Сценари для театрального выступления"Араша"
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Есимова Маржанкуль Кенесовна
|
Сахна жабулы.
Ортаға мысық пен қоян шығады.
Мысық:
- Сәлем, Ақ қоян!
Қоян:
-Амансың ба, Марғау!
Мысық:
-Бір аулада тұрсақ та бір-бірімізді жиі көре бермейміз.
Қоян:
-Әрине көрмейсің.Темір торда үнемі қамалып отырамын.Бүгін үй иесі байқамай есігін ашып кетіп, қашып шықтым.Шіркін(қолын екі жаққа жаяды) бостандыққа не жетсін!
Достарым да жоқ! Өзіме дос тапсам деймін.
Мысық:
-Ой, несін айтасың?!Менің де көрген күнім құрысын!Қай жерден ит шығып қалар екен
Деп қуыс-қуысқа тығыламын.Біз сияқты әлсіз жандарға кім қол ұшын созар екен?(ол да
мұңайып тұрады)
Осы кезде сахна ортасынан пердеден басын қылтитып әтеш қарайды
Әтеш:
-Ку-ка-ре-ку!Cәлем ,достар!Неге көңіл-күйлерің жоқ?Неге жабырқаулысыңдар?Таңертеңмен ерте тұрып жаттығу жасап , ән айтсаңдар бәлкім мен сияқты көңілді болар ма едіңдер?! Мен сендердің көңілдеріңді қалай көтеру керектігін білемін. Келіңдер ,мен сендерге қызықты оқиға айтып берейін!. Бұл оқиға осыдан бес –алты ай бұрын болған еді.Тура осы аулада.Жүріңдер ана жерге, майын тамызып баяндап
берейін!
I-көрініс
Аулаға :Шыбын, Ара, Құмырсқа, Көбелек,Ханқызы шығып көңілді әуенмен билейді.
Құмырсқа:
-Күн болса суытып келеді.Былай ойнап, сауық –сайран құрып жүргеніміз жарамас.Үйді-
үйімізге қайтайық,қыстың қамын жасайық.
Шыбын сондайда тұрған үйге үңіліп:
-Мәссаған,мынаны қараңдар! Дастархан толы тамақ!Дәмнен ауыз тиіп кетпейміз бе?
Көбелек:
-Жо-жоқ!Рұқсатсыз біреудің үйіне кіруге болмайды!
Ара:
-Дәм татуға да болмайды!
Ханқызы:
-Біз үйге қайтамыз!
Шыбын:
-Не десеңдер , о деңдер! Мен бәрібір мына үйге кіріп, астан ауыз тимей кетпеймін!
Басқалары үйлеріне кетіп қалады.
Шыбын үйге кіріп, үстелдің жанына келеді.
-Мұнда бәрі бар екен! О, мынау сүт қой! Сыртында «Молоко»деп жазылған екен.
Ал мен оның ағылшынша «Milk» екенін де білемін!
Өзі сүтке әбден тойып алады.
Шыбын:
-Кішкене мызғып алайын.-деп,есінеп алып, ұйқыға кетеді.
II-көрініс.
Бір топ «Құстар» ұшып келеді
Ішіндегі «ұстазы»(Торғай):
Әндете сәлемдеседі.
-Сәлемет пе,құстарым!
Құстар:
-Сәлеметсіз бе!
Торғай:
-Қанекей музыка сабағымызды бастаймыз.Өткенде үйренген әнімізді қайталаймыз.
Құстар үш тілде ән орындайды
Құстар әні
1. Айналаға қараңыз
Қарсы алады даламыз
Дауыстарын құстардың
Әнге қосып саламыз
Қайырмасы:
Шиқ-шиқ, шиқ-шиқ,
Шиқ-шиқ, шиқ-шиқ.
2.Посмотри, мой друг вокруг
Расцвела вся степь, поля.
Птичий щебет слышен нам,
Мы подарим песню вам!
Припев:
Чик-чирик, чик-чирик,
Чик-чирик, чик-чирик.
3.We are aunt for every day
Another bud , bird. another
We are aunt for every day
Birds will start to sing a song!
Chorus:
Chik-chirik, chik chik-chirik.
Chik-chirik, chik chik-chirik.
Торғай:
-Жарайды бүгінге сабағымыз аяқталды.Өте жақсы.Үйлеріңе қайта қойыңдар.
Сау болыңдар,құстарым!
Құстар:
-Сау болыңыз!(Құстар ұшып кетедіқ)
Торғай:
-Мен айналаны барлап қайтайын.
