Семинар на тему "Шаршаған мұғалімдерге кеңес"

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Шаршаған мұғалімдерге кеңес»

Мақсаты: оптимист, бақытты адам болуға шақыру.

І. Жеке басқа және өмірге арналған кеңестер.

Бірінші кеңес. Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз!

Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру қажет! Иә, түсінікті – қазіргі біздің уақытымызда қиын орындалатын кеңестердің бірі.

Ал енді еске түсірейік, жануарлардың ішінде ең жай қимылдайтыны кім? Иә, дұрыс тасбақа, ойша оның қозғалысының жылдамдығын еске түсірейік. Мен сіздерді тасбақа болуға шаршамаймын. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда асығамыз? Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. Сонымен қатар мұның барлығы не үшін қажет? Өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастауды бір жетіге жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып қойыңыз: азық-түлік дүкеніне бару, шаштаразға бару, киім-кешек дүкеніне кіріп шығу, банкке бару т.с.с.

Күн сайын теледидар көргенді тоқтатыңыз. Сізде бос уақыт пайда болады, әрі жүйке жүйеңіздің шаршағаны басылады. Үй тірлігінің барлығын өз мойныңызға алуды тоқтатыңыз.

Еш мақсатсыз дүкендер мен базарлар аралағанды тоқтатыңыз. Тоқтату арқылы ақшаны әрі өз күшіңізді үнемдейсіз. Психологтардың бақылауынша, әйелдер дүкенге кіргенде дүкеннің барлық бөлімдерін басынан аяғына дейін қарап шығады, сөйтіп мүлдем жоспарламаған нәрсесін сатып алады. Ал ерлер болса, дүкенге кірісімен, өзіне қажет нәрсесін тауып алып, сатып алады және бірден дүкеннен шығып кетеді.

Иә, қымбатты әйелдер қауымы! Дүкендерді нағыз еркектерше аралайық!

Кеңестерге қосымша: Жұмыс күнінен кейін үйге жаяу қайтыңыз. Осы уақытта басқа адамдарды бақылаңыз. Бақылаңыз, талдаңыз, өзіңізге сұрақ қойып оған жауап іздеңіз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 41 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 115

Похожие материалы