Сен қазақша білесің бе

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Сен қазақша білесің бе?» сайысы

Тақырыбы:

« Менің Отаным- Қазақстан».

Сайыс толық қазақ тілінде жүргізіледі.

І топ- «Береке»-1 бөлімше

ІІ топ- «Бірлік»- 2 бөлімше

ІІІ топ- «Ынтымақ»-күндізгі бөлімше

ІҮ топ- «Ырыс»-әкімшілік бөлімі

Топтарға тапсырма:

1.топ мүшелерін әрқайсысы өздерін қысқа түрде таныстыруға дайындалу.

2.Отан, ел, жер туралы мақал-мәтелдер дайындау.

3.Үй тапсырмасы: қазақша ән немесе би.

Сайыс жеті кезеңнен тұрады, әр кезең бестік жүйемен бағаланады.

Сайыстың жүру барысы:

1 кезең: «Сәлемдесу»

2 кезең: «Тапқыр достар» кезеңі-берілген әріптерді қолдану арқылы сұраққа сөздің басы сол әріптен басталатындай сөзбен жауап беру

3 кезең: «Ойлан тап» кезеңі- берілген бір сөздің ішіндегі әріптерден бірнеше сөз құрап жазу. 1 минут уақыт беріледі.

4 кезең. «Сен білесін бе?» кезеңі- мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айту.

5 кезең: «Сыбаға кезеңі» - жанкүйерлер сайысы. Әр топтың жанкүйерлеріне қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары туралы сұрақтар қойылады. Егер жанкүйерлер дұрыс жауап берсе, ұпай саны сол топтың есебіне жазылады.

6 кезең.«Қолқа салу» дәстүрі. Әр топ үй тапсырмасы бойынша

өз өнерін көрсетеді.

7. кезең:«Кім жылдам?»

Берілген сөздерді сөзбен, немесе қимылмен көрермендерге

жеткізу. Берілген сөздің шешуін көрермендер шешпейінше,

топтың келесі мүшесіне кезек берілмейді. Әр топқа 1 минут

уақыт беріледі, ең көп сөзді түсіндіре алған топ жеңіске жетеді.

Сахна безендірілген.

«Мемлекеттік тілде сөйлеу- біздің азаматтық парызымыз»- плакат

«Адай» күйі ойнап тұрады.

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті әріптестер, қадірменді достар!

Сіздер бүгін «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбына байланысты ұйымдастырылып отырған «Сен қазақша білесің бе?» сайысына қош келдіңіздер.

Отанның намысы үшін оттан қашпа

Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа

Тайсалма, бар , Отаныңның құрбаны бол,

Өмірің орынсыз боп кетпес босқа-, деп тебіренген ақындардың жырымен, сайысқа бес қаруын түгендеп, сақадай сай болып тұрған сайыскерлер тобымен танысайық.

Кең жайылған достыққа керегесі,

Тыныш болсын әр-қашан ел іргесі

Игі істің шарапаты елге тисін

Арта берсін ұжымымның берекесі!,-дегендей «Береке» тобымен таныс болыныздар!

Алға қойған мақсатқа, бірлікпенен жетерсің

Бірлік жоқ болса егерде, тұңғиыққа кетерсің-, деп шабыттанып, «Бірлік болмай, тірлік болмас», деп тұрған «Бірлік» тобына қошемет көрсетейік!

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

Ауызбіршілік, инабатпен сыйластық

Міне, «Ынтымақ» дегеніміз осы еді,-

деп, көңілге қонымды ойларын жеткізген «Ынтымақ» тобына қол соғып, құрмет білдіріейік!

Береке мен бірлігіміз, бұзылмасын ешқашан

Ырысты болсын тірлігіміз, ынтымақпен жарасқан,-деп, барлық топтарға табыс, құт-береке тілеп, шоғырландырып тұрған әкімшілік бөлімінен құралған «Ырыс» тобына ерекше құрмет көрсетейік! Қарсы алдарыңызда «Ырыс» тобы.

Сайыстың әр кезеңін саралайтын

Төреліктің әділетті болары айқын

Қазылар алқасымен танысайық

Ойынды әділ, таза бағалайтын!

(қазылар алқасы)

1.

2.

3.

Әділқазылар алқасы мен жанкүйерлер есіне:

Сайыс жеті кезеңнен тұрады, әр кезең бестік жүйемен бағаланады.

Сонымен, құрметті достар, ойынымыздың

І кезеңі: «Сәлемдесу».

Шарты: топ мүшелерінің әр қайсысы өздерін мемлекеттік тілде таныстырады.

Бұл кезеңде сайыскерлердің сөйлеу мәнеріне, мәдениеттілігіне көніл бөлінеді.

(Топ мүшелері кезек- кезек өздерін таныстырады). Әділқазылар алқасы бағасын береді.

Сайыстың келесі ІІ кезеңі : «Тапқыр достар» деп аталады.

Бұл кезеңде берілген әріптерді қолдану арқылы сұраққа сөздің басы сол әріптен басталатындай сөзбен жауап беру. Бір сұрақ топтын әр мүшесіне қойылып шығады. Бір топқа 5 сұрақтан қойылады.

Бұл кезеңде сұрақтын мағынасын ашатындай етіп жауап беру, тапқырлық, жылдамдық бағаланады. (Әділқазылар алқасы бағасын береді.)

Ал енді сайыскерлеріміз көңіл қобалжуларын басып, тынығып алсын деген оймен, келесі кезекті әнге берейік! Ән.

ІІІ кезең: «Ойлан, тап» кезеңі.

Бұл кезеңде берілген бір сөздің ішіндегі әріптерден бірнеше сөз құрап жазулары керек. Ең көп сөз құраған топ жеңіске жетеді, яғни жоғары ұпайға ие болады.

Ескерту: сөздердің түсінікті мағынасы болу керек.

«Алтыбақан»

(Әділқазылар алқасы бағасын береді.)

ІҮ кезең: «Сен білесін бе?»

Ендігі кезеңімізді мақал-мәтелдерді айту түрінде жалғастырамыз.

Мақалдың жалғасын тауып айтуларыныз керек.

Әр топқа 3 мақалдан тапсырма беріледі.30 секунд уақыт беріледі. Мақалдың жалғасын дұрыс тапқан топқа жоғары ұпай беріледі.

(Әділқазылар алқасы бағасын береді.)

Музыкалық номер.

Ү кезең. «Сыбаға» кезеңі.

Жаңкүйерлер сайысы, әр топтың жанкүйерлеріне қазақтың салт-дәстүр, әдет-гұрыптары туралы сұрақтар қойылады. Егер жанкүйерлер дұрыс жауап берсе, ұпай сол топтың есесбіне жазылады.

ҮІ кезең. «Қолқа салу дәстүрі»

Әр топ үй тапсырмасы бойынша өз өнерлерін көрсетеді.

(Әділқазылар алқасы бағасын береді.)

ҮІІ кезең. «Кім жылдам?»

Берілген сөздерді сөзбен, немесе қимылмен көрермендерге жеткізу. Берілген сөздің шешуін көрермендер шешпейінше, топтын келесі мүшесіне кезек берілмейді. Әр топқа 1 минут уақыт беріледі, ең көп сөзді түсіндіре алған топ жеңіске жетеді.

(Әділқазылар алқасы бағасын береді.)

Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанынша кезекті әнге береміз. Ән.

Сайысқа қатысқан топтарды марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасының төрағасына беріледі.

«Атамекен» әні орындалады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 72.24 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 126

Похожие материалы