Сайыс сабағы 6-7 сыныптарға "Математикалық сайыс"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Турганалиева Гульмира Юсуповна
|
Балалардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында сабақтан тыс уақытта “Математикалық сайысын” өткізуге болады.
“Математикалық сайысының” жоспары:
1. Таныстыру.
2. Газет қорғау.
3. Жүргізуші.
4. Сұрақ қою.
5. Жанкүйерлерге бір сұрақ.
6. Тапсырма есептері. /топ аралық/
7. Жанкүйерлерге сұрақ.
8. Санап көріңдер.
9. Жұмбақ.
10. Қорытынды.
Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлімімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ бал алады.
І. Сәлемдесу.
«Алғырлар тобы»:
Шақырып жарыстарды сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы зер салады !
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады !
Тапқырлар биіктерде қалықтасын !
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
«Әділқазыларға сәлем»:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем !
Әділдікке бас иеді күллі әлем !
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !
«Тапқырлар тобы»:
Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда женгенге – не?
Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де !
Құрметпен алғырларда ой – саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ән салады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46.5 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |