Шеңберге жанама және оның қасиеттері. Геометрия 7 сынып
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ержанова Нургул Туремуратовна
|
Сабақ тақырыбы
Шеңберге жанама және оның қасиеттері
Сабақ мақсаты
Кез-келген шеңберге оның қасиеттерін қолданып жанама жүргізуді үйрену.
Күтілетін нәтиже
А) Шеңбер және оның элементтерін анықтайды,
жанама жүргізе алады, қасиетін түсінеді .
В) Шеңбердің қасиетін (1-теорема )есептер шығаруда қолданады.
С) 1-теореманы әртүрлі тәсілдермен дәлелдеп, талдайды.
Оқытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер
Жоғары және төменгі деңгейлік сұрақтар,
«сұpaқтap шеңбері» үй тапсырмасын тексеруде,
Диалог(пікірталас,топтық әңгіме),ассоциация,
«ойлан,жұптас, бөліс»
Белсенді тақта«activstudio»
электрондық оқулықпен жұмыс
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы
Бірлесіп топтық ереже құрастыру,
сергіту сәті(фигуралар арқылы топқа бөлу)
жеке, жұптық, топтық жұмыстар,Жигсо,
деңгейлік тапсырмалар.
Кері байланыс парағы
Үйрену барысын бағалау
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс», критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау, топта өзара бағалау, топтардың бір-бірін бағалауы, сенім білдіру, мадақтау, кеңес беру
Негізгі дереккөздер,құрал-жабдықтар
1.7 сынып оқулығы Ә.Н.Шыныбеков. Алматы. «Атамұра» -2012.
2.7 сынып оқулығы К.Бүкүбаева Алматы. «Атамұра» -2012.
3.7 сыныпқа арналған «Есептер мен жаттығулар жинағы»А.Абдиев.
4.Электронды оқулық 7сынып
Дидактикалық үлестірме материалдар,
презентация,
Флипчарт, түсті маркерлер, желім, түсті қағаздар, бағалау парағы.
Мұғалім
Оқушы
Кіріспе
Оқушылармен амандасамын.
Оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызып сергіту сәтін өткіземін.
Барлығы бірге:
Қайырлы таң достым, қайырлы күн болсын, Бүгінгі күннің әр кезі, сәттілікке толсын,
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға өткен тақырыпты бекіту мақсатында
«сұрақтар шеңбері» тәсілін қолданамын.
Топқа бөлу. Түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы 3 топқа бөлемін.
Сынып ережесін құруды ұсынамын. Әр топ өзінің ережесін шығарып алды да оны постерге жазып қорғады. Содан соң сол ережелерді қорытып топтың жалпы ережесін шығарып алдық.
Топ ережесі:
Тыныштықты сақтау
Ынтымақтастықта болу
Топ мүшелерінің пікірімен санасу
Орындарынан тұрады.
Шеңберге тұрып,бәрі бірге тақтаға қарап қайталайды, сосын кезекпен бір сөзбен жақсы тілектерін айтады. Оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақ қойып,соған жауап береді. Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап , толықтырады Оқушылар түрлі түсті жұлдызшалар арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз орындарына жайғасады.
Әр топ өзінің ережесін шығарып алды да оны басқа топтарға ұсынды Содан соң сол ережелерді қорытып топтың жалпы ережесін шығарып алдық.
Тұсаукесер
Жанама сөзіне топтастыру жаздырамын.
1)жеке
2)топпен
Ойтолғау:
Сұрақ:- Шеңберге жанаманы қалай жүргізуге болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өз ойларымен бөліседі
Негізгі бөлім
Әрбір топқа тақырыпты бөліп беремін. Алдымен оқимыз, топпен талқылаймыз. «ойлан,жұптас,бөліс,» әдісі арқылы Постер салып, қорғаймыз(20мин)
Қолпаштап,ынталандырып отырамын.
Маркер әдісімен постерді кім қорғайтынын анықтаймын.
Топтың әрбір мүшесіне әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.
Тапсырмалар.
1) R=3 cм R=42 см D=?
2) D=80мм D=8,4см R=?
3) Шеңбердің диаметрі радиустан 18 мм-ге артық. Радиусты тап.
4) АВ және СД бір шеңбердің хордалары. Хордалардың ұзындығы диаметрден кіші. Шеңбердің центрін тап.
Оқушылар өздері оқиды.Жұпта бір-бірімен диалог арқылы ой бөліседі. Топ болып және жұпта бір бірімен диалог арқылы талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып, бір оқушы қорғайды
Қалған оқушылар «екі жұлдыз бір ұсыныс» айту, басбармақ, ламинат арқылы бағалайды.
Деңгейлік тапсырмалар орындайды .
Қортынды
Маған не ұнады? Мен не үйрендім?Мен үшін жаңалық болды? Мен мынаны түсінбедім? сұрақтарға жауап бере отырып рефлексия парағын толтыру арқылы алған білімдерін тексеріп, кері байланыс орнату.(5мин)
Сабақ бойы жұмыстану бойынша оқушыларды формативті бағалаймын. Оқушылар өзін-өзі бағалайды
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағазға мына сұрақтар бойынша жазып береді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 46.68 Kb |
Количество скачиваний: | 119 |