Здесь была ссылка на работу Семинар сабақ: «Табиғат сыйы» автора Серикбаева Салима Толегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат сыйы» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін қалыптастыру. Міндеттері: - - оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту; - оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету; - ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: Табиғат көріністері (слайд) құстар, ағаштар . Шаттық шеңбері -Қайырлы күн балалар! Өзін-өзі тану сабағына қош келдіңіздер! Сендерді «Қуаныш шеңберіне» шақырамын. - Балалар, біздің асыраушымыз да, панамыз да Табиғат - анамыз. Олай болса сабақты Табиғат - анаға тілек айтудан бастайықшы. Балалар кезекпен тілек айтып шығады: - Табиғат - анамыз таза болсын - Табиғат - анамыз көркем де сұлу болсын - Табиғатымыз ұзақ жасасын - Құстар аспанда қалықтасын - Жайқалсын жасыл әлем - Табиғаттың таза суы сақталсын - Адамдар әрдайым таза ауа жұтсын - Жасыл орман гүлдене берсін - Табиғат-денсаулық мекені - Табиғат нәр алатын мекеніміз - Табиғатты аяла - Табиғат тазалығы сақталсын - Табиғат қуанышқа бөлесін - Табиғат шаттыққа кенелтсін - Табиғаттың байлығы сақталсын - Ауамыз таза, суымыз мол болсын - Табиғатпен біргеміз - Әр адам табиғаттың тазалығын ойласын - Табиғат біздің анамыз, - Біз табиғатқа панамыз. Жер - ана: - Балалар, адамның денсаулықтан асқан байлығы . жоқ Сондықтан Күн: Нұр - сәуле шуағым, Жылытып, қыздырып, Беретін қуатым. Нұрыма жүзіңдер. Ұлы емші боламыз, Алтындай шуағым, Бізден күш аласыз. Сырқатты қуамын.