Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» 8 сынып

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
 Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 8   Сабақтың  тақырыбы :         Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» Сабақтың мақсаты : білімділік -   ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту,шығармаларын оқыту,ақынның    айтар ойын ашу,талдау,эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау; дамытушылық – оқушының сөз байлығын,сөздік қорын байыту,әдеби шығарма идеясын таныту,еркін сөйлеуге,өз ойын ауызша да,жазбаша да жүйелі  жеткізуге балу,  тәрбиелік -  оқушының туған жерге деген,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,елжандылыққа тәрбиелеу                                  Сабақтың түрі :                                жаңа білімді игерту Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену,салыстыру Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар т.б Пәнаралық байланыс :                    тарих Сабақтың барысы :                                      а)  Ұйымдастыру кезеңі :    Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.                                     ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :                     Үйге берілген  тапсырманы    сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.     1.      «Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті? 2.      Ботасы өлген аруана Естеміске қалай әсер етті? 3.      Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осынша тебіреніп жазады деп ойлайсыңдар?                                                           б)  Жаңа сабақты түсіндіру.               Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының, Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас онжылдықты бітірген соң, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1955 жылы сол кездегі ең таңдаулы, беделді оқу орындарының биік талаптары мен қатал сындарынан мүдірмей өтіп, ұстаздарының озық дәстүрі мен ұлағатты дәрістерін, зиялы тағылымдарын өз бойына мейлінше мол сіңіріп, талантты маман болып, елге оралады. Драматург, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза қай салада еңбек етсе де, халықтың сөзін айтып, жоғын жоқтайды. Оның мінезіндегі турашылдығы, еңбекқорлығы өзі жасаған кейіпкерлер бойы-нан табылып жатады. Драматургтың «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жетім бұрыш», т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Мылтықсыз майдан», «41-жылғы келіншек», «Интернат наны», т.б. хикаяттар мен әңгімелер жинағы, көп томды «Қызыл жебе» романы жарық көрді. Көркем шығармалардың бір түрі — драмалық туындылар. Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар. Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік оның кейіпкерлердің диалогі (диалог - оқиғаға қатысушы бірнеше адамдардың өзара сөйлесуі) мен монологіне (монолог -- әдетте, бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен-өзі сырласуы, толғанысы) құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы керек. Өйткені драмалық, туындыда автор басқа жанрлардағы шығармадағыдай (мәселен, әңгіме, повесть, т.б.) оқиғаларды өзі баяндап, әңгімелеп, кейіпкерлеріне мінездеме беріп отырмайды. Драматург адам мінезін де, тартысты да, бейнелеп отырған өмір шындығын да тек пьеса кейіпкерлерінің сөзі (диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы ғана көркем танытады. Қысқа түсіндірме түрінде келетін автордың сөзі ремарка деп аталады. Пьесаның тағы бір ерекшелігі — оқиғаны, тартысты сахналық қойылым барысында актерлердің ойыны арқылы көрерменнің көз алдында дәл қазір, осы сөтте өтіп жаткандай етіп танытуы. Жазушы, драматург Ш.Мұртаза өз шығармаларына тарихи оқиғаны өзек етіп алады. Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес, себебі ол шындықты елдің бәрі біледі. Ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен қайта жаңғырту, оқырманының жүрегінен өткізу нағыз талантты жазушының ғана қолынан келеді. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді. Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.   Кітаппен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды.    Топпен жұмыс:  1-топ: Әр кейіпкерге мінездеме беріңдер А) Драмадағы Ғабит Мүсірепов қандай адам? Ә) Голещекин қандай кейіпкер?                                   2-топ: Құрамысов пен Ивановты салыстырыңдар?                                             Құрамысов                   Иванов                Білімді бекіту:  Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын.   Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін. 1.      Жазушы кейіпкерлер бейнесін қалай ашқан? 2.      Сталин туралы тарихтан не білесіңдер? 3.      Т.Рысқұлов кім? Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.   Үйге тапсырма:      « Елім-ай» деген тақырыпқа шығарма жазып  келу.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.22 Kb
Количество скачиваний: 145
Просмотров: 576

Похожие материалы