"Шағын орталық-тәлім мен тәрбие орны" (баяндама)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Азиев Кудрят Нариманович
|
Шағын орталық-тәлім мен тәрбие орны
Ұлттың бүгіні де болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Қазіргі қоғамда жан-жақты білімді, мәдени ой өрісі жетілген, ұлттық салт- сананы бойына сіңірген тұлға тәрбиелеу барша қауымның міндеті. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесіне, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуда қызмет ететін тәрбие мен білім негізі барша білімнің іргетасы да осында қаланады. Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Қай елдің болмасын іргетасы, жарқын болашағы –ұрпағы екені белгілі. Олай болса, тілдің қадір-қасиетін, туған жерінің салт- дәстүрін ,әдет- ғұрпын бала бойына жеткізе білу әр тәрбиешінің басты міндеті. Мектепке дейінгі балаларды жан-жақты қалыптастыратын алғашқы баспалдақ мектепке дейінгі мекеме. Дүниедегі пәк те,нәзік те,батыл да, батыр –ол бала.Өйткені, оның жаны таза, нанғыштығы да тез,ол өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай, неге бұлай деп, дүние сырын ашсам деп талпынады, алға ұмтылады. Балалардың бойында оқу қызметін меңгерту, олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады. Баланы тәрбиелей отырып, ой-өрісін,тілін танымдық қабілетін арттыру үшін алдымен олардың ерекшеліктерін талдаудан бастадым.Отбасында баланы мейірбандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге ерекше мән берген жөн. Ол үшін өзінен үлкенді сыйлауға,Сіз деп сөйлеуге, кішіге қамқор болуға баулу керек.Оның негізін ойыншықтармен ойнау кезінде қалаған жөн. Ойын үстінде көпшіл, қайырымды болуға,әрбір ойыншығын ұқыпты таза ұстаүға дағдыландыру қажет. Ойыншықтарды көп сатып алып,жиі алмастыра берудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда балалар талғамсыздыққа, дүние құмарлыққа бой ұрып, не нәрсеге болсын жауапкершіліксіз қарауға дағдылана бастайды. Бұның өзі кейін келе өз қалағанына ғана қол жеткізу, сәнді киімге әуестенушілік, жеңілтек мінездерімен көріну секілді жағымсыз қасиеттерге бастауы әбден мүмкін. Мүмкіндігінше ойыншықтарын өздеріне тазалатып , жинатқызып , жыртылғаны болса ,тіпті өздеріне тіктіріп , жудырып қойдырудың да мәні зор . Сонда ол өзі пайдаланатын мүлкіне жауапкершілікпен қарайтын болады . Бала бір ойыншықпен ұзақ, үздіксіз ойнаса , жалықтыруы да мүмкін ,ондай жағдайда көп пайдаланған ойыншықтарын біршама күндерге тығып қойып берген жөн . Тәрбиенің ең жемісті құралы – шындық . Күнделікті болатын үй іші әңгімесінде және өздерінің іс-әрекеттерінде әрбір үй мүшесі әділдіктің , шындықтың иесі екенін танытып отырулары керек . Балаларды тәрбиелеуде үгіт –өсиетпен емес , сендіру әдісін кең пайдаланған жөн . Сонда ғана бала ненің дұрыс , ненің бұрыс екеніне көзі жетеді , жақсысын жетілдіре түсіріп , жаманнан тезірек арылуға ұмтылады . Алайда әрбір баланың өзімен бірге ала келген табиғи ерекшеліктері де болады . Сондықтан да халық “Бір биеден ала да туады , құла да туады” дейді . Бала тәрбиесінде үлгі-өнегенің үлкен мәні бар . “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” “Айтушы ақылды болса , тыңдаушы дана болады” деген сөз тегін айтылмаған . Баланы жастайынан бастап әдет-ғұрыпты , салт –дәстүрді игеруге , ана-тілін дамытып , халық өнеріне баулу үйелмендегі тәрбиенің негізгі көзі болуы тиіс . Балабақшада тәлім –тәрбие негізгі жеке үлгі , талап өзара көмек , ақыл , шара қолдану , мадақтаутәрізді әртүрлі әдістерге бай . Балабақшада тәлім -тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстығында . Өйткені халқымыз оқуға , білім алуға мүмкіншілігі болмаған кездің өзінде өз ұрпағын еңбекке баулып , жоғары адамгершілікке , үлкенді сыйлауға , қонақжайлыққа тәрбиелеген .
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.36 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |