«Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы»

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Білімділік: Ақын Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Әдебиетке әкелген жаңалықтары мен қоғамдық - әлеуметтік мәселелерге қөзқарасын, тұрмысын бейнелеуіндегі  ақын – әншінің әдебиет тарихындағы орны, өлеңдерінің ерекшелігін орнын таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, теориялық талдау жасай білуге, ізденушілік қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, өнерді бағалай білуге, халықтық дәстүрге баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Көрнекті құралдар: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд, интерактивті тақта, кітаптары

Сабақтың әдістері: оқу, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап, шығармашылық - танымдық

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. (сынып оұушыларының сабаққа дайындығы және сабақтың тақырыбы мақсат міндеті хабарланады.)

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша, Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқалы уезінің Темірші болысына қарасты сегізінші ауылда туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының «Қызыларай» ауылы. Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты. Әсеттің әлі жас кезінде әке – шешесі Семейге көшіп келіпті. Әсеттің ескіше, яғыни мұсылманша оқығаны және жай ғана оқып қоймай, білімді болғаны байқалады. Ырысжанмен айтысқанда, ол білімділігінің арқасында ғана қыздың жұмбақтарымен қатар діни жұмбағын да дәлме – дәл шешеді. Оның «Ағаш ат», «Шеризат», «Барат қыз», «Француз», «Шаһи Ғаббас», «Жәмсап», тәрізді қисса – дастандардың сюжетін, шығыс әдебиеті үлгілерінен алуы да оның мұсылманша оқуды терең білгендігін көрсетеді. Ел арасына кең тараған «Інжу – маржанның» қайырмасында «Сейфіл – Жамалдай бейнетіңе көнсем- ай, Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада өлсем – ай »,- деген сөздердің айтылуы оның ауыз әдебиетінде, шығыс әдебиеті үлгілерін де жақсы білгендігін көрсетеді.

С.Мұқанов: «Біржанның әндері сияқты Әсеттің әндері де аса биік, ырғақты қайырымы қиын болған. Сондықтан оның әндері үйрену де қиын еді»,- деген пікір айтады. «Ақырғы сөзінде» Әсет:

Бозбала, осы әнімде үйренерсің,

Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің...

...Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,

Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің,- деген жолдардан байқауға болады. А.Жұбановтың баға бергенде : «Әсеттің ақындығы әншілігінен кем емес»,- деп, әншілігін даусыз ақиқат санап негізіне алуында да үлкен сыр бар. Әншілік қнерін әбден меңгерген соң ғана Әсет ән шығара бастаған. Өйткені оның алғашқы, жас кезіндегі шығарған әндерінің біріне жататын «Інжу - маржан» әні- құрылысы, әуенділігі жағынан қазақ әндерінің ғажаптарының бірі.  А.Жұбанов : «Орындауы келіссе», «Әсеттің әні - сахнаның сәнінің бірі, шыңы болады» - деген («Замана бұлбұлдары») кітабында.

Әсеттің әдемі әндері көп. Атап айтсақ «Қисмет», «Мақпал», «Үлен Ардақ»,  «Кіші Ардақ», «Қоңыр қаз» т.б.

Ендеше осы әндерінің бірі «Інжу - маржанды» тыңдап көрейік.

А.Жұбанов сөзімен айтсақ «Інжу - маржан» әні сөзі мен әдемі бір – бірімен шебер ұштасқан, өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленетін құрылысы, ырғақ жүйесі жағынан қазақ әндерінің  ғажаптарының бірі.

I I.Ой  шақыру. Әсет қандай тұлға? Ақын, талантты әнші, сазгер, айтыскер, өз дәуірінің суреткері.

а) Шығармашылығы: қисса дастандары, өлеңдері, ән өлеңдері, айтыстары, арнау өлеңдері

ә) Арнау өлеңдерін атаңдар. 

«Маманға», «Күшік болысқа», «Жасболат болысқа», «Қанағатқа», «Қызыр төреге», «Елшібай байға», «Мешбетті көгендегі сөзі», «Жабықбайға айтқан сөзі», «Мешбет пен Жабықбайды татуластырған сөзі» бар.

II. Мағынаны таны (сынып үш топқа бөлінеді, әр топқа ақын өлеңдерін талдау беріледі)

I.1т. «Сарыарқа салқын тауда тәтті сулы» өлеңі.

Сарыарқа салқын тауда тәтті сулы,

Бұл қазақ кіндік кесіп, кірін жуды.

Өлген мола, туған жер қонысығнан,

Кездескен қиын жағдай бізде туды

Жас болдым, ардақтымен айқастастым,

Хан мен бай – өткізейін талай нуды, деген өлең жолдарынан ақынның қоғамдық ой – пікірі айқын байқалады. Ел ішіндегі аласапыран кезеңді суреттеген. Көзі көрген теңсіздіктерді көріп отыра алмайды. Ашынғанда Абаймен үндесіп кетеді.

 

   

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.5 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 167

Похожие материалы