Автор:
-Осы кезде торғай шыбынды көреді.
Байқап осы шыбынды, торғай оған шүйіледі.
Торғай:
-Сүтке әбден тойынып,
Шыққандайсың шомылып
Адал асын басқаның,
Жетер сенің ластауың.
Автор:
-Мына торғай ашулы,
Зәре-құтын қашырды.
Шығармақшы бір бүлік,
Қалды Шыбын шыңғырып.
.
Автор:
-Мысық естіп бұл үнді,
Бері қарай жүгірді.
Мұртын талдап тараған,
Үстін сәндеп жалаған,
Бар өңінде шын айбат,
Жөн сұрады мияулап:
Мысық:
-Мына әлсіз жәндікті
Шырылдатқан қай мықты?
Торғаймысың кәдімгі,
Шығарайын жаныңды!
Автор:
Мысық ыршып түсті де,
Төнді құстың үстіне
Шошып жаудан білекті,
Торғай байғұс шыр етті.
Естіп қалып бұлүнді
Төбет бері жүгірді.
Жайын ауыз, жуан төс,
Томар мойын, тұман көз,
Ашу қысқан арландай,
Арсылдап кеп салды айғай.
Төбет:
-Бырт еткізіп беліңді,
Сыпырамын теріңді!
Босат мына Торғайды,
Бұл бейшара неңді алды?
Автор:
Ит мысыққа атылып ,
Алды тісін батырып.
Мысық шапшаң,әрі епті,
Қапы қалып,шар етті.
Құнан естіп бұл үнді,
Бері қарай бұрылды.
Құрық мойын, қыл құйрық,
Жерді тарпып үш рет,
Айтты итке кісінеп.
Құнан:
-Сен мысықты жәбірлеп
Жатырмысың тағы илеп?
Оймай тұрып төбеңді,
Тентектікті қой енді!
Автор:
Жібергендей ат теуіп,
Жан ұшыра ,жалт беріп,
Шаңқылдады көк Төбет
Шығып алып шеткерек.
Естіп ащы бұл үнді,
Ит иесі жүгірді.
Ұзын сирақ сары бала,
Қарап еді айнала.
Көрді өзінің Құнанын.
Жымырған қос құлағын.
Білмесе де әлі анық,
Айтты соған қадалып.
Бала:
-Қыңсылатқан мынаны,
Сен шығарсың сыңайы.
Бұл жөнімен жүрген Ит,
Мал қайырып, үй қорып.
Қоқаңдама сен бұған,
Түсіндің бе, кер Құнан?
Автор:
Шыдамай бұл жалаға
Құнан айтты балаға:
Құнан:
-Мына Төбет бүлдірген,
Арашалап жүрмін мен.
Автор:
Күдік туып кенеттен,
Жөн сұрады Төбеттен:
Бала:
-Шу шығарған сенбісің,
Неге сонша толды ішің?
Автор:
Ит шыдар ма жалаға,
Шындықты айтты балаға.
Ит: -Мысық бәрін бүлдірген
Арашалап жүрмін мен.
Автор: Қуып шындық ұшығын
Тергейді енді Мысығын.
Бала: -Айтшы маубас , сыланған,
Сен бе шатақ шығарған?
Автор: Көнбей мына жалаға,
Мысық айтты балаға.
Мысық: -Анау Торғай бүлдірген
Арашалап жүрмін мен.
Автор: Ең соңында Торғайды,
Тергемек боп,қолға алды.
Бала: -Шу шығарған сен дейді,
Құс едің ғой көргенді.
Автор: Шыдамай бұл жалаға
Шындықты айтты балаға.
Торғай: -Шыбын бәрін бастаған,
Таза сүтті ластаған...
Бала: Қырқысса да манадан,
Мыналардың бәрі аман.
Әлсізге әркім араша
Болған қандай тамаша!
Барлығы орындарында қалады, сахна ішінен ортаға Мысық, Қоян,Әтеш шығады.
Мысық: -Ия, расында да айтқан ертегің өте қызықты екен.Көңілге біраз ой тастады.
Қоян: -Маған да ұнады.Тәрбиелік мәні бар.
Әтеш: -Достар осы көрсетілген азғана көріністен әрқайсысың өздеріңе бір ой түйген
боларсыңдар.
Әрқашан да бір-бірімізге қамқор болайық! Кішіпейіл де,мейірімді адал дос
болайық! Қанекей, барлығымыз бір шаңырақ астына жиналып «Достық» әнін
шырқайық!
Барлығы сахнаға жиналып «Достық » әнін айтады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 61.5 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |