Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі (баяндама)

 

1.        Сәби шақтың даму ерекшелігі

2.        Сәби шақтағы дене жаттығуларының маңызы

3.        Перинаталдық онтогенез туралы ғылым.  Перинаталдық кезеңдегі дамудың маңызы

 

Баланың жас ерекшеліктері туралы айтатын болсақ,баланың даму кезеңдерін ең алғаш рет бөліп берген Аристотель болатын. Ол жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21-жасқа дейін кезеңдерге бөлді. Жеті жасқа дейін бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде, жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие ортасын ескеру көрсетілді.

Я.A.Kоменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың төрт сатылы кезеңін ұсынды. Туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әр қауымда «Aна мектебі», 6-12 жастағылар үшін «Aна тілі» мектебі, 12-18 жастағылар үшін латын мектебі; гимназия; 18-24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа дейінгі, екінші кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды. Екі жасқа дейінгілерге негізінен дене тәрбиесі, денесінің өсуіне мүмкіндік беруді талап етті. 2-12 жаста баланың сезім мүшелерін жетілдіру, 12-15 жаста ақыл-ой мен еңбек тәрбиесі негізгі болады. Жас өспірімнің төртінші дәуірінде адамгершілік тәрбиесі басталатынын айтты.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 119.5 Kb
Количество скачиваний: 204
Просмотров: 528

Похожие материалы