқалам.
Сайыстың барысы:
I Ұйымдастыру.
II Оқушыларды екі топқа бөлу.
III Әділқазы алқаларымен таныстыру.
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайсымызға қатысушы жас өркен!
Бүгін бейнелеу өнері пәнінен 6б – сынып оқушыларының «Ғажайып сурет әлемінде» атты сайысына қош келдіңіздер!
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
Ортамызда екі топ сайысқа түскелі отыр. Ендеше сайысымызды бастаймыз.
I топ. «Қылқаламдар» II топ. «Қарындаштар»
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен танылып оқушылар,
Ел сенімін еңбекпен ақтасын, - деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру. (Топтың аты, ұраны, эмблемасы)
2. Сұрақ-жауап. (Екі топқа бірдей сұрақ қойылады)
3. «Кім шапшаң, кім тапқыр?» (Қиылған суреттерді құрастырып, сол шығарманың атауын және авторын дұрыс айту)
4. Сөздерден түс шығару. (Орны ауысқан әріптерді орналастырып түстерді табу)
5. Сөзжұмбақ шешу.
6. Бейнелеу. (Экранда екі топқа өлең жолдары берілген. Тез арада екі топ елестетіп шапшаң сурет салып, бояп, суретін түсіндіруі керек)
Сайыс кезеңдерімен таныс болсақ сайысымызды бастаймыз.
1-кезең. Таныстыру.
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді деп өзін-өзі таныстырар, - дей келе кезекті таныстыруға берейік.
Әр топ өздерін таныстырады.
2-кезең. Сұрақ-жауап. Екі топқа бірдей сұрақ қойылады. Соған дұрыс жауап береміз.
1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)
2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма? (Пейзаж)
3. Суға еритін бояу түрі? (Акварель, гуашь)
4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі қара графитттен жасалған жазу, сызу құралы)
5. Түстер неше топқа бөлінеді? (2. Ахроматикалық және хроматикалық)
6. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата? (Живопись, графика, мүсін, сәулет өнері, сәндік қолданбалы өнер, дизайн)
7. Кемпірқосақтың түсі нешеу және оларды ата? (7. Қызыл, қызылсары, сары, жасыл, көгілдір, көк, сиякөк, алқызыл)
8. Адам келбетін бейнелейтін жанрды қалай атаймыз? (Портрет)
9. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2. Жылы және суық)
10. Жан-жануарларды бейнелейтін көркем шығарма қалай аталады? (Анималистік жанр)
3-кезең.«Кім шапшаң, кім тапқыр?»
Кім жылдам табады,
Заттардың бейнесін
Бір-бірімен суреттер табу керек үйлесім
Быт-шыт болып шашылған,
Құрайды екен кім жылдам? – деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне де келіп жеттік. Олай болса қиылған суреттерді құрастырып, сол шығарманың атауын және авторын дұрыс айту керек.
Тапсырма: I топқа «Дастарқан» авторы А. Ғалымбаева
II топқа «Алма ағашы гүлдегенде» авторы И. И. Левитан
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 3.66 Mb |
Количество скачиваний: | 21 |